Топ-100
Back

ⓘ Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы - бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз А ..



                                               

Кеңестік республика

Кеңестік республика - бұл арнайы өкілді органдар - кеңестерге негізделген республикалық басқарудың ерекше түрі. Ресми түрде, Кеңес республикасы келесі ерекшеліктермен сипатталады: Билікті бөлу принципі танылмайды: кеңестер өкілдік заң шығарушы және атқарушы билікті тікелей немесе олардың атқарушы және әкімшілік органдары арқылы жүзеге асырады; Кеңес депутаттары өз сайлаушыларына формальды түрде есеп береді, олардың бұйрықтарымен байланысты және оларды кері шақырып алуға болады. Көбінесе бірыңғай мемлекет басшысы және конституциялық қадағалау органдары болмайды; 1905 жылдан 1936 жылға дейін ...

                                               

Қазақ КСР әнұраны

Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік әнұраны - 1945 жылы бекітілген Қазақстан әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған.

                                               

Мари Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы

Мари автономиялы советтік социалистік республикасы, Мари АССР – РКФСР-дің құрамындағы республика. 1920 жылы 4 қарашада автономиялы облыс ретінде құрылған; 1936 жылы 5 желтоқсанда АССР-ге айналды. Мари АССР-і КСРО-ның Еуропа бөлігінің орталық жағында, Волга өзенінің сол жағалауына орналасқан. Жері 23.2 мың квадрат км. Халқы 691 мың, 14 ауданға бөлінеді. 3 қаласы, 14 қала типтес поселкесі бар. Астанасы Йошкар-Ола қаласы.

                                               

Қазақ революциялық комитеті

Қазақ революциялық комитеті, Қазревком – Кеңес өкіметінің азамат соғысы жылдарында құрылған уақытша органы. Қазақ өлкесін басқару үшін РКФСР ХКК-нің" Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет туралы” қаулысы бойынша 1919 жылы 10 шілдеде құрылған. Оның алғашқы құрамына: С.Пестковский, А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғашин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, А.Авдеев, Ғ.Әлібеков, Б.Қаралдин еңбек етті. Қазревком" Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтап, қазақ халқының ...

                                               

Қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ Қазревкомның құрылуы. 1920 ж 26-тамыздағы. Қаз КР-ны құру туралы РКФР Кеңестік халық комитетінің декреті 1920ж 4 қазандағы Орынбордағы құрылтай съезі. Ц К және Орталық комитет және СНК Қаз АКСР-ң құрылуы. Балалар, Қазақстанда азамат соғысының аяқталуынан кейін күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе не деп ойлайсыздар? Азамат соғысының аяқталуымен қатар, контрреволюциялық күштер мен ақ гвардияшыларды талқандаумен байланысты Кеңес өкіметін қайта қалпына келтіру мәселесі ерекше орын алды. 1919 ж. маусым айында Кеңестердің ұлт істері жөніндегі халық комиссариат ...

                                               

Кеңес үкіметі

Кеңес үкіметі, немесе Кеңестер билігі – бұрынғы Ресей империясында Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің атауы; кейде" Кеңес үкіметі” ұғымы Кеңес Одағындағы жалпы билік жүйесінің атауы ретінде де қолданылады." Кеңес” сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы – Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 – 07 жылғы бірінші орыс революциясы барысында пайда болған.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
                                     

ⓘ Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы - бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы - жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724.9 мың км². Астанасы - Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.

                                     

1. Мемлекеттік құрылысы

Қазақ КСР - жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалистік республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы - бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін - Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы азаматтық және қылмыстық істер бойынша және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.

                                     

2. Халқы

Қазақ КСР-ның жергілікті халқы - қазақтар 1970 жылғы санақ бойынша, 4234 мың болған. Республикада басқа халықтар да тұрған: орыстар 5522 мың, украиндар, татарлар 288 мың, өзбектер 216 мың, белорустар 198 мың, ұйғырлар 121 мың, Іле өзені жоғарғы ағысының бойын мекендеген, корейлер 82 мың, көбінесе Алматы облысы және Қызылорда облыстарында, дүнгендер 17 мың т. б. халықтар. 1913 жылғымен салыстырғанда, Қазақ КСР халқы 1974 жылға дейін 2.5 есе өскен.

Республика халқы табиғи өсім және өнеркәсіптің қызу қарқынмен өркендеуіне, сондай-ақ тың және тыңайған жерлердің игерілуіне байланысты басқа республикалардан көшіп келген халық есебінен өскен. Халқының табиғи өсімі жағынан 1972 жыл әр мың адамға шаққанда 17.2 адамға өсті Қазақ КСР басқа одақтас республикалардың көбінің алдында келді КСРО-да орта есеппен 9.6 адам.

Республика бойынша халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 5.1 адамнан келген. Алайда халықтың орналасуы бірқалыпты емес болған. Қазақ КСР-ның оңтүстігіндегі тау бөктерлерінде, суармалы егіншілік дамыған шұраттардағы кей жерде халықтың тығыздығы 1 км-ге 100 адамнан асқан; сондай-ақ солтүстігінде де біршама жоғары деуге болған: қара топырақты орманды дала және дала өңірінде 1 км²-те 20 адамнан келген. Өнеркәсіп күшті дамыған қалалар мен аудандарда да халық едәуір тығыз орналасқан болатын. Ал Қазақ КСР-ның батыс, орталық; оңтүстік бөліктеріндегі орасан зор көлемді шөл және шөлейт жерлерде, бұған керісінше, халық сирек қоныстанған; бұл өңірлерде халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 1.4-1.8 адамнан аспаған.

1972 ж. республиканың тұрғындарында 4971 мың адам 1940 жылдан 5.4 есе көп, оның ішінде өнеркәсіпте 1095 мың, құрылыста 568 мың, ауыл шаруашылығында 1002 мың, транспорт пен байланыста 588 мың адам жұмыс істеді. Шаруашылықтың барлық саласындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің 48%-і әйелдер болды. Кеңес өкіметі тұсында, социал қоғам құрылысының барысында, қала мен ауыл халқының ара қатынасы өзгерді. Қазақ КСР -да жаңадан 200-ден астам қала және қ. т. поселке пайда болды. Қазан революциясына дейін 50 мыңнан артық халқы бар бірде-бір қала болмаған еді, 1974 ж. мұндай қалалардың саны 27-ге жетті, 100 мыңнан артық халқы бар 16 қала болды, оның ішінде 2 қаланың халқы 500 мыңнан асты Алматы 813 мың. Қарағанды 559 мың. Орталық Қазақ КСР -да Қарағанды, Теміртау 192 мың, Балқаш 80 мың, Жезқазған 74 мың, Маңғыстауда - Шевненко 89 мың, Солтүстік Қазақ КСР-да - Рудный 105 мың, Ермак, Арқалық, Екібастұз, Оңтүстік Қазақ КСР-да - Қаратау, Кентау, Текелі секілді ірі индустрия орталықтары құрылды. Ескі қалалардың халқы да өсті: Алматыда 1926 ж. 45.4 мың халық тұрса, 1974 ж, 813 мың болған, Шымкентте 284 мың, Семейде 265 мың, Өскеменде 252 мың, Павлодарда 228 мың, Таразда 228 мың, Ақтөбеде 170 мың.

                                               

Бекзат Дүйсенов

Бекзат Дүйсенов – озат шопан. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Еңбек жолын Ынталы мал бордақылау бригадасының бригадирі болып бастады. Кейін шопан болып 100 саулықтан 180 қозы алып, әр қойдан 5 кг жүн қырықты. Социалистік жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →