Топ-100
Back

ⓘ Qazaqstan, телеарна. Басқа мағыналар үшін Қазақстан деген бетті қараңыз. Qazaqstan Ұлттық телеарнасы - Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ құрамына ..



                                               

Қазақстан (айрық)

Қазақстан келесі мағыналарды беруі мүмкін: Қазақстан - Қазақстан Республикасы. Қазақстан - Астана қаласы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы концерт залы. Қазақстан - коньяк. Қазақстан - қонақ үйі. Қазақстан - телерадиокорпорация. Қазақстан спорт сарайы - Астана қаласында орналасқан спорт стадионы. Қазақстан - Алматыдағы кинотеатр. Qazaqstan - телеарна. Елді мекендер: Қазақстан - Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл. Қазақстан - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы ауыл. Қазақстан - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы ауыл. Қазақстан - Батыс Қазақстан облысы Тасқала а ...

                                     

ⓘ Qazaqstan (телеарна)

Басқа мағыналар үшін Қазақстан деген бетті қараңыз.

"Qazaqstan" Ұлттық телеарнасы - "Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ құрамына кіреді. 1958 жылы негізі қаланған. Сол жылы 8 наурызда Алматы студиясынан алғашқы хабар берілді, желтоқсан айынан күнделікті 5 сағаттық хабар беріле бастады. 1959 жылдың сәуіріне дейін қазақ телевизиясында 333 бағдарлама, 497 кинофильм мен киножурналдар дайындалды. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары қазақ телевизиясы түрлі-түсті бейнеге көшті. Трансляцияның ұзақтығы - 7 сағат, қызметкерлер саны - 412-ге жетті. 11 бас редакция, 4 шығармашылық бірлестік жұмыс істеді. Ал 1994 жылы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен "Қазақстан" теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы болып құрылды. 2002 жылдан бастап "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы деп аталды. Телеарнаның 14 аймақтық филиалы бар. Оның хабарларын 2003 жылы Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейдің Қазақстанмен шекаралас 12 облысы мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономдық аудандарының тұрғындары көре бастады.

                                     

1. Тарихы

"Qazaqstan" Ұлттық телеарнасы "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ құрамына кіреді. 1958 жылы ірге көтерген телеарна алғашында 5 сағаттық хабар тарата бастады. Содан бері телеарнаның техникалық әлеуеті жыл сайын ұлғайып, 1987 жылы телетаратылым бойынша одақтас республикалар арасында төртінші, көркем және деректі фильмдер өндірісі бойынша екінші орынды иеленді.

Бүгінгі таңда телеарнаның техникалық әлеуеті республика аумағының 100 пайызына жуық, көршілес Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Моңғолия және Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданы өңірлеріне хабар таратуға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, заманауи телетаратылымның барлық талаптарына сай.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін салтанатты жиындар, телекөпірлер, спорт түрлерінің ең маңызды матчтары Ұлттық телеарнаның техникалық қолдауы арқылы өткізіледі.

Бүгінгі таңда Ұлттық арна эфирінде әртүрлі жастағы көрермендерге арналған жаңалықтар мен ерекше ток-шоу жанрлары, ойын-сауық және танымдық бағдарламалар, қоғамдық-саяси, экономикалық хабарлар, сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамытуға негізделген жобалар көп.

Телеарна алғаш 1990 жылы таңбаланды. Арнаға сол кезде киіз үй пішіндес, ортасында 1 саны бар логотип басылды. Сөйтіп, арна "Қазақстан-1" деп аталды. Ал, 2002 жылдан салт атты адамның бейнесі бедерленіп, төменгі жағында "Қазақстан" атауы петроглиф жазуымен берілді.

2002-2006 жылдары арна атауы Күлтегін ескерткішіндегі құнды мұраға ұқсап таңбаланды. Ал, бұған дейін 14 өңірдегі филиалдар әртүрлі аталып келсе, кейін бір қалыпқа түсті. Мысалы, "Қазақстан-Жамбыл", "Қазақстан-Қостанай", "Қазақстан-Ақтау" деп аталды.

2006 жылы қошқар мүйіз оюлы көк-сары түсті дөңгелек логотип жасалды. Ал, 2011 жылы "Қазақстан" таза қазақтілді жалғыз арнаға айналды. Логотип ұлттық оюын анық, бояуын қанық етіп жаңарды.

Ал, 2014 жылы телевизия өңі түбегейлі өзгерді. Ребрендинг жасалды. Медиақұрылым логопиті Тәуелсіздікпен үндес, көк Тумен үйлес болып, өзгерді.

2017 жылы медиақұрылымның атауы латын қарпіне көшірілді. Корпорацияның өңірлердегі отаулары да өзгеріссіз қалмады. Филиалдар төл, тарихи жер атауларымен аталды. Сонымен қатар, кей облыстардағы телеарналар қазақша атауларға алмастырылды. Мысалы, Петропавл – "Қызылжар", Павлодар – "Ертіс" және Орал – "Ақжайық", Өскемен – "Алтай" болып өзгертілді.

Телеарна 2012 жылдың 24 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазмедиа орталығынан" хабар тарата бастады.

                                     

2. "Қазақстан" ҰТА ұжымы

  • Жазира Оразқызы
  • Нартай Аралбайұлы
  • Сәнгерім Жахина
  • Илхам Ибрагим
  • Гүлнар Рахимова
  • Қайрат Мұсақұлов
  • Альбина Әшім
  • Шырын Жанғабылова
  • Танакөз Ілиясова
  • Бағжан Бимұратова
  • Арыстан Рысбек
  • Мақпал Үкенова
  • Шынар Ықсанғалиева
  • Рахима Баутаева
  • Гүлназ Әлімгерей
  • Қымбат Досжан
  • Айгүл Мыңжасар
  • Жандос Қалтаев
  • Айдос Жұқанұлы
  • Агентина Жәнібек
  • Дана Ахметова
  • Жайна Сламбек
  • Айбек Қобдабай
  • Ақмарал Тілеумағамбетова
  • Болатбек Баянхан
  • Нұрбек Бекбау
  • Разия Ыдырысбаева
  • Сәуле Жиреншина
  • Тимур Қасабеков
  • Ержанар Әшейхан
  • Еркін Мұхамеджанов
  • Армангүл Тоқтамұрат
  • Ләйлә Дулатқызы
  • Дархан Әбдік
  • Базаркүл Отыншиева
  • Абауова Бейнегүл
  • Әйгерім Сейфолла
  • Жалғас Алтаев
  • Бақытжан Шымырбаев
  • Ләззат Танысбай
  • Айкерім Есенәлі
  • Салтанат Әуесбаева
  • Қайнар Олжай
  • Саламат Омаш
  • Нұртілеу Иманғалиұлы
  • Гүлнұр Оразымбетова
  • Ақбаян Сапарбаева
  • Ләйлә Сұлтанқызы
  • Оңғар Алпысбайұлы
  • Үсенов Мақсат
                                     

3. Бағдарламалар:

Ақпараттық-сараптамалық

  • Журналистік зерттеу
  • Másele
  • Әлем айнасы
  • "Aqparat" бағдарламасы

Әлеуметтік

  • Ғажайып өлке
  • Ауылдастар
  • Қымбат жандар
  • Теледәрігер
  • NIET
  • Menіń Qazaqstanym
  • Сен де бір кірпіш дүниеге…
  • Жан жылуы
  • Иман өзегі
  • Ақсауыт
  • 100 жаңа есім

Деректі фильм

  • Тәуелсіздік тарландары
  • Қазыналы Қазақстан
  • Азамат
  • Келбет
  • Дала өркениеті
  • Тұлға
  • Беймәлім Алаш
  • Қайсар жан
  • Өркениет шырақшысы

Мәдени, ойын-сауықтық

  • Әзіл әлемі
  • Жайдарман
  • Күміс көмей
  • Көңілді тапқырлар алаңы
                                     

4. Үздік бағдарламалар

Қазақтың 100 әні

"Қазақтың жүз әні" жобасы – еліміздің ән мұрасын бір жүйеге келтіру мақсатында қолға алынып отырған соңғы онжылдықтағы алғашқы ауқымды талпыныс. Ол бірнеше кезеңнен тұрады.

                                     

4.1. Үздік бағдарламалар Екі жұлдыз

"Екі жұлдыз" - "Қазақстан" ұлттық телеарнасында көрсетілетін шоу бағдарлама. Жобаның мақсаты алуан түрлі салада белгілі болған тұлғаларға ән айтқызу. Жоба жарыс түрінде жүреді, әр жұптың бір мүшесі кәсіби әнші болуы міндетті.

                                     

4.2. Үздік бағдарламалар Қазақтың 100 әні

"Қазақтың жүз әні" жобасы – еліміздің ән мұрасын бір жүйеге келтіру мақсатында қолға алынып отырған соңғы онжылдықтағы алғашқы ауқымды талпыныс. Ол бірнеше кезеңнен тұрады.

                                     

4.3. Үздік бағдарламалар "Айтуға оңай."

"Айтуға оңай." ток-шоуы - көпшіліктің көңілінен шыққан Ұлттық арнаның әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының бірі. Тележоба 2012-2017 жылдар аралығында эфирге шықты. Бағдарламаны танымал журналист Бейсен Құранбек жүргізді.

                                     

4.4. Үздік бағдарламалар "Егіз лебіз"

Егіз лебіз - танымал әншілер мен өзге саланың майталмандары ән айтып қана қоймай, ең мықты жұп ретінде жеңіске жетуге талпынатын жоба. Жоба жеңімпаздары қазылар арқасы мен көрермен дауысы арқылы анықталады.

                                     

5.1. Аймақтық телеарналар "Altai" телеарнасы

Студияның қалыптасу кезеңіндегі кешегі өткен өмір дәуренін бүгінде тек тарихтың алтын парақтарынан табуға болады. Кенді Алтайдың киелі ордасы - Өскемен қаласында телевизиялық студия ресми түрде 1958 жылы наурыздың 16-ншы жұлдызында ашылды. Бұл шынымен тарихқа алтын әріппен жазылар оқиға. Себебі, шығыс телеарнасы қазақ жерінде ашылған тұңғыш телевизиялық студия болған еді.

                                     

5.2. Аймақтық телеарналар "Ertis" телеарнасы

Қазақ ССР Министрлер Кеңесі 1961 жылғы 28 ақпанда Павлодарда телеорталық құрылысын салу туралы шешім қабылдады. Осы жылдың көктем айында ғимараттың құрылысы басталып, мұнараны монтаждау басталды. 1965 жылы 7 қарашада Павлодар телестудиясы тұңғыш рет бірінші бағдарламасын эфирге шығарды.

                                     

5.3. Аймақтық телеарналар "Jambyl" телеарнасы

Жиырма жылдың белесі немесе "Қазақстан-Тараз" телеарнасының тарихынан. 20 ғасырдан астам тағылымды тарихы бар Әулиеата өңірінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастады. Бұл оқиға – облыс тарихындағы жарқын беттердің бірі болды десек артық айтқандық емес. Біріншіден, Жамбыл теледидары республика көлемінде 21 жыл үзілістен кейін электронды ақпарат кеңістігіне қосылған алғашқы ұжым болды. Сөйтіп 1989 жылдың 1 қарашасында шаңырақ көтерген телеарна араға алты күн салып барып, орталық алаңдағы еңбекшілер шеруінен тікелей хабар жүргізді.

                                     

5.4. Аймақтық телеарналар "Qyzylorda" телеарнасы

Қызылорда облыстық телеарнасы 1991 жылдың 30 сәуірінде ашылды. Дәл осы күні алғаш рет 30 минуттық хабармен эфирге шықты. Ертесіне, 1 мамыр күні қаланың орталық алаңындағы мерекелік демонстрациядан 45 минуттық тікелей репортаж жасады.

                                     

5.5. Аймақтық телеарналар "Aqtóbe" телеарнасы

"Қазақстан" РТРК" АҚ Ақтөбе филиалы 1960 жылы 28-қазаннан бастап өз хабарларын тарата бастады. 1998 жылы метрлік диапазонға шыққан. Филиал қала мен қалаға жақын елді мекендерге 10-шы арна бойынша тәулігіне 14 сағат, 8-ші арна бойынша облысқа 1 сағат хабар таратады. ҚР "Тіл туралы", "БАҚ", "Жарнама" туралы заң баптарының сақталынуына барынша назар аударылады. Хабарлардың 60 пайызы қазақ тілінде, 40 пайызы орыс тілінде шығады. Таратқыш қуаты-2000 ВТ. Облыстық телерадиосигналдарын тарату орталығының 152 метрлік телемұнарасына орнатылған.

                                     

5.6. Аймақтық телеарналар "Aqjaıyq" телеарнасы

Батыс Қазақстан облыстық телестудиясы өзінің тұңғыш хабарын 1964 жылы 26 қыркүйекте эфирге шығарды. 1964 жылы 15 тамызда Орал телеарнасының тұсауы кесілмес бұрын облыстық телевизия және радио хабары комитеті құрылып, оның алғашқы төрағасы болып сол кезде Мәскеу жоғары партия мектебін бітірген жергілікті маман Наурыз Сыдықұлы Сыдықов бекітілді. Облыстық телерадио ұжымын ширек ғасырға жуық басқарған ол басқарушылық қабілетімен телестудияның аяғынан қаз тұруына өзіндік үлес қосты. Биыл филиал басшысының бастамасы бойынша Орал қалалық мәслихатының шешімімен телестудия орналасқан көшеге Н.Сыдықовтың есімі берілді.

                                     

5.7. Аймақтық телеарналар "Mańǵystaý" телеарнасы

2010 жылдың 15-тамызда көрермен көзайымына айналған "Қазақстан-Ақтау" телеарнасы 40 жыл толды. Телеарна қала орталығындағы 24 шағын-ауданда орналасқан. Ғимараттың 1-қабатындағы студия маңында тақырыптық бағдарламалар редакциясы, инженерлік бөлім сондай-ақ, хабарландыруларға тапсырыс қабылдау нүктесі және шаруашылық бөлім орналасқан. Ғимараттың екінші қабатында арна админлігі, эфир қызметі бөлімі, жарнамалық және ақпараттық бөлім, ақпараттық редакция, бейнемұрағат, монтаж жасау кабинеттері орналасқан. Арна қызметкерлері ғаламтор желісі жалғанған компьютерлермен қамтамасыз етілген.

                                     

5.8. Аймақтық телеарналар "Atyraý" телеарнасы

"Қазақстан" РТРК АҚ Атырау филиалының ғимараты Ж.Молдағалиев көшесі 29, Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Бұл үшқабатты, қайта жөндеуден өткен ғимарат.

Бірінші қабатта админлік пен ақпараттық және тақырыптық бағдарламалардың редакциялары орналасқан. Редакцияларда ортақ желiге қосылған жетi кеңсе компьютерлерi бар.Сервер жүйелік админ бөлмесінде орналасқан. Әкiмшiлiк корпустың барлық кеңсе компьютерлерi кең жолақты интернет желiсіне қосылған. Мұрағат материалдары видеокасеталарда фонотекада сақталған.

Теледидар хабарларының таратылуы: Атырау қаласында 5 арнамен 17 сағат және Атырау облысы бойынша тәулігіне 1 сағат. Бағдарламалар қамту радиусы ТВ 50 ±7 км.Таралым ТПВ 1000 РТС Атырау қалалық хабарлағыш көмегімен таратылады. Хабар тарату антеннасы 180 метрлік мұнараның 153-і метрінде орналасқан. Облыстық дидардан Атырау қала РТС-на дыбыс + видео сигналдың берiлуi ВОЛС бойынша iске асады,Атырау облысы бойынша хабар тарату кезінде сигнал ВОЛС арқылы Алматы қ. СҚТС Кателко АҚ жеткізіледі. Радиохабардың таратылуы: 102 Fm жиілігінде "ELEKTRONIKA" радиоқабылдағышы арқылы таратылады шығыс қуаты 250 Вт, антенна көрші КМК "Атырау-ақпарат" ғимаратының төбесінде орналасқан, биіктігі 30 м. Нақты қабылдау радиусы 10-12 км.



                                     

5.9. Аймақтық телеарналар "Qyzyljar" телеарнасы

Бүгінгі "Қазақстан" РТРК АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының тарихы әріден бастау алады. 1958 жылы облыстық ұлттық депутаттар кеңесінің шешімімен Петропавлда телемұнараның құрылысы қолға алынды. Әрі техникалық және шығармашылық қызметкерлер үшін ғимарат бой көтере бастады.

                                     

5.10. Аймақтық телеарналар "Kókshe" телеарнасы

"РТРК "Казақстан" АҚ АОФ 1999 жылдың 21 қыркүйегінде Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан Көкшетауға ауысқаннан кейін құрылды. Алғашқы эфир 1999 жылдың 4 қазанында шықты. Құрылған күннен бастап 2004 жылдың күзіне дейін филиал ғимарат жалдап келген. Ал, қазіргі кезде "Қазақстан "РТРК" АҚ АОФ-ның қала орталығында орналасқан екі қабатты жеке ғимараты бар.

Облыстық филиал бүгінгі күн талабына сай жұмыс жасауға ұмтылуда. Қолда бар мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалана отырып, ұжым шығармашылық ізденіс үстінде қызмет істеуде. Сондай ізденістер, ерінбей еңбек етудің арқасында арнамыздың көрермендерінің саны арта түсті. Ал спутниктік сандық жүйеге көшу таралым аймағымыздың кеңеюіне байланысты жауапкершілігіміз жүгін арта түсті.

Бүгінде ұжымда 78 қызметкер бар, олардың орташа жасы 24-25, бұл негізгі мақсаттарды: аймақтық деңгейдегі мемлекеттік саясаты насихаттау, шығармашылықты жаңа сатыға көтеріп аудиторияны кеңейтуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Филиалды техникалық қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі.



                                     

5.11. Аймақтық телеарналар "Saryarqa" телеарнасы

1958 жылдың 31 тамыз күні Қарағанды телестудиясы Шахтерлер күніне арналған кинобағдарлама арқылы алғаш рет эфирге шықты.

1961 ж. 1 Мамыр күніне арналған еңбекшілердің шеруінен ЖТС жүйесі арқылы алғаш бағдарлама жасалды.

1962 ж. "События и люди", "Жаңалықтар" атты күнделікті ақпараттық бағдарламалар өмірге енді.

1963 ж. Қарағанды телевизиясының бағдарламасы Республикалық арна бойынша алғаш рет көрсетілді.

                                     

5.12. Аймақтық телеарналар "Semeı" телеарнасы

1965 жылдың 1 қыркүйегінде Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты. Бұл республикадағы Алматы, Қарағанды, Өскемен телевизиялық студияларынан кейінгі төртінші еді.

Ол қаланың шетіндегі өзен жағалауындағы дөңде, жоғарғы Ертіс өзені кеме басқармасы электр станциясының ескі ғимаратында жабдықталды. Қасынан жаңадан телерадио тарату орталығы салынып, биіктігі 186 метрлік телемұнара бой көтерді.

                                     

5.13. Аймақтық телеарналар "Ońtústik" телеарнасы

"Ońtústik" телеарнасы түрлі-түсті теледидар ретінде 1990 жылы кезіндегі телерадиокомитеттің құрамында құрылды. Алғашқы хабарын 1990 жылғы қараша айының 5-ші жұлдызында 4 камералық ЖТС жылжымалы телестанция арқылы тікелей эфирге таратты.

Телекешенге арнайы ғимарат қарастырылмаған. Қазіргі филиал орналасқан шаңырақ 1964 жылы қалалық партия комитеті мен кеңес органдары үшін кеңес үлгісінде салынған көне ғимарат. Қайтадан телекешенге бейімдеп құрылыс жұмыстарының жүргізілуі нәтижесінде бүгінгі таңда екі студия қарастырылған. Жаңалықтар студиясы, көлемі 55 ш.м. және хабарларға бейімделген үлкен студия, көлемі 120 ш.м. Телекешен заманауи техникалармен жабдықталған. Соңғы үлкен жетістік телеарнаның еншісіне спутниктік қондырғысы бар 4 камералы шағын жылжымалы теледидарлық станция берілді.

                                     

5.14. Аймақтық телеарналар "Qostanaı" телеарнасы

Қостанай облыстық филиалы телевизия хабарларын тұңғыш рет 1991 жылы 1 ақпанда Қостанай қаласында бастады. Ал бұрын 1989 жылы Қаз КСР телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің Қостанай облыстық теледидарын ашу туралы арнайы шешімі қабылданған. Осыдан кейін қызу дайындық жүргізілді. Телестудияға "Кадр-103" бейнемагнитофондары, "Магнолия-83" ЖТС, АТК, "PANASONIC M-8000" телекамерасы сатып алынып, іске қосылды. Алғашқы сынақ хабарлары "Қазақстан" арнасынан аптасына 2 рет, сейсенбі және жұма күндері 30 минут қазақ және орыс тілдерінде шықты. Ол жаңалықтар мен шағын сұхбаттар еді. Ал тұрақты хабар тарату 1991 жылдан басталып, облыста телевизия дүниеге келді. Қостанай теледидарының тұңғыш іргетасын қалағандардың қатарында сол кездегі телерадиокомпания төрағасы Н.Ислямиев, Б.Нұрмұхамедов, бас инженер В.Асташов, бас редактор Ә.Мадиннің есімін атаған жөн.

                                     

6. Логотиптері

Телеарна өз логотипін тарихында бірнеше мәрте өзгертті.

  • 2014 жылдың 30 маусымынан бастап арнаға толықтай ребрендинг жасалды, логотипі мен жалпы безендірілуі өзгерді.
  • 2006 жылдың 4 қыркүйегінен 2012 жылдың 23 желтоқсанына дейін ұлттық нақыштағы қошқар мүйіз оюы бар көк-сары түсті шеңберлі логотип болды. Астыңғы жағында "Қазақстан" жазуы болды.
  • 24 желтоқсан 2012 жылдан 2014 жылдың 29 маусымына дейінгі логотип алдыңғы логотипке ұқсас болды, мұнда тек шеңбер көгілдір-сары түсті реңде және ол шеңбердің сыртында сақинасы болды.
  • 2006 жылдың 3 қыркүйегіне дейін арнаның логотипінде ат үстінде отырған адам бейнеленді, астыңғы жағында Күлтегін жазуларына ұқсас жазумен "Қазақстан" деген атау жазылып тұрды.
  • 1990 жылы киіз үйге ұқсас пішіндегі контурдың ішіндегі "1" саны бар логотип болды. Арнаның атауы ол кезде "Қазақстан-1" деп аталған еді, себебі "Қазақстан-2 деген арна да бар болатын. "Қазақстан-2" арнасының негізінде "Алатау" телеарнасы құрылды 1995 жылы "Алатау" арнасының негізінде эфирге "Хабар" телеарнасы шыға бастады. "Қазақстан-1" және "Қазақстан-2" телеарналарының логотиптері оң жақ жоғарғы бұрышта орналасты.


                                     

7. Сiлтемелер

  • Қазақстан-Қарағанды
  • Қазақстан-Қызылорда
  • Қазақстан-Шымкент
  • Қазақстан-Орал
  • Қазақстан-Ақтау
  • "Classic" радиосының ресми веб-сайты
  • Қазақстан-Атырау
  • Қазақстан-Петропавл
  • "Қазақстан" Ұлттық телеарнасының онлайн көрсетілімі
  • Қазақстан-Көкшетау
  • "Шалқар" радиосының ресми веб-сайты
  • Қазақстан-Қостанай
  • "KAZsport" телеарнасының ресми веб-сайты
  • "Балапан" телеарнасының ресми веб-сайты
  • "Балапан" телеарнасының онлайн көрсетілімі
  • "Қазақстан" Ұлттық телеарнасының ресми сайты
  • "KAZsport" телеарнасының онлайн көрсетілімі
  • Қазақстан-Тараз
  • Қазақстан-Павлодар
  • Қазақстан-Өскемен
  • Қазақстан-Семей
  • "Қазақстан" РТРК" АҚ ресми веб-порталы
  • Қазақстан-Ақтөбе
  • Қазақстан-Алматы
  • "Астана" радиосының ресми веб-сайты
  • Қазақ радиосының ресми веб-сайты
Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →