Топ-100
Back

ⓘ Қазақстан Ұлттық банкі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы деңг ..



                                               

Асылхан Зейноллаұлы Оспанов

Асылхан Зейноллаұлы Оспанов 1950 жылы 1 қаңтарда РКФСР Омбы облысы Шарбақкөл ауданының Шахат ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Омаров Зейнолла Шәріпұлы 1907-1988. Анасы - Омарова Орындық Оспанқызы 1916-1996. Целиноград қаржы-экономика техникумын 1970 қаржыгер мамандығы бойынша; Алматы халық шаруашылық институтының "Қаржы және несие" факультетін 1981 экономист мамандығы бойынша бітірген. "Тәуелсіздік теңгесі" кітабының авторы 2003. Қазақ, орыс және неміс сөздікпен тілдерін біледі. 1967 жылдың шілдесінен - Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданының "Жамбыл" кеңшарында жұмысшы. 1968 жылдың қыркүйегін ...

                                               

25 мамыр

Өзін-өзі басқармайтын аумақтар халықтарымен ынтымақтастық ап­та­лығы мамырдың 25-31-і аралығы. Қазақстан - Халықаралық мектептің соңғы қоңырау күні.

                                               

Халықаралық кооперативті банкі

Халықаралық кооперативті банкі - халықаралық кооператив одағының мүшесі. Кооператив қоғамы мен көтерме сауда одағы және Орт.кооператив банкінің бастамасыен 1957 ж. Базельде құрылған. Банкінің акционерлері 20 елдің 57 кооператив ұйымы. 1965 ж. АҚ болып қайта құрылды. Банк қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері - тиісті кооператив ұйымдарына төменгі пайыз мөлшерлемесімен қарыз беру, кооператив ұйымдары үшін несие жөнінде артықшылықтарды қамтамасыз ету, дивидендтерді бөлудің тиісті жүйесін айқындау, кооператив банкілері үшін статистикалық деректердің біріңғай жүйесін әзірлеу, тиісті халы ...

                                               

Еуропа инвестиция банкі

Еуропалық инвестициялық банкі – Еуропалық одақтың несие институты. 1993 жылы қарашаға дейін Еуропа экономикалық қоғамдастығының институты болған. Еуропа экономикалық қауымдастығын құру туралы 1957 жылы Рим шартына сәйкес 1958 жылы құрылған. Люксембургде орналасқан. Еуропа инвестициялық бакінің Афиныда, Брюссельде, Лондонда, Римде бөлімшелері бар. Банкінің капиталы Еуропалық қауымдастыққа мүше 15 елге тиесілі. Міндеттерң: артта қалған елдердің және ЕҚ аймақтарының дамуына жәрдемдесу; жекелеген ел толық қаржыландыра алмайтын кәсіпорындарды жаңғырту, қайта құруға және салуға ұзақ мерзімді нес ...

                                               

Банк құқығы

Банк құқығы - банк қызметі аясындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық нормалардың көріну нысаны немесе Б.қ-ның дереккөзі - құқықтық актілер, олардың ішінде жоғары заңи күшке ие актілер ретіндегі заңдар болып көрсетіледі, олар: ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, "Қазақстан Республикасындағы банкілер жəне банк қызметі туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы", ҚР заңдары. Құқықтық актілердің басқа бір тобына заңнан туындайтын актілер: ҚР Призидентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Ұлттық банкінің, министрліктер мен идалардың құқықты ...

                                               

Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры

Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры 2008 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының XIV сессиясында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың нұсқауымен құрылған болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры құрылған күннен қазіргі күнге дейін 200 жоба жүзеге асырылды. Осы жобалар мынадай бағытттарды қамтыды: 20 – тілдік; 30 – экстракорпоральдық ұрықтандыру; 20 – ғылыми-зерттеу; 10 – халықаралық; 60 – баспа ісі; 30 – қоғамдық маңызы бар істер;

Қазақстан Ұлттық банкі
                                     

ⓘ Қазақстан Ұлттық банкі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі деңгейін білдіреді.

                                     

1. Тарихы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1925 ж. 29 маусымда КСРО Мембанкінің Қазақ өлекелік кеңсесі ретінде ашылды. ҚР Президентінің 2001 ж. 18 сәуірде Жарлығымен ҚР Ұлттық Банкінің орталық аппаратының құрылымына мынадай өзгертулер енгізілді:

  • қауіпсіздік қызметі басқармасы қауіпсіздік басқармасы болып қайта аталды ҚР Президентінің 2001 ж.
  • банктік және сақтық қадағалау департаменттері біртүтас банктік және сақтық қадағалау департаменті болып қайта құрылды;
  • әкімшілік департаменті шаруашылық басқармасы болып қайта құрылды;
  • банктерді тарату процесін бақылау басқармасы банктер мен сақтандыру қайта сақтандыру үйымдарын тарату процесін бақылау басқармасы болып құрылды;
  • құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы құрылды;

11 шілдедегі Жарлығымен ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия таратылды, оның функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ұлттық Банкіне берілді. ҚР Президентінің 2001 ж. 21 тамыздағы Жарлығымен ҚР Ұлттық Банкінің негізгі міндеттеріне бағалы қағаздар нарығының тұрақты қызмет етуіне жәрдемдесу, қамтамасыз ету, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу міндеті жатқызылды. ҚР Президентінің 2002 ж. 17 мамырдағы Жарлығымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайта үйымдастырылды, оның жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ұлттық Банкіне берілді.

ҚР Ұлттық Банкі орталық аппаратының құрылымына мынадай өзгертулер енгізілді:

  • төлем балансы және валюталық реттеу департаменті, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу департаменті, Ұлттық Банк басшылығының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі басқарма құрылды;
  • халықаралық қатынастар және көпшілікпен байланыс басқармасы халықаралық қатынастар басқармасы болып қайта құрылды; валюталық реттеу және бақылау басқармасы құрылымнан шығарылды.

ҚР Президентінің 2002 ж. 15 тамыздағы Жарлығымен ҚР Ұлттық Банкінің негізгі міндеттеріне қосымша жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау жатқызылды.

ҚР Ұлттық Банкі орталық аппаратының құрылымына мынадай өзгертулер енгізілді:

  • банктік және сақтық қадағалау департаменті қаржылық қадағалау департаменті болып қайта құрылды;
  • жинақтаушы зейнетақы қорларынвщ қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау департаменті мен бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті құрылымнан шығарылды.

ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы Жарлығымен ҚР Ұлттық Банкі туралы ереже мен құрылымы бекітілді. Ұлттық Банк ҚР орталық банкі болып табылады, ҚР банк жүйесінің жоғары бірінші деңгейін білдіреді, ҚР Президентіне есепті. Ұлттық Банкі мемлекеттік мекеменің үйымдық-құқықтық нысанындағы занды түлға болып табылады, өзінің дербес балансы болады, өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және үйымдарымен бірлесіп тікелей бағыну схемасындағы біртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды. Ұлттық Банк ҚР-да және одан тыс жерлерде өздері болатын елдің зандарын ескере отырып өз филиалдары мен өкілдіктерін аша алады. ҚР Ұлттық Банкісінің негізгі мақсаты ҚР-да бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. ҚР Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі:

  • валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
  • мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

ҚР Ұлттық Банкі төменнен жоғарыға қарай бағыныстағы біртүтас орталықтандырылған құрылым құрайды. Ұлттық Банктің органдары басқарма және директорлар кеңесі директорат болып табылады. Ұлттық Банк құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелер, филиалдар, өкілдіктер мен үйымдардан түратын орталық аппарат кіреді. Ұлттық Банктің жоғары органы басқарма болып табылады. Ұлттық Банктің оперативті басқарма органы ҚР Ұлттық Банктің директорлар кеңесі Ұлттық Банктің оперативті басқару органы болып табылады.

                                     

2. Негізгі фунциясы

Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.

Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

  • валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
  • мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:

  • қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады;
  • Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;
  • Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi;
  • Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады.
  • банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;
  • төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
  • Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;

Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:

  • "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
  • "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
  • 4 есеп беретін ұйым
  • 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін қамтамасыз ету орталығы
  • Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі
  • "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
  • 11 департаменттен 1 департамент Астана қаласында, 10 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат
  • "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Ұлттық Банк:

  • "Q-BRO" Қазақстан Ұлттық Банкі Резервтік Орталығы" акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады.
  • "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры"
  • "Қазақстан Актуарлық орталығы"
  • "Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры"
  • "Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры"

Ұлттық Банк "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады

                                     

3. ҚР Ұлттық Банкі орталық аппаратының қүрылымы:

  • үйлестіру басқармасы Астана қаласы;
  • зерттеу және статистика департаменті;
  • халықаралық қатынастар басқармасы;
  • шаруашылық басқармасы;
  • жұмыс департаменті;
  • қауіпсіздік басқармасы;
  • заң департаменті;
  • департаменті;
  • бірінші бөлім.
  • автоматтандырылған банк ақпарат жүйелерін енгізу басқармасы;
  • ішкі аудит департаменті;
  • бухгалтерлік есеп департаменті;
  • төлем балансы және валюта реттеу
  • құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы;
  • операңиялау басқармасы;
  • қолма-қол ақшамен жұмыс басқармасы;
  • бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасы;
  • төлем жүйелері басқармасы;
  • монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы;
  • ақпараттық технологиялар департаменті;
  • монетарлық операңиялар департаменті;
  • қызметкерлермен
  • Ұлттық Банк басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы;

ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы Жарлығымен ҚР Ұлттық Банкі қайта үйымдастырылды, одан ҚР Қаржы нарығын және қаржы үйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі бөлініп шығарылды. ҚР Президентінің 2004 ж. 10 желтоқсандағы Жарлығымен ҚР Ұлттық Банкінің орталық аппаратының қүрылымына мынадай өзгертулер енгізілді: қолма-қол ақшамен жұмыс және төлем жүйелері басқармалары департаменттер болып қайта құрылды; монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы құрылды.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →