Топ-100
Back

ⓘ Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының ..



                                               

Есеп саясаты

Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне "есеп саясаты" термині кезіндегі Қазақстан Республикасы "Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның" 13 қазан 1996 жылғы №2 "Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама" деп аталған қаулысымен енгізілген. Бұдан соң "есеп саясаты" ұғымы Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының №1 "Есеп саясаты және оны ашу" стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық ұйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді. КейінненҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 17 қаңта ...

                                               

Чикаго

Чикаго - Америка Құрамы Штаттарындағы қала, Иллинойс штатында орналасқан. Нью-Йорк және Лос Анжелестен кейін Американың үшінші ірі қаласы. Елдің ірі қаржы орталығы және АҚШ-тың солтүстік тарапының ірі көлік торабы. Чикаго Мичиган көлінің оңтүстік - батыс жағасында орналасқан. Қала территориясы - 606.1 шаршы шақырым. Халық саны 2 миллион 700 мың 2010. 1780 жылы бұрын жергілікті үнді америкалықтар мекендеген жері еді. Отарлау саясаты жүргізінде қазіргі қала пайда болды. Атауы жергілікті тайпаларының тілінен алынған еді. Мағынасы "жабайы сарымсақ".

                                               

Бағаны ырықтандыру

Бағаны ырықтандыру - мемлекет реттейтін баға жүйесінен нарықтық еркін баға жүйесіне көшу. Мемлекет тарапынан өндірістік, техникалық өнімдерге, тұтыну тауарларына, көрсетілетін қызметке баға тағайындалмай, инфляциялық құбылысты қаржы мен несие саясаты арқылы реттеу мақсатында қолданылады. Осының әсерінен тұтыну базарларында бағаның сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасуына жағдай жасалады. Қазақстанда 1992 жылдан бастап Бағаны ырықтандыру жүзеге асырылды. Бұл шара, әсіресе, тауар өндірушілерге өндіріс тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған баға қоюға мүмкіндік берді. Бағаны ырықтандырудың ба ...

                                               

Элвин Хансен

Элвин Хансен АҚШ-тағы Оңтүстік Дакота штатындағы Виборг қалашығында фермерлар отбасында дүниеге келген. 1914 жылы Хансен Висконсин штатының университетіне түседі. АҚШ, Ұлыбритания және Германиядағы экономикалық циклдардың салыстырмалы анализі туралы докторлық диссертациясын қорғады.1927 жылы Хансеннің "Экономикалық цикл теориясы, оның дамуы және қазіргі жағдайы" атты тұңғыш көлемді монографиясы шықты. Элвин Хансен осы еңбекте циклды күрделі экономикалық құбылыс ретінде қарастырды. Хансен қазіргі кездегі экономикалық шайқалыстардың негізінде технология проблемалары, қоғамның құқықтық құрылы ...

                                               

Халықаралық аймақтық даму банкілері

Халықаралық аймақтық даму банкілер - халықаралық аймақтық инвестициялық несие қаржы институттары. Оларға Америкааралық даму банкі - Inter-Amerіcan Development Bank 1959, орналасқан жері - Вашингтон Америка; Азия даму банкі - Asіan Development Bank 1965, орналасқан жері - Манила Филиффин жатады. Африка даму банкі - Afrіcan Development Bank 1963, орналасқан жері - Абиджан Кот-д’Ивуар; Дүниежүзілік банк көп жағдайда ескере бермейтін аймақтық мәселелерді шешу қажеттігі; Дамушы елдердің аймақтық ынтымақтастығы мен экономикалық бірігуі себеп болды. Оған отарлық жүйенің күйреуі және дамушы елдерд ...

                                               

Макроэкономика

Макроэкономика - жан-жақты көрсеткіштерді бағалауға негізделген экономикалық талдау әдісі. Макроэкономикалық талдау нышандары саяси экономияның классикалық мектебінің өкілдерінде ғана кездесетін. Француз экономисі Ф.Кенэнің 1694 - 1774 экономикалық кестесі алғашқы макроэкономикалық үлгілердің бірі болып табылады. экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді ...

Қаржы саясаты
                                     

ⓘ Қаржы саясаты

Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында мемлекеттік кіріс пен шығыс құрылымында көрініс табады.

Қаржы саясаты ел экономикасын дамытудың басым бағыттарына қарай, сондай-ақ өнеркәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы, құрылымды құрайтын басқа да салалардағы, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып қалыптастырылады. Қаржы саясаты ақша-несие саясатымен тығыз байланысты. Қаржы саясатының мазмұны, нысаналы бағыты және тиімділігі қоғамдық құрылыстың сипатымен, өндіріс-құрал- жабдығын меншіктену түрлерімен анықталады. Қазақстанда қаржы саясатын жүзеге асыру шаралары Қазақстан Конституциясында, елдің Бюджет жүйесі туралы заңы мен Салық кодексінде, республиканың жыл сайынғы қаржы жылына арналған Республикалық бюджеті туралы заңдарында, басқа да заңнамада, ел Президентінің жарлықтары мен жолдауларында, республика Үкіметінің қаулыларында айқындалған.

Қаржы саясаты - қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шараларының жиынтығы. Қаржы саясатын жасау үдерісінде мемлекеттің алдына қойған мақсатын орындау үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік салаға әсер етудің белсенді құралы болып табылады.

Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан, қаржы ресурстарын жиынтықтап, шоғырландырудың және оларды экономикалық саясаттың даму бағытттары бойынша бөлудің міндеттерін шешеді,

Қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасынан тұрады.

                                     

1. Қаржы стратегиясы

Қаржы стратегиясы - экономикалық және әлеуметтік стратегияны білдіретін, болашаққа есептелген ұзақ мерзімді қаржылық саясат курсы. Қаржы стратегиясы жасалу барысында оның негізгі бағыттары болжамдалады, қаржыны қолдану және ұйымдастыру қағидалары белгіленеді, экономикалық саясат арқылы жасалған және қабылданған экономикалық даму бағыттарындағы қаржы ресурстарының кажетті шоғырлануы туралы мәселелер шешіледі.

                                     

2. Қаржы тактикасы

Қаржы тактикасы - ел дамуының белгілі бір кезеңіндегі міндеттердің шешімі және осы дамуды қаржы саясатының міндеттерін шешуге бағытталган қаржылық қатынастарды ұйымдастыру әдістерін дер кезінде өзгерту жолымен қамтамасыз ету. Қаржы тактикасы экономикалық жағдайлар және әлеуметтік факторлар қозғалысымен анықталатындықтан, икемдірек болады.

Қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық мақсатты шешуге жағдай жасайды, сонымен қатар оның дамуының шешуші бөліктерін анықтайды және қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысаны мен әдістеріне сәйкестендіреді.

Қаржы саясаты экономикалық қатынастардан туындайды, себебі қоғам қаржы саясатын жасауда тәуелсіз емес, ол объективті нақтылық жағдайындағы өзінің мүмкіндіктерінең туындайды. Қаржы қатынастарының өзіне ғана тән даму заңдылықтары бар.

Қаржы саясаты ғылыми жобаларға негізделсе және нақты қаржы катынастарына қызмет етсе, прогресивті болуы мумкін.

Ғылыми тұжырым бойынша:

  • Шешім жүргізілетін шараның нақты болжамы мен есебі негізінде қабылдануы керек. Қаржы саясатын өңдеу мен өткізу кезінде қойылатын басты талап кешенділіктің сақталуы болып табылады. Баға, несие, еңбекақы саясаттарын ескеру қажет. Үйлесімділік алмағаң жағдайда оң нәтижеге қол жетызу мүмкін емес.
  • Қаржы саясаты өндірістің даму заңдылығына объективті сәйкес болуы керек, сондықтан шынайы ақпараттың маңызы зор. Ондай ақпарат экономикадағы, әлеуметтік саладағы үдерістердің хал-аухалы туралы және өткізілген шаралардың қорытындылары туралы мәліметке ие болуы керек. Ақпарат тиімді қаржы саясатын жүргізуге негіз болып табылады. Кері байланыс қағидасының сақталу қажеттігі қаржы саясатының дүрыстығына негіз болып табылады.
Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →