Топ-100
Back

ⓘ Qyzylorda, телеарна. Қызылорда облыстық телеарнасы 1991 жылдың 30 сәуірінде ашылды. Дәл осы күні алғаш рет 30 минуттық хабармен эфирге шықты. Ертесіне, 1 мамыр ..



Qyzylorda (телеарна)
                                     

ⓘ Qyzylorda (телеарна)

Қызылорда облыстық телеарнасы 1991 жылдың 30 сәуірінде ашылды. Дәл осы күні алғаш рет 30 минуттық хабармен эфирге шықты. Ертесіне, 1 мамыр күні қаланың орталық алаңындағы мерекелік демонстрациядан 45 минуттық тікелей репортаж жасады.

Телеарна ашылуының басы-қасында сол кезде облыстық радионы ұзақ жылдар басқарған, "КСРО-ның құрметті радисі", алғашқы төраға Жақсылық Бекқожаев, журналистер Баян Исламбаева, Айткүл Шалғынбаева, инженерлер Бақытжан Шөкенов, Марат Шалабаев, Жәнібек Жұманов, Юрий Ефановтар жүрді. Алғашқы режиссер қызметін Хұсейін Әмір-Темір атқарса, тұңғыш диктор Айгүл Оразова болды.

Теледидардың алғашқы жабдығы "Останкино" телеорталығынан әкелінген "Кадр" 3 ПМ маркалы бейнемагнитофоны болды. Одан кейін 1991 жылдың соңына таман АСБ, Ленинград қаласынан ПТС әкелінді.

Жаңадан ашылған телеарнаның хабар тарату ауқымы, материалдық базасы жыл өткен сайын ұлғая берді. Хабар тарату ауқымы он жылдың көлемінде 5 сағатқа, 2004 жылдан бастап 14 сағатқа көбейді. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап телеарна хабарлары 1 сағат көлемінде "Кателко" спутниктік жүйесі арқылы тартыла бастады.

2009 жылдың 28 тамызынан бастап "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасы республикада алғашқылардың бірі болып облыс аумағына тәулігіне 14 сағат көлемінде хабар таратуға көшті.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →