Топ-100
Back

ⓘ Qostanai, телеарна. Қостанай облыстық филиалы телевизия хабарларын тұңғыш рет 1991 жылы 1 ақпанда Қостанай қаласында бастады. Ал бұрын 1989 жылы Қаз КСР телевиз ..



Qostanai (телеарна)
                                     

ⓘ Qostanai (телеарна)

Қостанай облыстық филиалы телевизия хабарларын тұңғыш рет 1991 жылы 1 ақпанда Қостанай қаласында бастады. Ал бұрын 1989 жылы Қаз КСР телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің Қостанай облыстық теледидарын ашу туралы арнайы шешімі қабылданған. Осыдан кейін қызу дайындық жүргізілді. Телестудияға "Кадр-103" бейнемагнитофондары, "Магнолия-83" ЖТС, АТК, "PANASONIC M-8000" телекамерасы сатып алынып, іске қосылды. Алғашқы сынақ хабарлары "Қазақстан" арнасынан аптасына 2 рет, сейсенбі және жұма күндері 30 минут қазақ және орыс тілдерінде шықты. Ол жаңалықтар мен шағын сұхбаттар еді. Ал тұрақты хабар тарату 1991 жылдан басталып, облыста телевизия дүниеге келді. Қостанай теледидарының тұңғыш іргетасын қалағандардың қатарында сол кездегі телерадиокомпания төрағасы Н.Ислямиев, Б.Нұрмұхамедов, бас инженер В.Асташов, бас редактор Ә.Мадиннің есімін атаған жөн.

Тұнғыш төл телехабарды жасап, эфирге шығаруға кәсіптік шеберлігі мен шығармалық күш-қуатын жұмсаған журналистер Анатолий Гаврилов, Жанұзақ Аязбеков, Қайрат Мұқатов, инженерлер Анатолий Лукашкин, Юрий Смирнов, дикторлар Алла Ломова, Ляззат Жайынбаева және басқалар болды.

Қазір "Қазақстан-Қостанай" телеарнасы "Қазақстан" РТРК" АҚ қоғамы филиалдарының арасындағы рейтингтік көрсеткіш бойынша алдыңғы бестікте тұрған ұжым.

Телехабар тарату: облыс бойынша "Кателко" жер серігі арқылы "Қазақстан" Ұлттық арнасында аптасына 5 рет сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа күніне 1 сағат, хабар беріледі. Қала бойынша – 28 ДЦМ жиілігінде тәулігіне 14 сағат "Қазақстан-Қостанай" телеарнасының хабары эфирге шығады.

2010 жылдың 13 желтоқсанынан бастап "Қазақстан-Қостанай" телеарнасы "ОтауТВ" спутнигі арқылы толық көлемде, 14 сағаттық телебағдарламалары ел аумағына таратылуда.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →