Топ-100
Back

ⓘ Батыс Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында ..



                                               

Ақкөл (көл, Батыс Қазақстан облысы)

Ақкөл - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы Аққозы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде орналасқан көл. Теңіз деңгейінен 35.0 м биіктікте.

                                               

Мереке ауылдық округі (Батыс Қазақстан облысы)

                                               

Махамбет ауылдық округі (Батыс Қазақстан облысы)

Басқа мағыналар үшін Махамбет ауылдық округі деген бетті қараңыз. Махамбет ауылдық округі - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы әкімшілік бірлік.

                                               

Раздольный ауылдық округі (Батыс Қазақстан облысы)

Басқа мағыналар үшін Раздольный ауылдық округі деген бетті қараңыз. Раздольный ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы әкімшілік бірлік.

                                               

Егіндібұлақ ауылдық округі (Батыс Қазақстан облысы)

Басқа мағыналар үшін Егіндібұлақ ауылдық округі деген бетті қараңыз. Егіндібұлақ ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы әкімшілік бірлік.

                                               

Көктерек ауылдық округі (Батыс Қазақстан облысы)

Басқа мағыналар үшін Көктерек ауылдық округі деген бетті қараңыз. Көктерек ауылдық округі - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы әкімшілік бірлік.

Батыс Қазақстан облысы
                                     

ⓘ Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.

Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы 151.3 мың км², тұрғындары 646 828 адам 2018. Әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген.

Орталығы - Орал қаласы. Облыстағы 539 елді мекеннің тұрғындары біркелкі орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 4.0 адамнан келеді 1999. Солтүстік аудандарда және Жайық өзенінің аңғарында халық жиі қоныстанған 1 км²-ге 9 - 12 адам. Қала халқы бүкіл халықтың 49.1% құрайды. Қалалары: Орал, Ақсай; ірі кенттері: Бөрілі, Дерқұл, Зашаған, Круглоозерное, Чапаев, Тасқала, Шыңғырлау.

                                     

1. Батыс Қазақстан облысының аудандары

  • Бөкей ордасы ауданы
  • Тасқала ауданы
  • Сырым ауданы
  • Бәйтерек ауданы
  • Шыңғырлау ауданы
  • Бөрлі ауданы
  • Жаңақала ауданы
  • Қаратөбе ауданы
  • Ақжайық ауданы
  • Казталов ауданы
  • Жәнібек ауданы
  • Теректі ауданы
                                     

2. Табиғаты

Батыс Қазақстан облысы аумағының басым бөлігі Каспий маңы ойпатының солтүстігінде орналасқан. Жер бедері, негізінен, құмды алқаптар мен сор ойпаңдар алмасып жатқан жазық болып келеді. Бұл өңірдің абсолюттік биіктік 10 - 25 м-ден аспайды. Солтүстігіндегі қырат бөлігі абсолюттік биіктігі 45 - 65 м Сырт қырқасы арқылы Орал үстіртіне ұласады. Жалпы Сырттың осы тұстағы ең биік жері 259 м Ешкі тауы. Орал үстіртінің облыс жеріндегі бөлігі - құрғақ арналармен тілімденген жонды-белесті өңір. Оның абсолюттік биіктігі 110 - 260 м, ең биік жері - Ақтау Бортау тауы 263 м.

                                     

3. Топырағы

Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігі далалық белдемде, қалған жері шөлейт және шөл белдемдерде жатыр. Облыс жерінің 15%-ін құмды алқап алады. Қиыр солтүстік, Сырт суайрықтарында қара, Сырт және Орал үстіртінің қыратты бөліктерінде қызыл қоңыр, өзен аңғарларында шалғынды сортаң, шөгінді құмдақ-сазды топырақ түрлері тараған. Облыстың оңтүстік бөлігін құмды алқаптар алып жатыр.

                                     

4. Геологиясы және кен байлықтары

Жер қыртысы бор кезеңінің мергелінен, палеогеннің құмтастарынан, әктастарынан түзілген. Олардың бетін Каспий маңы ойпатының төрттік кезең шөгінділері жапқан. Өзен аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыс жерінде тұз күмбездерінен құралған ірі тектоник құрылымдар Сантас Батыс Қазақстан облысы|Сантас, Сасай, т.б) көп. Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға газ-конденсат мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ-конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны. Одан басқа облыс аумағында жанғыш тақтатас, калий, магний тұздары Шалқар көлі, цементтік шикізат Ақсуат, Шаново, керамзиттік саз Тұйықсай, Погодаев, т.б. құрылыс материалдары кен орындары бар.

                                     

5. Қазба байлықтары

Облыс аумағында Цыганов, Ульянов, Гремячинск, Батыс Теплов, Теплов, Қарашығанақ сынды бірқатар газ конденсаттары мен мұнай кендері анықталған. Олардың ішіндегі ең ірілері: Батыс Теплов және Қарашығанақ болып табылады. Сонымен бірге Чернозатон, Түксай, Новосеменов жанғыш тақтатастар кендері табылды. Тас тұзы, калий және бор қабатындағы тұздар, гипс, әк жыныстары, бор және басқа қазба байлықтар ашылды. Құрылысқа жарамды минералды шикізаттардан облыста кірпіш және цемент өндірісі шикізаты, керамзит, әк, құрылыстық құм, құм – қиыршық қоспалары, құрылыс тастары, оларды алмастыратын басқа түзілімдер бар. Керамзитті шикізаттың Погодаев және Түксай кендері барланған. Ақтау "Белая Горка" кенінің құмы силикатты кірпіш дайындау үшін пайдаланылады. Әк өндіруге жарамды бор облыстың солт. және оңт. бөліктеріндегі аудандарда таралған: пайдалы қазбалардың өндірістік балансына Ақтау "Белая Горка" және Бөрлі кендері енгізілген ; бұлардың жиынтық қоры 16081 мың метр куб. Жылдық қуаты 1300 мың т. цемент зауытын шикізатпен толық қамтамасыз ететін қоры 1106482 мың метр куб Ақсуат кені барланды. Гидравликалық қосымша ретінде қоры 21619 мың метр куб болатын кремний сазы бар Шипов кенінің пайдаланылуы мүмкін. Қыш шикізаты Федровка с – ның жанынан ашылды, қоры 2042 мың метр куб.



                                     

6. Өзендер

Облыстағы өзендер Каспий теңізі алабында жатыр. Ұзындығы 100 км-ден асатын 14 өзен бар. Басты су артериясы - Жайық өзені солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай ағады. Оның облыс жеріндегі Ұзындығы 500 км-дей. Жайыққа облыс аумағында Емболат, Шаған, Дерқұл, Елек, Шыңғырлау, Барбастау өзендері құяды. Облыстың шығыс жағындағы шағын Өлеңті, Қалдығайты, Жақсыбай өзендері Орал үстіртінен басталып құмға сіңіп жоғалады. Өзендері қарашаның 2-жартысында қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді. Облыстың негізгі су көзі – Жайық өзені болып табылады. Облыс шегіне Елек ауылының батыс жағынан енген өзен батыс бағытқа қарай ағып, Орал қаласына дейін жетіп, оңтүстікке шұғыл бұрылады да, Солтүстік Каспий маңын кесіп өтеді. Облыс шегіндегі ұзындығы – 761 км, су жинайтын алабы – 116678 шаршы км. Жайықтың облыс аумағындағы салалары – Елек, Шыңғырлау, Шаған, Барбастау, Емболат, Быковка, Рубежка. Барбастау өзенінен төменірек Жайықтан Көшім Қабыршақты бөлініп шығады.Жайық өзені бүкіл облыс жерін жер беті ағын суларының жиілігі әр түрлі қос торапқа ажыратады. Сол жағалаулық өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0.54 км/км квадрат мөлшерімен сипатталады, оң жағалаулық бөліктегі өзен торы тығыздығының коэффициенті К – 0.26 км/км квадрат. Бүкіл облыс үшін өзен торының тығыздығы Жайық өзенісіз – 0.036 км/км квадрат, Жайықпен қосып есептегенде 0.040 км/км квадрат коэффицентпен сипатталады. Жалпы облыста үлкенді – кішілі 200 - ден астам өзен бар, олардың 65 - і жазда кеуіп құрғақ арналарға айналады ; ұзындығы 10 км – ден аспайтын шағын жылға – өзендер де баршылық. Ұзындығы 200 км – ден асатын өзендер небәрі – 8. Қараөзен, Сарыөзен, Елек жерінде тек өздерінің сағалық бөлігі мен ғана ағады, олардың жалпы ағыны шегінен тыс қалыптасады. Өңірдің жер бедері мен топырақ қабатының ерекшелігіне байланысты көптеген өзендердің арналары өте ирелең қалыптасқан. Мыс., Барбастаудың ирелеңдеу коэффициенті К – 1.4, Шолаңқаты – К -1.04, Жақсыбай – 1.07, Ащыөзек – К – 1.75, Мұқыр – К – 1.4 – ке тең келеді.



                                     

7. Көлдері

Батыс Қазақстан облысы-нда 140-тан астам көл бар. Оның 9-ның су айдыны 10 км²-ден асады. Суы тұщы маңызды көлдері: Қамысты Самар, Итмұрынкөл, Сұлукөл; ірі тұзды көлдері: Шалқар, Аралсор, Жалтыр, Жалтыркөл, Боткөл, т.б. Жер бетіндегі ағынды суды реттеу үшін облыс аумағында бірнеше бөгендер салынған. Олар негізінен Көшім суландыру жүйесінде және Қараөзен Үлкенөзен бойында орналасқан. Облыстағы көлдің таралу коэффициенті 10% жайылма суларды есепке алмағанда ; олардың айдындарының аумағы 1532 шаршы км. Облыстың өзен бойларына жуық өңірлерінде жайылма су қарасу айдындары көп. Мысалы Шежін жайылмасы 2200 шаршы км ауданды алып жатыр. Дүре – 700 км², Қараөзен – 600 – 700 км², Сарыөзен – 200 – 300 км², ал Бұлдырты – 100 км² жуық жерге жайылған. Облыс аумағында көлдер әркелкі орналасқан: Елек алабында – 5, Өлеңті алабында – 1 - 2, Бұлдырты алабында – 10 – нан аса, Қалдығайты алабында – 20 – дан аса оның ішінде жазда тартылып қалатын Итмұрын тұзды көлінің шарасы – 112 км², Жақсыбай алабында 5 – 6 шағын көл бар. Ойыл сағасындағы Аралсор Өзенсор көлінің ауданы – 112 км². Бұл көлдердің бәрі Жайықпен ұласпайтын өзендердің алаптарында орналасқан. Облыстың оңтүстік – батыс бөлігі көлді келеді. Олар Дүре – Шежін жайылма суларының оңтүстік бөлігінде, Көшім және Мұқыр өзендерінің сағалық жағында Қараөзен, Сарыөзен сағаларында Қамыс – Самар көлдері шоғырланған. Бұлардың арасында 200 км² ауданды алып жатқан Балықты Сакрыл, Сарай, Қамыс – Самар көлдерін бөліп атауға болады. Облыстың осы бөлігінде су айдыны 1 – ден 4 км² дейін тұзды, кеуіп қалатын көлдер көп, олардың да ауданы 72 км² тұзды Боткөл бар. Оның ең терең әрі уқымды су айдыны Шалқар көлі, ауданы – 242 км².

                                     

8. Жануарлар дүниесі.

Батыс Қазақстан облысының тоғайлы-орманды өңірлерінде бұлан, елік, өзендер бойындағы қалың қамыс арасында қабан, оңтүстігіндегі құмды жағында ақбөкен, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, құндыз; кеміргіштерден сарышұнақ, құм тышқаны, т.б. мекендейді. Облыста құстардың көптеген түрлері кездеседі. Өзен-көлдері балыққа бай. Жайық өзенінде бекіретәріздестер бекіре, шоқыр кездеседі. Облыс аумағында сүтқоректілердің 70 түрі, құстардың 310 – ға жуық, рептилияның 19, қос мекенділердің 7, балықтардың 51, әр алуан омыртқасыздардың мыңдаған және дөңгелек ауыздылар мекендейді. Сүтқоректілерден өздерінің алуан түрлілігімен ерекшелінетін кеміргіштер де бар. Олардың ішінде әсіресе кішкентай сарышұнақ, кәдімгі сұртышқан, дала алақоржыны кеңінен таралған. Қамысты – қоғалы қалың нудың арасында, кейбір өзендер мен ірі көлдерде аңдатр су тышқаны мекендейді. Жайықтың ескі арналарында қайтадан құндыз кездесе бастады. Орқоян кең таралған, ал облыстың солт. бөлігінде аққоян мен дала шақылдағы кездеседі. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, аққұлақ, аққіс мекендейді, сондай – ақ қарсақ, дала мен борсықты, кейде шұбаркүзенді көруге болады, оңтүстік – батыстағы адырлы құмдарда жабайы мысық бар, кейде бұл ауданда жанат тәрізді ит кездеседі. Оқта – текте тоғай тауығы, кәмшат, еуропа қара күзені, тіпті сілеусінді ұшырастыруға болады. Жәндік қоректілерден кәдімгі және құлақты кірпі, жертесердің бірнеше түрі, жұпартышқан кеңінен таралған, жарқанат едәуір көп 8 түрі бар. Тұяқтылардан киік көп тараған. Жайылмалық орман – тоғайларда бұлан мен елік мекендейді. Құстардың ішінде ең көбі торғай тектестер 120 – ға жуық түрі бар. Орман – тоғайда қызылторғай, мысықторғай, сарышымшық, қызылқұйрық, мақтанторғай, құрқылтай, барқылдақ торғай кездеседі. Орман алаңқайларында сұлусары, бақторғай сұр мақтанторғай, өзен жағалауларын, ескі арналарды бойлай өскен бұталарда құрқылдақторғай, жасымықторғай, Жайын жайылмасының солт. бөлігінде шырылдақторғай, сарықасторғайлар бар. Облыста бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің 10 түрі, жыландардың сегіз түрі және тасбақа батпақты бар. Облыстың өзендері мен көлдері өздерінің балыққа байлығымен және әр алуандығымен ерекшелінеді. Ең көбі тұқы тәрізділер 28 түр, олардың ішінде әсіресе жерсінгендері – ақамур мен дөңмаңдай. Тұщы суларда табан, мөңке, сазан, ақбалық, көксерке, т.б. кездеседі. Жайық өзені аса бағалы бекіре тұқымдастарға бай. Омыртқасыздар ішінде буынаяқтылары, әсіресе жәндіктер 2.5 мың түрге жуық көп және қоңыздар басым болып табылады 1.2 мың түрге жуық. Көбелектер отрядының 400 – ге жуық түрі бар, екі қанатты және жарғақ қанаттылар 150 – 200 түрден саналады. Әр түрлі типтегі омыртқасыздар негізінен топырақ қабатында таралған. Олардың ішінде қарапайымдылар мен ірі құрттардың – 10 – 15, өрмекші, кенелердің 100 – ден астам түрі бар. Су түбін мекендеушілерден, әдетте, әр түрлі құрттар, буынаяқтылар мен олардың дернәсілдері шамамен 100 түрден, сондай – ақ молюскалар кездеседі. Планктонның негізгі массасын шаян тәрізділер дафния, циклоптар, қарапайымдар инфузория, арцелдер, жәндіктердің дернәсілдері, хиромид және басқалары құрайды.

                                     

9. Өсімдіктер дүниесі.

Облыстың солтүстік бөлігінде бетегелі дала өсімдіктері мен шөлейт белдемнің өсімдік түрі басым. Өзен жайылымдарында астық тұқымдасты шөп түрлері, кей жерлерде қалың қамыс, құрақ өскен. Жайық аңғарында терек, емен, қайың, тал, Сырт және Орал үстіртінде, Елек өзені алабында шоқ қайың орманы көптеп кездеседі. Облыстың флорасында 106 тұқымдасқа жатқызылатын гүлді өсімдіктердің 1300 – ге жуық түрі, олардың ішінде күрделі гүлді 220, атбас бұршақты 139, астық тұқымдас 118, көкпек 113, зиягүл 104 түрлері бар. Өсімдіктерді эндимиктік түрлері: Талиев гүлкекіресі, қатты жапырақты келерия, майысқақ боз, Еділ майқарағайы және т.б. Облыстың өсімді жамылғысында үш белдем зона элемент кездеседі. Солтүстіктен нағыз дала белдем өтеді, орталықтың едәуір бөлігі шөл дала немесе шөлейіт белдемге енеді, ал оңт. аудандар шөлдің солт. шегіне ұласады. Жалпы өсімдік жамылғысында бір кездері далалық сипаттың басым болғаны байқалады, бірақ оны пайдалану барысында табиғи жағдайының өзгеруінен бірте – бірте шөлге айналу құбылысы етек жаюда. Негізінен нағыз дала зонасы облыстың солт. бөлігін алып жатыр және бұл өңір боз әрі бетегелі дала болып табылады. Боз даланың оңт. шегі Еруслан бастауынан Қараөзен және Сарыөзен арқылы, Ершов кентінен 2025 км оңтүстікке, одан әрі Жалпы Сырт сілемдерімен Красный кентіне дейін, Дарьинск арқылы Шалқар көлінімен солт. жағалаумен, содан соң Елек және Қобда су айырығын бөле шығысқа қарай өтеді. Бұнда далалық боздың әр алуан түрлерімен қатар қылтанақсыз арпабас, бедетүнгі шегіргүл, дала шиесі, талбұршақ және т.б. кездеседі.Облыстың шөптесін қорының бсты түрі – жайылмалық шалғындар. Жайықтың төңірегінен биіктеу белесті – жады келетін жайылмаларында бидайық тектес және жусанды – бидайық аралас өскен шалғын көп кездеседі. Жайылмалық шалғындарда көбіне миямен араласа бидайық, сұлыбас өседі. Жайылмалардың ең төмен учаскелерін өлең шөбі басым батпақты шалғындар алып жатыр. Облыстың орман – тоғай өсімдіктерін зерттеген кезде дала тоғайларының негізінен қосымша ылғалды белдемдерге ұштасып келетіні анықталды. Облыстағы орман алқаптары – жайылмалық орман – тоғай, құмайт масивтердегі бұталы алқап және көлтабан ойпандарындағы массивтер түрінде өскен ; жайылмалық тоғай көбіне өзен аңғарларымен байланысты. Мұнда аралас өскен бұталы үйеңкі, қара және ақтерек, шегіршін, көктерек, қайың, емен ағаштары ұзақ уақыт суда қалуға бейімделген.Құмайт массивтердегі тоғай шегі оңтүстікке қарай сұғына түсіп, 49 градус солт. ендікке дейін жетеді.

                                     

10. Климаты

Облыстың климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы –11 - 14 °С, кейде - 40 °С-қа дейін төмендейді, шілде айындағы температура 22 - 25 °С, кейде 40 °С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлш. 190 оңт-те - 350 мм солтүстікте. Қар жамылғысы 70 күннен оңтүстікте 140 күнге солтүстікте дейін жатады. Жыл бойына екпінді желдер кейде 15 - 20 м/с-қа дейін болып тұрады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңі 150 - 170 тәулік.

                                     

11. Шаруашылығы

Батыс Қазақстан облысы экономикасында ауыл шаруашылық өндірісінің үлесі басым. Мұнда астық егу, жайылымдық мал шаруашылығы, етті-сүтті сиыр өсіру дамыған. Облыс шаруашылығының негізгі саласының бірі - өнеркәсіп. Облыста мұнай, газ өндіру, металл өңдеу және машина жасау, тамақ, жеңіл, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, т.б. салалар жақсы дамыған. Ірі өндірістерден Қарашығанақ газ-конденсат комбинаты," Металлист”," Зенит”," Металл өңдеу”," Омега” зауыттары, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде" Надежда” тігін-тоқыма комбинаты, былғары аяқ киім з-ты, аң терісін өңдеу, балық комбинаттары, арақ-шарап, сыра з-ты, нан комбинаты, сондай-ақ," Жайықжылужарық”, Оралоблгаз," Диана”," Орал-Алма”," Нұржанар”, Оралагрореммаш, т.б. кәсіпорындары жұмыс істейді. Батыс Қазақстан облысы-нда республикадағы табиғи газдың 30%-тен астамы өндіріледі. Облыстағы а. ш на тиімді жер 13.9 млн га 1997. Оның ішінде жыртылатын жер аумағы 1.4 млн га, шабындық 940 мың га, жайылымы 8.2 млн га. Астық дақылдары 934 мың га жерге, тех. дақылдар 34.1 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары 7.6 мың га, жемшөп дақылдары 222 мың га жерге егіледі. Мал ш-нда сиыр саны 444 мың, қой мен ешкі 904 мың, шошқа 28.5 мың, жылқы 94 мың, түйе 3.9 мың, құстың саны 371 мың 1997. Облыстағы ауыл шаруашылығы бағытындағы өндіріс кооперативтері мен шаруа қожалықтарының жалпы саны 2467 1997. Олар мемлекет қарауындағы ұжымдық шаруашылықтарға 25, ұжымшарларға 3, серіктестіктер мен өндірістік кооперативтерге 400-ге жуық, акцион. қоғамдарға 21 және шаруа фермер қожалықтарына 2017 біріктірілген. Сонымен қатар шет елдермен бірлескен кәсіпорындар да 17 жұмыс істейді 1997.



                                     

11.1. Шаруашылығы Жолдары

Батыс Қазақстан облысында темір жол, автомобиль жолы және су жолы көлігі дамыған. Темір жолдың жалпы ұзындығы 417 км. Автомобиль жолдарының ұзындығы 8.5 мың км, оның ішінде 2.5 мың км жол асфальттанған. Негізгі автомагистралдары: Орал - Атырау, Орал - Ақтөбе, Орал - Орынбор. Жайық өзенінен Атырауға дейін кеме қатынайды. Қазақстанның ірі қалаларымен және кейбір шет ел қалаларымен әуе қатынасы бар.

                                     

12. Өңірдің мәдени өмірі

Батыс Қазақстан облысы бай тарихи және мәдени мұраларға ие. Оның аумағында 6 мыңнан астам әртүрлі дәуірдегі археологиялық ескерткіштер және 500-ден астам тарих, сәулет және монументалды өнер ескерткіштері бар, олардың 14-і республикалық маңызы бар ескерткіштер болып табылады. Мәдениет және өнер жүйесінде облыста 717 мәдениет мекемелері қызмет етеді.

Облыста тарихи-мәдени мұраны насихаттау мақсатында 22 тарихи-өлкетану, мемориалдық музейлері халыққа қызмет көрсетеді, олардың 13-і ауылдық жерде орналасқан. Облыс кітапханалары жүйесінде 377 көпшілік кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.

                                     

13. Халқы

Батыс Қазақстан облысы халқының саны

Қазіргі Батыс Қазақстан облысының жерінің ерте дәуірлерден қазақ халқының құрамына кіретін Кіші жүз, соның ішінде Байұлы, Жетіру тайпа бірлестіктері, сондай-ақ Әлімұлының кейбір рулары жайылады. Байырғы тұрғындар негізінен мал бағу, егін егумен айналысты. Ел билеушілердің алауыздығы мен бақталастығы салдарынан әлемге айбынын асырған Алтын Орда құлап, Ноғай Ордасы ыдырағаннан кейін өлкеге жатжұрттықтар келе бастады. XVI ғасырдың орта шенінде Ресейде жерсіз, кәсіпсіз қалып, қаңғып жүрген еркін қауымдастықтар мен қарақшы топтар Жайық бойына жетіп, құнарлы жерлерге қоныстана бастады. Үш ғасырға созылған Ресей империясының отарлау саясатының негізінде, өлкенің бастапқы бет-бейнесі өзгеріп, байырғы тұрғындар - қазақ ұлты экономикалық-әлеуметтік қысымшылыққа ұшырады, құнарлы қоныстарынан қазақтарды шөл-шөлейт аймақтарға ығыстырды. Әсіресе XIX ғасырдың 2-жартысында Ресей империясының әкімшілік реформасының нәтижесінде, дәстүрлі саяси-билік еркіндігінен айырылып, отар елге айналған қазақ өлкесіне, Батыс Қазақстан облысына орыс және украин шаруасы ағыла бастады. 1871 жылғы халық санағы бойынша облыс жеріндегі қазақтардың үлесі 71.3%, орыстар 14.9% болды. 1897 жылы облыс тұрғындарының жалпы саны 678 мың адамға, Орал қаласы бойынша 45.5 мың адамға жеткен. Саяси-әлеуметттік құқылар қорғаусыз қалған қазақтардың ұлттық мүдделері ескерілмей, ғасырлар бойы қоныс тепкен мекендерінен күшпен қуытылды. Орыс әкімшілік озбырлығына қарсы шығып, қару көтерген бірнеше ұлт-азаттық көтерілістер аяғы қанға боялып тыңды. 1890 жылдың соңында 100 мыңнан астам қазақ, өзінің құнарлы жерінен айырылды, облыстың оңтүстігіндегі қуаң далаға көшті. Босаған барлық жерге орыстар қоныс етті. Ресей мемлекетінің озыбырлығы мен отарлау әскерінің, сондай-ақ Кеңес өкіметінің асыра сілтеу саясатының салдарынан облыс тұрғындарының, оның ішінде қазақтар саны өсудің орнына, күннен күге азайып отырған. Мысалы,

  • Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде ауыл тұрғындары азадап көбейгенмен, 1970-жылдары қайта төмендеп кетті. Қала халқының механикалық өсімінің негізгі бөлігін ауылдан келгендер құрады.
  • 1960 жылдарына дейін ауыл тұрғындарының саны кеми берді.
  • 1959 жылы облыс тұрғындарының саны 23.8% -ке қазақтар саны 43.1% -ке кеміген.
  • 1920 жылы облыстағы қала тұрғындарының үлес салмағы 9.9% болса, 1992 жылы бұл көрсеткіш 35.7%-ке көтерілді.
  • 1950 жылдардың ортасынан бастап қала тұрғындарының саны көбейе бастады. Оған халықтың тұрмысқа қолайлы қалалық жерлерге қоныс аудару әсер етті.
  • 1920 жылы облыс халқы 500 мың,
  • 1926 жылы осы көрсеткіш 325 мың адамға кеміп кеткен

XX ғасыр басына дейін облыс аумағында халықтың ұдайы өсу көрсеткіші де, сондай-ақ өлім-жітімі де жоғары деңгейде болды. Бұл жағдай 1940 жылға дейін сақталды, кейінгі кездерде ахуал біршама жақсарып, әсіресе оңтүстік аудандарда халықтың ұдайы өсімі жоғарылады, бірақ Теректі, Бәйтерек ауданы мен облыс орталығында бұл көрсеткіш әлі төмендеу. 1950 жылдардағы туу коэффицентінің төмендеуі де халықтың табиғи өсуіне елеулі түрінде кері әсерін тигізді. Жалпы облыста ер адамдарға қарағанда, әйел адамдар саны көбірек болды. Некеге отырушылар қатары жыл сайын кеми түсуде. Орта есеппен әр отбасында - 4 адам, ал қалада – 3.4; Сырым, Казталов, Қаратөбе аудандарында 5 адамнан бар. Соңғы мәлімет бойынша, облыста 100-ге жеткен 24 адам бар.

                                     

13.1. Халқы Білім беру

Облыста 4 жоғарғы оқу орны бар, олардың барлығы Орал қаласында орналасқан, атап өткенде Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Еуразия академиясы.

                                     

14. Машина жасау және металл өңдеу

Қазіргі кезде бұл саладағы өндірістің негізгі бөлігі "Орал-Зенит зауыты", "Орал "Металлист" зауыты", АҚҚ, "Омега", "Гидроприбор" ҒЗИ, "Орал арматура зауыты" - ның үлесіне тиіп отыр. Бұл кәсіпорындарда осы заман талабына сай кәсіп өндірістік корпустар мен құрал-жабдықтар бар, тәжібиелі де ьілекті жұмысшы және инженер-техник кадрлар легі қалыптасқан. Олардың шығарған өнімдері ТМД елдеріне де, шетел тұтынушыларына да кеңінен танымал.

                                     

15. Құрылыс материалдары мен құрылыс өндірісі

Облыста құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытуға мүмкіндігі мол. Геологтар 100-ден астам кен орындар барлап, цемент өндіруге шикізаттар көзін, құм-қиыршық қоспасын, бетон мен қабырға материалдарын ауыстыратынжеңіл түзілімдер қорын тапты. Мұның келешекте облыс аумағына шеттен цемент, гипс, қиыршық тас, құм және тағы басқа материалдар тасымалдау шығынын шегеруге мүмкіндік бермек. Қазіргі кезде жергілікті құрылыс индустриясының сапында "Орал құрылыс материалдарды өндірістік белгісі" УПОСМ, "Орал әк зауыты" УИЗ, "Орал силикатты кірпіш зауыты" УЗСК, акциялық қоғамдары толық өндірістік қуатпен жұмыс істеуде. Соңғы кездерде Ақсуат пен Тасқала маңындағы шикізат игеру мақсатында, "Орал цемент" кәсіпорыны құрылып, зәру өнім түрімен Батыс Қазақстан аумағын - Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе сондай-ақ, Қызылорда мен Қостанай облыстың құрылыс алаңдарын қамтамасыз етуге жұмсануда. Жол құрылысын жақсарту үшін Орпл асфальт-бетон зауытымен қатар Ақсай қаласы мен Жәнібек ауданында осындай кәсіп орые іске қосылмақ. Орман және ағаш өңдеу кәсібінде де 1997 жылдан өндіріс көлемі артып келеді. 1963 жылдан бастап, Орал қаласында іске қосылған "Орал жиһазы" комбинатының "Сатурн", "Слава", тағы басқа үй жиһаздары әлі күнге дейін жоғары сұранысқа ие.

                                               

Павел Григорьевич Пугачев

Павел Григорьевич Пугачев – биология ғылымының докторы, профессор 1957 Орал мемлекеттік институтын қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті және аспирантурасын 1965 бітірген. 1955-1994 Қостанай мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, профессор болды. 1994 жылдан лаборатория меңгерушісі қызметін атқарды.

                                               

Балхия қорғаны

Балхия қорғаны - Тасқала ауданы Шежін ауылының аумағына орналасқан қорғандар тобы. Ол 6 қорғаннан тұрады. Олардың диаметрі 16-36 м., биіктігі 0.3-1 м. Топырақ үйіндісі түрінде кездесетін қорғандарды Орал облысы музейінің археологиялық экспедициясы ашқан."Қазба жұмыстары жүргізілмеген. Ғалымдардың болжауынша, қорған ерте темір дәуіріне жатады.

                                               

Қайырғали Жалелұлы Ахметов

Қайырғали Жалелұлы Ахметов - ғалым-терапевт, медицина ғылымының докторы. Ақтөбе медицина институтын бітірген. 1965-68 ж. Чапаев ауданындағы Қарша ауылдық ауруханасының меңгерушісі.

                                               

Ауан Ақжүрекұлы

Ауан Ақжүрекұлы - суырып салма ақын. Ол кеңес өкіметі орнағанға дейін Еділ бойындағы балық кәсіпшілігінде жұмыс істеген. Оның "Ақтаным менің" дастаны, "Ленин өлгенде" толғауы, "Екі көздің достығы" елеңі, сондайақ "Мың күнімнен бір күнім" дастаны ел арасына кең тараған.

                                               

Павел Романович Букаткин

Павел Романович Букаткин - тарихшы, өлкетанушы. Орал педагогика институтын бітірген. Сонда оқытушы, доцент. 3 монографиясы жарық көрген. Әсіресе "Западно-Казахстанская обласгь - ближный тыл Сталинградского фронта", "От Уральска до Эльби и Праги" кітаптарында облыс тарихына қатысты құнды деректер мол.

                                               

Солдаттар аналарының комитеті

Солдаттар аналарының комитеті, Орал қаласында 1991 жылы 30 сәуірде құрылды. Оның негізгі міндеті - әскери қызметте жүрген азаматтарды және олардың отбасын әлеуметтік қорғау; әскери қызметте жүрген азаматтарға және олардың отбасына, сондай-ақ әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқандардың бала-шағасына материалдық және медициналық көмек көрсету, әскерилердің өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған заңдардың орындалуына құқықтық бақылау жасау.

                                               

Ким Ғұсманүлы Ахметов

Ким Ғұсманүлы Ахметов - ғалым, ауыл шаруашылығы ғылым кандидаты, профессор. 1953 ж. Мәскеудегі К.А.Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясын бітірген. 1953-55 ж. Орал ауыл шаруашылығы мектебінде оқытушы, директордың орынбасары. 1955-67 ж. Орал облысындағы ұжымшар төрағасы, аудандық атқару комитетінің төрағасы, аудандық партия комитетінің 1-хатшысы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының 1- орынбасары. 2 рет "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған.

Қашқантеңіз (көл)
                                               

Қашқантеңіз (көл)

Ауданы 18.5 км 2 жауын-шашынға байланысты өзгеріп отырады. Ұзындығы 22.5 км, ені 4.3 км. Тереңдігі 1.4 м. Солтүстік-шығыстан соққан күшті желдің әсерінен тасқын айдаған Балқаш суы кейде Қашқантеңіз көліне құяды. Суы тұзды, жағалауы сортаң батпақты.

                                               

Қотанкөл

Қызылорда облысы Арал ауданы Шөмішкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 11 км жерде, Қазалының сол жағалық каналы мен Ақшатау көлдері аралығында жайғасқан.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →