Топ-100
Back

ⓘ Түрксіб. Үлгі:Infobox rail Басқа мағыналар үшін Түрксіб деген бетті қараңыз. Түрксіб теміржолы - 1926-1931 жылдары салынған КСРО-ның ірі құрылыстардың бірі, Орт ..



                                               

Аршалы ауылдық округі (Жарма ауданы)

                                               

Бесағаш ауылдық округі (Жамбыл облысы)

Құрамына Бесағаш, Түрксіб ауылдары кіреді. Орталығы – Бесағаш ауылы. Жер көлемі - 635 га. Ауылдық округта Макаренко және Абай атындағы орта мектептер, 2 дәрігерлік амбулатория, ауылдық кітапхана бар.

                                               

Тапбай Құлқашев

Ташкент оқытушылар институтын 1919 бітіріп, Қармақшы ауданында мұғалім болды. 1920 - 24 ж. Қазалы уездік оқу бөлімінің меңгерушісі, Қазалы уездік аткомы председателінің орынбасары және председателі. 1924 - 26 ж. Сырдария облыстық және губ. сотының председателі. 1926 - 28 ж. РКФСР Жоғарғы соты қазақ бөлі-мінің мүшесі және оның қылмысты істер коллегиясының председателі. 1928 - 31 ж. Қарқаралы округтық сотының председателі, Қарқаралы пед. тех-никумының директоры. 1931 - 36 ж. Түрксіб т. ж. басқармасында істеді. 1936 - 37 ж. Қоңырат руднигінде мектеп директоры. Соңғы жылдары дербес пенсияда бо ...

                                               

Біржан Манкин

1924 жылы Қазақ педагогикалық техникумының дайындық бөлімін, 1928 жылы Орынбор жұмысшысы факултетін бітірген. Петропавлдағы" Бостандық туы” газетінде корректор," Жас қазақ” журналында жауапты хатшы болып істеген. 1928 – 30 жылдары Қазақ өлкелік жасөспірімдер мектебінің директоры Орынбор қ., 1930 – 33 жылдары Қазақ АКСР-і Ағарту халық комиссариатының меңгерушісі, Түрксіб политехникумының Алматы директоры болды. 1933 – 38 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінде меңгеруші, Қазақ КСР-і КП Алматы қалалық комитетінің, Қарағанды облысы комитетінің 2-хатшысы, Қазақ КСР-і ағарту халық комиссары, Т ...

                                               

Ақшабаев Намазбай

Ақшабаев Намазбай – қоғам қайраткері. Жасынан Әулиеата қаласындағы әскери гарнизон бастығының бес жылдай ат айдаушысы болып істеген. Ақшабаев өз бетімен қазақша-орысша сауатын ашып, екі тілде бірдей таза сөйлейтін болған. Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы көтеріліске қатысады. Ұсталып, қолға түскеннен соң, сотталудын құтылу үшін майданның тылдағы қара жұмысына аттанады. Майданнан оралған соң, Ташкенттегі Қызық Әскер командирлерін даярлайтын қысқа мерзімді курсты оқып, азамат соғысына қатысады. 1918 жылы БКП қатарына өтеді. 1919 жылы Қостөбеде партия ұйымын құрып, жер реформасын жүргізуге қатыс ...

                                               

Кинодраматургия

Кинодраматургия, кино драматургиясы – әдеби шығармашылықтың бір саласы. Сценарий – фильмнің әдеби, көркемдік негізі болып табылады. Кинодраматургия кино өнерінің ұтымды тәсілдерін қамти отырып, әдеби бейнелеудің тәсілдерін де қолданады. Кинодраматургияның әдеби және кинематографиялық тегіне қарай сценарий екі түрге бөлінеді. Бірі – фильмнің арқауын құрайтын, әрі жеке дара көркемдігі бар әдеби шығарма, екіншісі – болашақ фильмнің құрылымын, желісін тартып, мазмұнын, ойын баяндап беретін әдеби материал. Кинодраматургия киноның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әдеби шығармаларды да экр ...

                                               

Көлік кешені

Көлік кешені – экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі. Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, қашыр, құлан, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды. Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таул ...

                                               

Күйші (поэма)

Күйші - Ілияс Жансүгіровтың 1934 жылы жазылған романтикалық сарында шалқыған шабытпен, поэзиялық құдіретті қуатпен жазылған, қазақ әдебиетінде теңдесі жоқ үздік поэмасы. Поэма жеті тараудан тұрады. Қара өлең ұйқасына құрылған, 11 буынды, 4 тармақты туынды.

Түрксіб
                                     

ⓘ Түрксіб

Үлгі:Infobox rail Басқа мағыналар үшін Түрксіб деген бетті қараңыз.

Түрксіб теміржолы - 1926-1931 жылдары салынған КСРО-ның ірі құрылыстардың бірі, Орталық Азия мен Сібірді қосатын темір жолы. 1941 жылы жолдың пайдаланымдық ұзындығы 2088.4 шақырымды құрады. Жамбыл – Қаратау, Көксу – Текелі жаңа желілері салынды. Бекеттік жолдардың толық ұзындығы 557 шақырымға тең болды. Соғыс жылдарында Қазақстан майданның қуатты арсеналына айналды. Соғыс еліміздің бүкіл теміржолдарының, соның ішінде Түркістан – Сібір магистралінің алдына әскери жүктердің үздіксіз тасымалдарын, майданға әскери эшелондарды, әскери техниканы, ал қорғаныс өнеркәсібі үшін көмір, металл және басқа да маңызды жүктерді уақытында жеткізуді ұйымдастыру бойынша жауапты міндет қойды. Түркістан - Сібір темір жолы, Түрксіб – 1927 – 1930 ж. Қазақстанда салынған темір жол торабы. 1926 ж. 26 қарашада БКбП ОК осы т. ж. торабын салу жөнінде шешім қабылдады. Ол Орт. Азияны, Қазақстанды және Сібірді өзара байланыстырып, халық ш-ның дамуына үлкен әсер ететін құрылыс ретінде салынды. Түркістан - Сібір Темір Жолы торабын Луговая бекеті. мен Семей қ. аралығындағы 1470 км-ге тарту жоспарланды. Құрылыс жұмыстары екі жақтан солт-нде Семей 1927 ж. көктемде, ал оңт-нде сол жылдың күзінде басталды. Құрылыстың қарқынды және сапалы жүруіне РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан құрылған, Т.Рысқұлов жетекшілік еткен Түрксіб құрылысына жәрдемдесу комитеті көп еңбек сіңірді.

Түркістан - Сібір Темір Жолы торабының салынуына М.Тынышбаев өзінің біліктілігімен елеулі үлес қосты. Магистраль өтетін жол бойы 20 ғ-дың бас кезінде де зерттелген еді. 1927 – 1928 ж. ол қайтадан зерттелді. Соңғы зерттеу барысында магистральдың бағыты өзгеріп, рельстік жолды қысқартуға, соның нәтижесінде бірнеше ондаған миллион сом қаржыны үнемдеуге мүмкіндік туды. Луговая – Бішкек – Алматы арқылы өтетін Қордай бағыты орнына жол Шоқпар асуы арқылы тартылып, 23 км қысқарды. Солт-те Лепсіге соқпай, Балқаш бағыты қабылданды, бұл жолды 73 км қысқартты. Жол қатынасы халық комиссариаты құрылысқа инженерлер мен техниктер жіберді, тек 1930 ж. қазанда өзге өңірлерден 668 маман теміржолшылар келді. Түркістан - Сібір Темір Жолы Қазақстанда кәсіби теміржолшылар мектебін қалыптастыруға елеулі ықпал етті. Мұнда құрылысшылардың саны 1928 ж. 21 мыңға, 1929 ж. 40 мыңға, ал 1930 ж. 50 мыңға жетті. Құрылыста істегендердің басым көпшілігі жергілікті тұрғындар болды. Құрылыс жұмыстары 1928 – 29 ж. өте қызу жүріп, 1930 ж. 28 сәуірде Айнабұлақ ст-нда Оңт. және Солт. жақтардың жолы қосылды. Осы кезеңге дейін Түрксібте 12 млн. м3 жер қазылып, 1644 км негізгі және бекеттік жол салынды. Ертіс, Іле, Аягөз, Шу, Қаратал, т.б. өзендер арқылы темір көпірлер салынды. 1928 ж. Ертістің тар сағасында 11 күн ішінде 300 м-лік уақытша көпір, кейін 600 м-лік тұрақты көпір салынды. Түркістан - Сібір Темір Жолы жоспарлы мерзімнен бір жыл бұрын, 3 жыл 9 айдың ішінде аяқталды да, 1931 ж. 1 қаңтардан бастап тұрақты пайдалануға берілді.

1941 жылдың 24 маусымында 18 сағатта ҚЖХК еліміздің, соның ішінде Қазақстанның теміржолдарындағы пойыздар қозғалысын айрықша әскери жұмыс кестесіне ауыстырды. Онда бірінші кезекте әскери эшелондармен, әсіресе, мобилизациялық іс шараларымен байланысты жүктердің өте жылдам қозғалысы қарастырылды. Жолаушы пойыздарының, сол сияқты қорғаныстық мәні жоқ тасымалдардың қозғалысы едәуір қысқарды.

Қозғалысты ұйымдастыруда айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болды, шикізат жүктерінің тасымалдары қысқартылды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді тасымалдау артты, қару-жарақтар, рудалық қоспалар, вольфрам, молибден, ауыл шаруашылық машиналарын, газогенераторларды және басқаларды тасымалдау ұлғайды. Соғыстың алғашқы жылдарында Түрксіб арқылы адамдар мен материалдық ресурстарды үсті-үстіне жөнелту, Қазақстанға көшірілген кәсіпорындар мен адамдарды түсіру кезінде қиындықтар болды, тасымалдар мен вагондарға деген сұраныс нормадағыдан үш есе асып түсті. ҚЖХК мен әскери командованиенің қорғаныстық және халық шаруашылық жүктерінің тасымалдары бойынша тапсырмалар бұлжытпай уақытында орындалды. Бұл оңайға түскен жоқ, дегенмен түрксібшілер барлық қиындықтарды жеңудің жолдарын тауып отырды. Қазақстанның теміржолшылары орасан зор тасымалдар көлемін орындады. Елімізге бірнеше айлардың ішінде елдің орталығынан 220 өнеркәсіптік кәсіпорындар және 550 мың адам көшірілді. Көмір жөнелту екі есе, қара металдарды жөнелту екі еседен астам, мұнай өнімдері мен рудаларды жөнелту 4 еседен астам өсті. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы қазақстандық қорғасыннан құйылып жасалған еді.

Осының бәрінде де Түрксіб пен оның адамдары жетекші рөл атқарды. Мәліметтер бойынша, Ұлы Отан соғысы кезінде 1300 жедел әскери эшелон, жалпы саны 70 мың вагонды қамтыған 1700-ден астам әскери-жабдықтаушы құрам жөнелтілді. Соғыстың басынан бастап, оның соңғы күндеріне дейін магистраль саны күрт қысқарып кеткен бос вагондарға, әсіресе, жабық вагондарға қатысты ерекше ауыр қиындықтарды бастан кешірді. Жабық вагондар жетіспеген кездерде қант платформаларымен, астық жартылай ашық вагондармен үсті брезентпен қымталып жабылып тасылды. Соғыс жылдарында 240 өндірістік нысан тұрғызылып, пайдаланымға енгізілді. ҚЖХК-ның Алматыдағы электротехникалық зауыты іске қосылды, ол шағын теміржол шеберханаларының және Харьков қаласынан көшіріліп әкелінген байланыс зауытының құрал-жабдықтарының негізінде пайда болды. Сол жылдары жол көлігіне арналған байланыс аппараттарының кейбір күрделі түрлерін шығару жөнінен еліміздегі жалғыз зауыт болды. Сол кездері Алматыда, сондай-ақ ҚЖХК-ның ірі вагон жөндеу зауыты салынды. Түрксібтің паровоз деполарында майдан желілерінен келіп жеткен локомотивтерді қалпына келтіру үшін патриоттық қозғалыс өрістеді. Бұл депо ұжымынан үлкен күш жұмсауды қажет етті. Бомбылаудан кейін жартылай қирап қалған 58 паровоз қалпына келтірілді. Содан кейін депо ұжымы паровоз паркін жаппай ауыстыруға көшті. Олар майдан жолдарына өздерінің 314 ең жақсы паровозын жөнелтті, ал өздері батыс европалық типтегі трофейлік соғыста жаудан түсірілген олжа паровоздармен жұмыс істеді, оларға едәуір жөндеу жүргізу қажет болды. Осындай жолмен 460 паровоз қалпына келтіріліп, пайдалануға енгізілді.

Түркістан – Сібір магистралінде құрастырылған №34 паровоз колоннасы Алматыдан Берлинге дейін 13600 шақырым жол жүріп өтті. Монша – кір жуу пойызы мен бронепойыздар құрастырылып, олар майдан алаңдарында әрекет етті. Түрксібке майданнан оралған ЭУ-№69911 сериалы паровоз Алматы-1 депосында мәңгілік тұғырға қойылды, бұл паровоз тізе бүккен Германияның астанасы Берлинге бірінші болып кірген болатын. И.В.Панфилов атындағы 28 гвардиялық атқыштар дивизиясы жауынгерлері 1941 жылдың 17 қарашасында майданға аттанған еді.

Атақты дивизияда Ұлы Отан соғысының майданында Түркістан – Сібір магистралінің көптеген теміржолшылары Отан қорғауда көрсеткен ерліктері үшін марапатталды. И.Л.Шапшаев теміржолдан 1077 атқыштар полкына политрук болып Панфилов дивизиясында, жауынгер Р.Х.Вальданов 28-ші Гвардияшыл Панфиловшы барлау ротасының политругы болып, соғыс аяқталған соң, Алматыға Түрксібке келіп қызмет істеді. Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. Мұсахан Әлімжанов, Есмұхан Таймасов, Қоңырқұлжин, Иманбековтер теміржолда жұмыс істеп жүріп, өздері сұранып, соғысқа аттанды. Әлімжанов соғыс аяқталған соң, Алматыға Түрксібке оралды, "Қызыл жұлдыз", "ІІ дәрежелі Отан соғысы" ордендерінің иегері болды. Таймасов Есмұхан – Түркістан – Сібір теміржолының бөлім бастығынан 28 Гвардияшыл Панфиловшылар дивизиясында артиллерия взводының командирі болып, барлық шайқастарға қатысып, 1943 жылдың 22 ақпанында тамаша ерлікпен қаза тапты.

Өткен 2005 жылдың 7 мамырында Ұлы Отан соғысының жеңісінің 60 жылдығын, фашистік Германиямен 1941-1945 жылдардағы кеңес халқының ерлік жеңісін тойлау қарсаңында орталық мұражайда соғыс ардагерлерімен кездесу өтті. Мұражайға кірер жерде фойеде "Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмыт қалмайды!" деген экспозицияда соғыстан қайтпағандарға от жалындап, екі офицер қарауылда тұрды. Кездесуге Ұлы Отан соғысының мүгедегі – Р.Тұғанбаев, С.Ф.Соколов, соғысқа қатысқан ардагерлер: Н.Д.Середенко, М.Бисимбаев, М.Мұхамеджанов, Б.Мұқажанов, В.И.Клименко, Н.П.Малахова және т.б. қатысты.

Түрксіб теміржолшыларының қазақстандықтардың фашистік Германияны жеңудегі ерлігі мен іс-қимылдары мұражайдағы 4 қабырға газетінде айқын көрсетілген, яғни түрксібшілердің жеңіске жетудегі нақтылы жанқияр ерлігі бүкіл Қазақстан тарихында мәңгі қалатыны сөзсіз.

                                               

Темекілі

Темекілі– Семей облысының Аякөз ауданындағы теміржол станциясы,Түрксіб темір жолының салынуымен байланыс ірге көтерді.Халқы 68 адам.Станцияда жүк тиеп,түсіру жұмыстары атқарылады, Клуб,қызыл бұрыш,халыққа тұрмыстық қызмет көрсеттін орындары бар.

                                               

Қаптағаев Мұқтар Қаратай

Қаптағаев Муқтар Қаратай ұлы - Түрксiб т. ж-ның атақты аға машинисi. 1949 жылдан КОКП мүшесi. Қаптағаев өзінің еңбек жолын 1928 жылы Түрксiб т. ж. құрылысында бастады, 1932 жылдан поезда кочегар, кейiн слесарь, машинистің көмекшісі, 1936-1954 жылдары Матай депосында аға машинист болып, локомотив бригадасын басқарды. 3-сайланған КСРО Жоғ. Cоветінің депутаты. Ленин орденiмен, Еңбек Қызыл Ту орденiмен, медальдармен марапатталған.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →