Топ-100
Back

ⓘ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. ҚР Президентінің 1992 ж. 7 мамырдағы Жарлығымен ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қайта құрылуының нәтижесінде құ ..



                                               

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Әскери-теңіз институты

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Әскери-теңіз институты – Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Жоғары әскери-теңіз училищесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 1 наурызда №314 қаулысына сәйкес Ақтау қаласында кәсіби-техникалық мектептің базасы негізінде құрылған. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2003 жылдың 10 шілдесі №684 "Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің кәсіби білім беру әскери-оқу мекемелерінің атын ауыстыру туралы" қаулысымен "Әскери-теңіз институтын" мемлекет мекемесі деп аты ауыстырылды. Институттың түлектері ҚР- ның Әскери-теңіз күштері мен ...

                                               

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы салааралық үйлестіру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін құруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Төтенше жағдайлар министрі Владимир Карпович Божко Мин ...

                                               

Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі заңдар мен заң күші бар жарғылар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз ету жөнінде қол қойған заңдар мен заң күші бар жарғылар.1991 жылы 25 қазан "Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру туралы" және "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік қорғаныс комитетін құру туралы" Жарлықтарына қол қойды. 10 желтоқсанда "Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы" Заңға қол қойды. 16 желтоқсанда - "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Заңы және т.б. 1992 жылы қаңтарда - Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскері құрылды. 13 қаңтарда - "Қазақстан Р ...

                                               

Қазақстан Республнкасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті (2002-)

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 26 қыркүйектегі қаулысымен ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер командашысы Бас басқармасының комитет болып қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 26 қыркүйектегі қаулысымен комитет туралы ереже бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ҚР Ішкі істер министрлігінің құзіреті шегінде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ҚЫЛМЫСТЫҚ және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды жүзеге асырған ведомство ...

                                               

Интернет

Интернет - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі. Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады. Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз. Егер бұл терминді енгізген ағылшын тіліндегі RFC құжатына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады. Егер Интернет сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер пакетін маршр ...

                                               

Ахмед Иүгінеки

Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд - ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгінеки қазақша Жүйнек қаласында туып өскен. Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб, парсы тілін меңгерген білімді адам болған.

                                               

Қазақстандағы басқа ұлттар немесе этникалық топтар тарихы

Бүгінгі мемлекеттердің басым көпшілігінің халқы көпұлтты сипатқа ие. Ресей империясының құрамында болған кезеңде және Қазақстанда жүргізген саяси-әкімшілік реформалары барысында алғаш рет қазақ халқының құрамында үлкен өзгерістер басталды. Қазақ халқының ұлттық құрамы моноэтникалық тұтастықтан полиэтникалық сипатқа ие болды. Халық саны жайлы мәліметтер салық мөлшерін, жер иелігі мен жерді пайдалану жүйесін айқындау үшін қажет еді. ХІХ ғ. 60-жылдарынан бастап Қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныс аудару ісі қолға алынды. Бұл шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылды. Орыс және украин шаруаларын Қаз ...

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
                                     

ⓘ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

ҚР Президентінің 1992 ж. 7 мамырдағы Жарлығымен ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қайта құрылуының нәтижесінде құрылды.ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 тамыздағы қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. Ережеге сәйкес министрлік қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы ҚР Қарулы Күштеріне басшылықты жүзеге асырған орталық атқарушы орган болып табылды. Бас штаб ҚР Қарулы Күштерін жедел-стратегиялық басқаруды жүзеге асыратын министрліктің құрылымындағы әскери басқару органы болып табылды. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды: мемлекеттің әскери саясаты мен ҚР әскери доктринасының мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу; ҚР әскери бюджетінің жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу; ҚР әскери-техникалық және әскери-экономикалық саясатын жүргізуде Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасын, әскери доктринасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; әскери-саяси жағдайға баға беруге, ҚР қауіпсіздігіне төнетін ықтимал қатердің сипаты мен дәрежесін айқындауға қатысу; Қарулы Күштерде мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; мемлекеттің егемендігін және аумақтық тұтастығын қорғауға Қарулы Күштердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын үнемі қолдау мен қамтамасыз ету, қарулы шабуылды болдырмау және ҚР-на қарсы агрессияға қарулы тойтарыс беру үшін қажетті жағдайлар жасау; Қарулы Күштер туралы ҚР Конституциясының нормалары мен ҚР нормативтік-құқықтық кесімдерін іске асыруды қамтамасыз ету; Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің және арнайы әскерлердің жедел мақсаты мен міндеттерін айқындау, оларды ҚР басқа әскерлерімен және әскери құралымдарымен, сондай-ақ халықаралық шарттар негізінде басқа мемлекеттердің қарулы күштерімен өзара іс-қимылда қолдану; ҚР Президентінің шешімімен Қарулы Күштерге адам, көлік және материалдық-техникалық ресурстарды жұмылдыруды жүргізу; Қарулы Күштерде идеологиялық және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; экономиканы жұмылдыру даярлығын ұйымдастыру және ұйымдардың белгіленген жұмылдыру тапсырмасын орындау даярлығын бақылауға қатысу; ғылыми-техникалық және арнаулы зерттеулер мен Қарулы Күштердің мұқтажы үшін әскери кадрларды даярлауды дамыту бағыттарын айқындау; әскери іс-әрекетті жүргізуге байланысты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; Қарулы Күштердің қару-жараққа, әскери-техника мен басқа да материалдық жабдықтарға сұранымын, олармен Қарулы Күштерді жұмылдыра өрістетудің жоспарын қамтамасыз ету, қару-жарақтың, әскери техника мен басқа да материалдық жабдықтардың жедел және стратегиялық қорларын жинақтау мен орналастыруды айқындау; әскери қызметшілердің, азаматтық қызметкерлердің қауіпсіздігі мен өмірін және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 14 маусымдағы қаулысымен министрліктің ҚР Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы құрылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 7 мамырдағы Жарлығымен ҚР Қарулы Күштерінің құрылымы бекітілді: 1) Қарулы Күштерге басшылық жасаудың жоғары әскери-саяси органы - соғыс кезінде Қарулы Күштердің бүкіл қызметіне жалпы басшылық жасауды және Штабтар бастықтарының комитеті арқылы оларды басқаруды жүзеге асыратын Жоғарғы Бас қолбасшылық ; 2) әскери басқару органдары: стратегиялық - Қорғаныс министрлігі және Штабтар бастықтарының комитеті ; жедел-стратегиялық - Қарулы Күштер түрлерінің құрамына кіретін бас қолбасшылардың, Қарулы Күштер әскер тектерінің қолбасшылары мен Қарулы Күштер Тылы бастығының басқармалары; жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық, жергілікті; 3) Қарулы Күштер түрлері: өңірлік қолбасшылық, әуе қорғанысы күштері; әскери-теңіз күштері; 4) Қарулы Күштер әскер тектері: Аэроұтқыр әскерлер; ракета әскерлері мен артиллерия; 5) Арнаулы әскерлер; 6) Қарулы Күштер тылы; 7) әскери- оқу орындары мен әскери-ғылыми мекемелер. ҚР Үкіметінің 2003 ж. 6 тамыздағы қаулысымен министрліктің Штаб бастықтарының комитеті және ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері құрылды. Министрліктің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылды: ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысының басқармасы; ҚР Қарулы Күштерінің ракета әскерлері мен артиллерия қолбасшысының басқармасы; ҚР Қарулы Күштерінің тыл қолбасшысы басқармасы; ҚР Қарулы Күштерінің Өңірлік әскер қолбасшысының басқармасы ҚР Қарулы Күштерінің Өңірлік әскер бас қолбасшысының басқармасы болып қайта аталды, № 21140 әскери бөлім КР Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы болып қайта аталды. Министрліктің бірқатар мемлекеттік мекемелері қайта аталды. Министрлік туралы ережеге өзгерту енгізілді, атап айтқанда ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабы туралы жолдар алынып тасталынды. ҚР Президентінің 2004 ж. 10 қарашадағы Жарлығымен ҚР Қарулы Күштерінің құрылымына бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 12 қарашадағы қаулысымен министрліктің ҚР Қарулы Күштерінің Өңірлік әскер бас қолбасшысының басқармасы таратылып, ҚР Қарулы Күштерінің әскери даярлық бас басқармасы құрылды. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 2 ақпандағы қаулысымен ҚР Қарулы Күштерінің арнайы әскерлері мен Тылы штат санының бекітілген лимиті шегінде ҚР Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелері құрылды: әскери полиция жасағы, әскери полиция жасағы, әскери полиция бөлімдері және гарнизондардың анықтау және іздестіру бөлімшелері, әскери полиция мамандарын даярлау орталығы, зат қоймасы.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →