Топ-100
Back

ⓘ Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы. Басқа мағыналар үшін Абай ауданы деген бетті қараңыз. Абай ауданы - Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілі ..



                                               

Айнабұлақ

Елді мекендер: Айнабұлақ – Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданындағы ауыл. Айнабұлақ – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Темірші ауылдық округі құрамындағы ауыл. Айнабұлақ – Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігі аумағындағы ауыл. Айнабұлақ – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Абай ауылдық округі құрамындағы ауыл. Айнабұлақ – Алматы облысы Көксу ауданындағы ауыл. Айнабұлақ – Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы ауыл. Айнабұлақ – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Балқантау ауылдық округі құрамындағы ауыл. Айнабұлақ – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар ...

                                               

Қызылоба

Қызылоба сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін: Қызылоба - Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы ауыл. Қызылоба - Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданындағы ауыл. Қызылоба тауы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы - тау.

                                               

Мұқыр

Мұқыр: Елді мекендер: Мұқыр – Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы ауыл. Мұқыр – Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. Мұқыр – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл. Мұқыр – Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы ауыл. Басқа мағыналар: Мұқыр – Қараөзен алабындағы өзен. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы жерімен өтеді. Мұқыр – Абай заманындағы Семей облысының әкімшілік бөлігі.

                                               

Тассай

Елді мекендер Тассай – Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Тассай ауылдық округі құрамындағы ауыл. Тассай – Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданындағы ауыл Тассай – Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Абай ауылдық округі құрамындағы ауыл. Тассай – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы ауыл.

Абай ауданы (Шығыс Қазақстан облысы)
                                     

ⓘ Абай ауданы (Шығыс Қазақстан облысы)

Басқа мағыналар үшін Абай ауданы деген бетті қараңыз.

Абай ауданы - Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. Семей облысының батыс бөлігінде 1928 жылы 3 қыркүйекте құрылған. Абай ауданы 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Абыралы ауданы" деп аталып, ол 1997 жылы таратылды да, бұрынғы атауымен қайта аталды. Орталығы - Қарауыл ауылы.

Аудан Абайдың өмірі, шығармашылығымен тығыз байланысты. Абай, Мұхтар Әуезов тарихи-өлкетану мұражайлары бар. Абайдың аналары - Зере, Ұлжан, жұбайлары - Ділдә мен Әйгерімге, балаларына ескерткіш-мазарлар орнатылған. "Еңлік-Кебек" кесенесі де осында. Абай шәкірттері Көкбай, Шәкәрім Абай ауданында өмір сүрген. Қарт ақын Шәкір Әбенов те осы ауданда тұрған.

                                     

1. Географиялық орны, жер бедері

Аумағы - 20 093 км². Жері бедері ойлы-қырлы болып келеді. Оңтүстік-батысын Ханшыңғыс 1152 м және Шыңғыстау 1077 м, шығысын Дегелең, Ордатас, батысын Дос, Мыржық таулары алып жатыр. Кен байлықтарынан мәрмәр, гранит, қиыршықтас, құм, т.б. өндіріледі.

                                     

2. Әкімшілік бөлінісі

11 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген:

  • Сарыжал ауылдық округі
  • Көкбай ауылдық округі
  • Құндызды ауылдық округі
  • Медеу ауылдық округі
  • Қарауыл ауылдық округі
  • Арқат ауылдық округі
  • Тоқтамыс ауылдық округі
  • Кеңгірбай ауылдық округі
  • Қасқабұлақ ауылдық округі
                                     

3. Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Орташа ауа температурасы қаңтарда - 15.5°С, шілдеде - 20.5°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері - 250–350 мм. Аудан аумағынан Шаған, Ащысу, Бөкенші өзендері ағып өтеді. Жазда құрғап қалатын ұсақ өзендер мен жылғалар, ащы және сор көлдер көп. Жері қоңыр және сортаң топырақты келеді. Өсімдіктерден далалық өңірде селеу, бетеге, жусан, ши, таулы өңірлерде терек, қайың, өзен бойларында тал, қарақат, мойыл өседі. Жануарлардан арқар, елік, қасқыр, түлкі, ор қоян, қарсақ, борсық, күзен, тиін, сарышұнақ; құстардан дуадақ, құр, бұлдырық, бөдене, тырна, қаз, үйрек, бүркіт, т.б. мекендейді.

Ауыл шаруашылығынана пайдаланатын жер аумағы - 3271.2 мың га 2006, оның ішінде егістік жері - 66.6 мың га, шабындық - 61.4 мың га, жайылым - 3141.1 мың га 2001. Тұрғындары облыс орталығы Өскемен қаласымен және көрші аудандармен автомобиль жолдары арқылы қатынайды. Ауданда Абай Құнанбайұлы пен М.О. Әуезовтің мұражайлары, Жидебай қорығы, Сарыкөл, Қоңыр әулие үңгірлері, Еңлік-Кебек зираты, т.б. тарихи орындар мен туристік маңызы бар көрікті жерлер бар.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →