Топ-100
Back

ⓘ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылд ..



                                               

Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күні - басқа елдерден бөлінген немесе оккупациясы тоқтатылған, әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттің құрылған күніне орай атап өтетін, ең көп таралған ұлттық мерекелердің бірі. Қазақстан Республикасында "Тәуелсіздік күнін" жиі ресми негізгі мемлекеттік мереке ретінде аталатын - 16 желтоқсанда, 1992 жылдан бері тойлайды.

                                               

1 қаңтар

Қаңтардың 1 - Григориан күнтізбесінде жылдың 1-ші күні. Жылдың аяғына 364 күн қалады. Бұл - жылдың бастапқы күні. Өткен күн - алдыңғы жылдың желтоқсанның 31.

                                               

Ұлттық мереке

Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі. Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267-ІІ Заңында 2-бабында Ұлттық мерекелерге Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап өтілетін 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні деп жазылған. 5-бапта. Мереке күндері туралы Қазақстан Респ ...

                                               

1 қыркүйек

Қыркүйектің 1 - Григориан күнтізбесінде жылдың 244-ші күні. Жылдың аяғына 121 күн қалады. 1729 - Ричард Стил, ағылшын жазушысы. 1970 - Франсуа Мориак 1885, француз ақыны және жазушы, 1952 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты 1885 - Эмиль Эггер en:Émile Egger 1813, француз филологы және тарихшы. 1836 - Соломон Иванович Додашвили 1805, грузиндік ағартушы, жазушы және қоғам қайраткері 1982 - Хаскелл Карри 1900, америкалық математик

                                               

9 қазан

1731 - Кіші жүзі ханы Әбілқайыр Ресейге мойынсынып Қазақстанның Ресейге қосылу процесін бастады. 2006 - Солтүстік Кореяда алғашқы ядролық қару сынақтан өтті. 1446 - Корея басшысы Седжон иероглифтік жазуды жаңа 28 әріптік әліппемен алмастырды.

                                               

Габон

Габон, толық ресми атауы - Габон Республикасы - Орталық Африкадағы ел болып, Франция елінің бұрынғы отары. Африка континентіндегі ең бай және тұрақты мемлекет болып ессептеледі. Елордасы - Либревиль қаласы.

                                               

Қазақстандағы әйелдер

Қазақстандағы әйелдер - Қазақстанда тұратын немесе осы елден шыққан әйелдер. Олардың қоғамдағы жағдайына әр түрлі факторлар әсер етті және қазіргі уақытта әсер етуде, солардың ішінде жергілікті дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, кеңестік биліктің онжылдықтары, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жедел әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тұрақсыздық, сондай-ақ жаңа қалыптасып жатқан батыс құндылықтары факторлары кіреді.

                                               

Қазақи өсім

Әлемде 3 мыңнан астам ұлттар мен ұлыстар бар екен. Бір ұлттан тұратын бірде-бір мемлекет жоқ. Шыққан тегі мен ұлттық санасына қарағанда, әлемдегі барлық қазақтар саны 15 миллиондай. Қытайдағы, Моңғолиядағы, Өзбекстанда, Ресейдегі қазақтар өзінің ата-жұртында өмір сүруде, ал қалған қазақ диаспорасы әртүрлі жағдайларға байланысты қоныс аударуға мәжбүр болғандар. Айта кетерлігі, қазақтардың өздерінің атамекен жерлерінде азшылықта болуы Тәуелсіздікке қол жеткізген күнге дейін орын алып келген. Қазақ диаспоралары шарықтаған нарық экономикасы мен азаматтық қоғам орнаған елдерде ғұмыр кешуде, жән ...

                                               

Қырғи қабақ соғысы

"Қырғи қабақ соғысы" - 1945 - 1991 ж. аралығында әлемдегі екі саяси жүйедегі аса ірі мемлекеттер КСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық саясат. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Гитлерге қарсы одақ ыдырап, КСРО мен АҚШ басшылары дүние жүзін қайта саяси бөліске салды. КСРО Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне социолистік жүйені енгізді. Ал АҚШ бастаған Батыс Еуропа елдері" коммунистік ағымды” әлемге таратпауға, бұрынғы жүйені сақтап қалуға тырысты. АҚШ пен Батыс Еуропа елдері КСРО мен социолистік жүйеге қарсы тұру үшін НАТО соғыс блогіне бірікті. Ал КСРО бастаған социолистік елдер Варшава ...

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
                                     

ⓘ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

                                     

1. Тарихы

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі" Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран - Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. Ал" Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →