Топ-100
Back

ⓘ Энтомология – жәндіктерді зерттейтін ғылым, зоологияның бір саласы. Энтомология жер бетінде, топырақ арасында, суда, ауада таралған жәндіктердің тіршілігін зерт ..



Энтомология
                                     

ⓘ Энтомология

Энтомология – жәндіктерді зерттейтін ғылым, зоологияның бір саласы.

Энтомология жер бетінде, топырақ арасында, суда, ауада таралған жәндіктердің тіршілігін зерттейді. Жәндіктерді ғыл. түрде зерттеу 17 ғ-да басталды. Энтомологияның негізін салушылар италян биологы М.Мальпиги 1628 – 94, голланд натуралисі Я.Сваммердам 1637 – 80 және француз табиғат зерттеушісі Р.Реомюр 1683 – 1757 болды. 18 ғ-дың бас кезінде француз энтомологы Ж.Дюфурдың зерттеу жұмыстары арқасында жәндіктерді салыстырмалы анатомия тұрғысынан зерттеу жақсы дамыды. 18 ғ-дың 2-жартысында орыс ғалымы П.С. Паллас Энтомологияға көп еңбек сіңірді. 19 ғ-дың ортасында Энтомология зоологияның жеке саласы болып шықты. Қазіргі кезде Энтомологиялық зерттеулер негізінен екі бағытта жүргізіледі. Жалпы Энтомология жәндіктердің құ-рылысы мен тіршілігін, олардың жекелей дамуы мен эволюциясын; ал қолданбалы Энтомология а. ш. дақылдары мен өнімдерінің, орман ағаштарының зиянкестерін, паразиттерді, қансорғыштарды, ауру тарататын жәндіктерді зерттейді. Бұдан басқа Энтомологияның ішінде колеоптерология қаттықанаттыларды зерттейді, лепидоптерология қа-быршаққанаттыларды, мирмекология құмырсқаларды, т.б. салалары бар. Қазақстан жәндіктерін алғаш 19 ғ-да П.П. Семенов-Тянь-Шаньский, Н.А. Северцов, А.П. Федченко, А.П. Семенов-Тянь-Шаньский, В.Ф. Ошанин экспедициялары зерттеді. Жеке Энтомологиялық мәселелермен 1921 ж. құрылған Жетісу энтомологиялық бюросы 1924 ж. Өсімдік қорғау ст. болып қайта құрылды айналысты. Энтомология саласындағы жүйелі зерттеулер КСРОҒА-ның Қазақстандық базасының Зоология секторында 1932 ж. басталып, осы күні Зоология ин-тында жалғастырылуда. Республиканың әр өңіріне тән жәндіктер фаунасы жөніндегі мағлұматтар" Қазақстан соналары”," Қазақстанның қан сорғыш масалары”," Қазақстан цикадалары”," Қазақстан ағашжегі қо-ңыздары”," Орта Азия және Қазақстан бізтұмсық қоңыздары”," Қазақстан мен Орта Азия қазғыш аралары”," Жетісу шөліндегі құмырсқалар”," Қазақстанның қансорғыш шыбындары”," Қазақстанның жапырақжегі қоңыздары”," Қазақстан мен Орта Азия жайпақ мұртты қоңыздары”, т.б. ғыл. еңбектерде басылды. Қазақстан жәндіктерінің жүйеленімі, фаунасы, экологиясы, географиясы үнемі жаңартылып, толықтырылып отырылады. Қазақстанда Энтомология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар: акад. И.Г. Галузо, Т.Н. Досжанов, ғыл. докторлары Б.Шайкенов, И.Д. Митяев, В.Л. Казенас, Д.Жатқанбаева, т.б.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →