Топ-100
Back

ⓘ Алматы Темір Жолы - Қазақ темір жолының Алматы, Тараз, Семей, Шымкент және Шу бөлімшелерін қамтыған торабы. Пайдалану ұзындығы 3086 км. Ірі тораптық стансалары ..



                                               

Балалар темір жолы

Балалар темір жолы – Темір жол басқармасы оқу бөлімінің қарауында болатын мектептен тыс балалар мекемесі. Балалар темір жолының мақсаты – жас өспірімдердің темір жол транспортына ынтасын арттырып, техникалық шығармашылығын дамыту, оларды темір жол мамандығына бейімдеу. Балалар темір жолының жұмысы политехникалық білім берудің жүзеге асуына ықпал етеді. Балалар темір жолының бастығы педагогикалық тәжірибесі бар инженер болады. Балалар темір жолы бастығының жанында 2 кеңесші мүше болады: Жас темір жолшылар кеңесі оның құрамы үйірме мүшелерінің жалпы жиналысында сайланады. Педагогтық кеңес үй ...

                                               

Автомобиль жолы

Автомобиль жолы - автомобиль көлігінің жүруіне арнап салынған жол. Автомобиль қозғалысының жиілігіне байланысты техникалық топтастыруға сәйкес aвтомобиль жолы 5 категорияға бөлінеді. I категориялы aвтомобиль жолында автомобиль жылдамдығы сағатына 150 км болса, V категориялы Автомобиль жолында жылдамдық сағатына 60 км. Автомобиль жолы бойында жол белгілері, қызмет көрсету ғимараттары болады. Біздің елімізде aвтомобиль жолының жалпы мемлекеттік, республикалық, облыс, жергілікті, шаруашылық түрлері бар. Қазақстанда табиғи ресурстар мен ірі экономикалық орталықтар бір-бірінен алшақ болғандықта ...

                                               

Хиджаз темір жолы

Хиджаз темір жолы нда алғашқы пойыз сапары 1908 жылы 27 тамыз, бейсенбі күні Стамбулдан келген жолаушылармен бірге Шам қаласынан қасиетті Мәдина мүнәууәра бағытына жасалған. Бұл темір жолдың негізін қалаған Сұлтан II Әбділхамит еді. Пойызда өкімет адамдарынан құралған комитеттен басқа, жергілікті және шетелдік көптеген журналистер бар болатын. Бұл ерекше пойыздың қонақ күтетін үлкен бір зал ретіндегі вагоны, бір мейрамханасы, бір мешіт вагоны және үш жолаушылар вагоны бар еді. Пойыздың жылдамдығы сағатына 40-60 км шамасында еді. Пойыз тек қана екі нәрсе үшін тоқтайтын – кем-кетігін толықты ...

                                               

Ачинск

Ачинск - Ресейдегі Краснояр өлкесіндегі қала. 1782 жылы қала статусын алған. Чулым өзенінің оң жағында, Кузнецк Алатауындағы Арға жотасының етегін ала орналасқан. Сібір темір жолы бойындағы станция. Кемежай. Халқы - 107 583 тұрғын 2013 жылғы мәлімет бойынша. Ет комбинаты, аң терісінен бұйым тігу комбинаты, элеваторлар, сүт, жөндеу-механикалық, құрылыс материалдары, алюминий тотығын алу глинозем зауттары, тігін, аяқ киім, жаһаз, слюда өндеу фабрикалары жұмыс істейді. Индустриялы-педагогикалық, механиктік-технологиялық, құрылыс, ауыл шаруашылық, сауда колледждер, педагогикалық, медициналық у ...

                                               

Үшкөл

Үшкөл - Алматы облысының Қаратал ауданындағы ағынсыз көл. Молалы темір жолы стансасынан солтүстік-батыста, Жалқұм мен Үшкөл құмы аралығында, Үшқара тауының солтүстік-шығыс беткейіндегі төбеаралық құмды ойыста жатыр.

                                               

Көпір

Көпір - әр түрлі кедергілерді басып өтуге арналған өткелдік құрылыс. Пайдалану мақсатына немесе транспорт түріне қарай К. автомоб. жолы көпірі, темір жол көпірі, жүргіншілер көпірі, акведук және көпір-каналдар болып, ал орналасу орыны бойынша қалалық көпір, жолөтпе, виадук, эстакада т.б. болып ажыратылады. Көпір: - қайсыбір кедергіден өту үшін салынған құрылыс жол ғимараты. - қандай да бір табиғи немесе жасанды кедергілерден өту үшін үстіне жол төселетін инженерлік құрылыс. Пайдалану мақсатына, көлік түріне қарай: автокөлік жол көпірі, темір жол көпірі, жүргіншілер көпірі, акведук және кан ...

                                     

ⓘ Алматы темір жолы

Алматы Темір Жолы - Қазақ темір жолының Алматы, Тараз, Семей, Шымкент және Шу бөлімшелерін қамтыған торабы. Пайдалану ұзындығы 3086 км. Ірі тораптық стансалары 1-Алматы, Семей, Защита, Аягөз, Ақтоғай, Зырян, Шу. 1977 ж. Қазақ темір жолын ірілендіру кезінде құрылған. Оның қалыптасуы Түркістан-Сібір темір жол құрылысынан басталған. 1931 ж. 1 қаңтарда ұзындығы 1444 км Түркісіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді. 1931 - 32 ж. Локоть - Защита және Защита - Лениногор желісі тартылды. Бұдан соң жолдың Көксу - Текелі тармағы салынды. 1953 ж. Өскемен - Зырян, 1985 ж. Саяқ - Ақтоғай желілерінің құрылысы аяқталды. 1959 ж. жұмыс істей бастаған ұзындығы 304 км-ден астам Ақтоғай - Дружба темір жол торабы да осы жол бойында. 1991 ж. Дружба - Алашанькоу мен 1996 ж. Теджен - Серахс - Мешхед шекаралық т.ж. өткелдерінің құрылысы аяқталуы еліміздің Тынық мұхит пен Жерорта т. жағалауының айлақтарына шығуына жол ашты. Тегеран - Бендер - Аббас темір жол желісі Республиканы Парсы шығанағымен жалғады. Сөйтіп, ежелгі Ұлы Жібек жолы бойында Трансазия темір жол торабы жасалды, осының нәтижесінде Азия - Тынық мұхит аймағымен, Еуропа, Таяу Шығыс елдері арасындағы жол қысқарды. Дружба - Алашанькоу шекара өткелі арқылы Алматы - Үрімші - Алматы бағытындағы халықар. жолаушылар поездарының жүйелі қозғалысы болашақта Пекинге дейін жалғастырылмақ. 1995 ж. шекаралық Дружба ст. арқылы ҚР-нан ҚХР-на тасылатын жүктің көлемі 1.7 млн. т-ға жетті. 2000 ж. оны 15 млн. т-ға жеткізу көзделіп отыр. Жүк өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жолдың қуаты мен сенімділігін арттыру, Ақтоғай - Дружба темір жол желісін нығайту шаралары жүзеге асырылды.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →