Топ-100
Back

ⓘ Мұхтар Әуезовтің алпыс жылдығына арналған мақалалар жинағы. Әуезовтің алпыс жылдығына арналған мақалалар жинағы – Мұхтар Әуезовтің 60 жылдық мерейтойына орай, 1 ..



                                     

ⓘ Мұхтар Әуезовтің алпыс жылдығына арналған мақалалар жинағы

Әуезовтің алпыс жылдығына арналған мақалалар жинағы – Мұхтар Әуезовтің 60 жылдық мерейтойына орай, 1959 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының баспасынан қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақалалар жинағы. Редакция алқасы: академик І.Кеңесбаев, Ы.Дүйсенбаев, Е.Лизунова, А.Нұрқатов. Кітап Әуезовтің Ленин орденімен марапатталуы, жазушыға "Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қызметкері" құрметті атағын беру туралы жарлықтармен, Қазақстан Үкіметінің, "Правда" газетінің, Қазақ КСР Ғылым Академиясының, бір топ КСРО жазушыларының, Қазақстан Жазушылар одағының құттықтауларымен басталып, одан әрі 18 адамның - қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың, ғалымдардың, әдебиет сыншыларының мақалалары топтастырылған.

Бұларда қаламгердің жазушылық, ғылыми-педагогика қызметі, оның дүние жүзі әдебиетіне қосқан зор үлесі - проза және драматургия жанрын дамытудағы жемісті еңбегі атап көрсетілген. Жинақта Қаныш Сәтбаевтың "Қазақ совет әдебиетінің үздік шығармасы" атты мақаласы берілген. Онда ол ұлы Абайдың өнегелі өмір жолын, өскен ортасын, кешкен дәуірін айқара ашып, 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ елінің тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, сұлу табиғатын көркемдік тұрғыдан шыншылдықпен суреттеген М.О.Әуезовтің ұлан-ғайыр қызметіне, кең арналы шығармасына, тілінің байлығы мен онда шынайы бейнеленген образдарға шолу жасайды. Көпшілікке арналған. Көлемі 19 баспа табақ. Таралымы 1090 дана.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →