Топ-100
Back

ⓘ Евгений Васильевич Гвоздев. Гвоздев Евгений Васильевич – биология ғылымдарының докторы 1967, профессор 1968, Қазақстан ғылым академиясының академигі 1979, Қазақ ..



Евгений Васильевич Гвоздев
                                     

ⓘ Евгений Васильевич Гвоздев

Гвоздев Евгений Васильевич – биология ғылымдарының докторы 1967, профессор 1968, Қазақстан ғылым академиясының академигі 1979, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері 1978.

ҚазМУ-ды бітірген 1944, қазіргі ҚазҰУ. 1944–97 ж. Қазақстан ғылым академиясының Зоология институтында аспирант, лаборатория меңгерушісі, директор 1971–88, бас ғылыми қызметкер 1988–97, 1976–88 жылдары Қазақстан ғылым академиясының вице-президенті болды. 1997 жылдан Зоология институтының құрметті директоры.

"Фауна, систематика и экология гельминтов диких животных Казахстана и природная очаговость гельминтозов домашних птиц" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

Негізгі ғылыми еңбектері жалпы гельминтология мәселелеріне, Қазақстан балықтары, үй және жабайы құстары, сүтқоректілері паразиттерінің фаунасы мен жүйеленіміне арналған. Қазақстан жерінде бұрын зерттелмеген гельминттер фаунасына көп көңіл бөліп, гельминтоздардың табиғи ошақтылығы жөнінде бірқатар мәселелердің шешімін тапты. Қазақстанда жерсіндірілген пайдалы жануарлардың паразиттер фаунасы, ауланатын жануарлар денесінде масылдық тіршілік ететін жалпақ құрттар мен таспа құрттардың биологиясын зерттеп, жабайы тауықтәрізділер мен қазтәрізділердің гельминтоз ауруларын таратудағы рөлін анықтады, гельминттердің ғылымға беймәлім 8 түрін тапты.

Екі рет Ленин, Еңбек Қызыл Ту және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →