Топ-100
Back

ⓘ Дуррани мемлекеті - Иран билеушісі Надир шаҝтың Афшар империясы ыдырағаннан кейін қазіргі Ауғанстан жерінде құрылған мемлекет. Ауған қоғамындағы әлеуметтік жағд ..



Дуррани мемлекеті
                                     

ⓘ Дуррани мемлекеті

Дуррани мемлекеті - Иран билеушісі Надир шаҝтың Афшар империясы ыдырағаннан кейін қазіргі Ауғанстан жерінде құрылған мемлекет. Ауған қоғамындағы әлеуметтік жағдай және сыртқы жаулардан өз жерін қорғап қалу қажеттігі жергілікті тайпаларды бір орталыққа бағынуға мәжбүр етті. Тайпалар арасындағы билік үшін ұзаққа созылған күрестен кейін мемлекет билігі абдалы тайпасының көсемі Ахмад шаһ Дурранидің қолына тиді, әрі тайпаның аты да Дуррани болып өзгертілді. Надир шаҝ империясының күйреуі, Ұлы моғолдар империясының ыдырауы және Орта Азиядағы хандықтардың өзара қырқыстары жаңа мемлекет үшін аса қолайлы сыртқы саяси хал-ахуал туғызды. Ахмад шаҝ Солтүстік-батыс Үндістанға, Шығыс Иранға, Оңтүстік Түркістанға бірқатар жорықтар жасап, бірте-бірте қуатты мемлекетке айналды. Көптеген елдермен, соның ішінде ел тарихында тұңғыш рет Ресеймен және Қазақ хандығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Қытайға қарсы соғысу үшін мұсылман елдерінің одағын құруға әрекеттенген Ахмад шаҝ қазақ ханы Абылайға елші аттандырып, екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнатылды. Ауғанстанда тұрақтылық орнауына байланысты ел территориясы арқылы халықар. сауда-саттық дамыды. Дуррани Мемлекетінің экономикасы көтерілді, жаңадан көптеген қалалар салынды. Ел астанасы 1773 жылға дейін Кандагар қалачы болып, Тимур шаҝ тұсында Кабул қаласына көшірілді. Дуррани Мемлекеті өздері жаулап алған халықтарға орасан көп мөлшерде алым-салықтар салды. Осыған байланысты мемлекет аумағында жиі-жиі көтерілістер болып тұрды. Мысалы, 1750 - 60 жылдары Пенжаб үнді тайпаларының көтерілістері, 1768, 1779, 1789 жылдары Оңтүстік Түркістан өзбектерінің көтерілістері, т.с.с. Бұл көтерілістер орта үкіметті әлсіретіп, тайпа көсемдерінің билігін күшейтті. Тайпа көсемдері жеке дара билікке ұмтылып, 19 ғасырдың бас кезінде Дуррани Мемлекеті ыдырай бастады. Оның орнында бірнеше ұсақ хандықтар құрылды.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →