Топ-100
Back

ⓘ Егемен Қазақстан - Қазақстан Республикасында шығатын республикалық газет. Тарихы, беделі, қоғамдық пікірге ықпалы және таралымы жөнінен Егемен Қазақстан газеті ..



                                               

Мамадияр Дәлдібекұлы Жақып

Мамадияр Дәлдібекұлы Жақып – журналист. ҚазМУ-ды бітірген. 1960 – 61 жылдары "Семей таңы" газетінде еңбек етті. 1961 – 65 жылдары Семей облыс Комсомол комитетінің хатшысы, 1965 – 71 жылдары "Социалистік Қазақстан" газетінің Семей облысындағы меншікті тілшісі, 1973 жылдан газеттің ауыл шаруашылық, өнеркәсіп, партия тұрмысы бөлімдерінің меңгерушісі болды. 1986 – 87 жылдары Алматы облыс "Жетісу" газетінің редакторы, Желтоқсан оқиғасынан кейін 1987 – 88 жылдары Күрті ауданы "Шұғыла" газетінде корректор, 1988 жылдан "Социалистік Қазақстан", газетінде қызмет етіп келеді. Ж-тың "Абырой", "Ұстаз" ...

                                               

Еңбекшіқазақ

                                               

Төреқұл Нысанбек

1960 Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Ұжымшарда бухгалтер, Түркістан облысы Арыс қаласында Халық соты, "Оңтүстік Қазақстан", қазіргі "Егемен Қазақстан" газеттерінде қызметкер болды. 1961 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында, "Қазақ Совет энциклопедиясы" редакциясында қызметтер атқарды. "Қазақтың қазіргі ауызша және дербес шығармашылығы жанрлық құрамы және құрылымдық-функционалдық ерекшеліктері" тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

                                               

Раевка ауылдық округі

                                               

Газет

Газет - мерзімді, уақытша не бір рет қана шығатын басылым. Ежелгі Шығыс қалаларында көпшілік орындарға ілінетін хан жарлықтарынан бастау алады. 16 ғасырда Венецияда "жаңалық жазушылар орталығы" құрылып, арнаулы ақпараттарын "газета" деп аталатын тиынға сатты. 1631 ж. француздық "La Gazzette" мерзімді басылымының шығуына байланысты "газета" термині осы заманғы мағынасына ие болды. Қазақ тіліндегі тұңғыш басылымдар "Түркістан уәлаятының газеті" мен "Дала уәлаятының газеті". 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ұлттық мүддені көздеп, бұқаралық сананы оятуға ұмтылған "Қазақ" газеті, "Серке" бас ...

                                               

Авут Масимов

Авут Масимов 1953 жылы 16 наурызда Алматы облысының Шелек ауданына қарасты Қаратұрық ауылында туған. 1970 жылы А. Саттаров атындағы орта мектепті бітірген соң Алматы қаласындағы баспаханада жұмыс істеген. 1981 жылы Санкт-Петербург қаласындағы баспа-полиграфия оқу орнын техникалық редактор мамандығы бойынша бітірген. 1973 жылдан бастап Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеттің баспаханасында "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттерінің бет жасаушысы, 1975 жылы "Коммунизм туғи" газетінде корректор, 1991 - 1996 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының органы "Арзу" журналында ж ...

Егемен Қазақстан
                                     

ⓘ Егемен Қазақстан

"Егемен Қазақстан" - Қазақстан Республикасында шығатын республикалық газет. Тарихы, беделі, қоғамдық пікірге ықпалы және таралымы жөнінен "Егемен Қазақстан" газеті қашанда Қазақстандағы нөмірі бірінші қазақтілді басылым болып келді. Бейресми түрде ол елдің бас газеті деп аталады.

                                     

1. Тарихы

"Егемен Қазақстанның" тарихы 1919 жылы 17 желтоқсанда Орынбор алғашқы саны жарық көрген "Ұшқын" газетінен басталады. Одан кейін газеттің аты бірнеше рет өзгерді. Басылым 1920 жылы "Еңбек туы", 1921 жылы "Еңбекші қазақ", келесі жылы "Еңбекшіл қазақ", 1932 жылы "Социалды Қазақстан" деген атпен шықты. Ал 1937 жылы "Социалистік Қазақстан" болып өзгерілді де, осы атпен ол 54 жыл бойы жарық көріп тұрды.

1991 жылдың маусымында республика тәуелсіздік алуға санаулы айлар қалғанда басылымның аты "Егеменді Қазақстан" болып өзгертілді. Бұл кезде оның бас редакторы белгілі жазушы, публицист Шерхан Мұртаза еді. "Егеменді" – жаңа дәуірмен бірге қолданысқа жаңа ене бастаған сөз болатын. 1993 жылдың 1 қаңтарынан лингвистердің пікірлерінен туған талқылаудан кейін газеттің бас редакторы Әбіш Кекілбаевтың ұсынысымен басылым атауындағы "-ді" жұрнағы алынып, "Егемен Қазақстан" болып өзгерді. Осы атпен газет 23 жылдан бері шығып келеді.

2016 жылдың қыркүйегінен басылым жаңа дизаин, жаңа форматта және барлық беттері түрлі-түсті болып шыға бастады.

Алғаш жарыққа шыққан кезден бастап Қазақстанның астаналары ауысуымен бірге басылымның редакциясы да бірнеше рет қоныс аударып, әр кезеңде Қызылордада, Алматыда орналасты. 1999 жылы редакция Қазақстанның жаңа елордасы Астанаға қоныс аударды.

Газеттің бас ғимараты Астана қаласында, "Егемен Қазақстан" газеті көшесі, 5/13-үй мекенжайында орналасқан. Ғимарат газет редакциясы үшін арнайы салынған.

Алғашқы тарихынан бастап басылымда қазақ ұлтының ірі мемлекет қайраткерлері мен көрнекті қаламгерлері қызмет етті, газетке басшылық етті, өздерінің шығармаларын жариялады. Олардың қатарында Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов сияқты тұлғаларды атауға болады. Жаңа дәуірде "Егемен Қазақстанды" Сапар Байжанов, Балғабек Қыдырбекұлы, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Нұрлан Оразалин, Сауытбек Әбдірахманов сияқты қаламгерлер басқарды.

                                     

2. Құрылымы

"Егемен Қазақстан" құрылымдық жағынан материалдар тақырыбы мен атқарылатын жұмыс саласына байланысты Саясат және құқық, Экономика, Әлеумет және білім, Мәдениет және руханият, Спорт, Интернет-редакция сияқты бөлімдерге бөлінген.

Газеттің барлық облыста меншікті тілшілері, Алматы қаласында және Шымкентте тілшілер қосыны бар.

"Егемен Қазақстан" акционерлік қоғамында 100-ден аса адам жұмыс істейді.

                                     

3. Сайты

"Егемен Қазақстан" газетінің сайты 2005 жылы іске қосылған. Сайтта бүгінгі күні газеттің 2005 жылғы қазан айынан бергі материалдардың мұрағаты бар. Басылымның интернет-версиясын Қытай, Ресей, Түркия, Иран сияқты елдерден оқырмандар қарайды. Қазіргі уақытта egemen.kz сайты оқырмандарының саны көбейіп келе жатқаны байқалады. Мобильдік нұсқасы және қосымшалары бар.

Газеттің төте жазу әліпбиіндегі және қарпіндегі онлайн-нұсқасы egemen.kz/tote жұмыс істейді.

Сайттың орыс және ағылшын тіліндегі нұсқасы бар ru.egemen.kz,en.egemen.kz

                                     

4. Қосымшалары

"Егемен Қазақстанның" бірнеше қосымшасы бар. Қосымшалар жеке сайт ретінде де жарық көреді.

"Етжеңді" қосымшасы etjendi.egemen.kz айына бір рет қағаз версияда шығады. Ол мәдени, тарихи және танымдық тақырыптағы мақалаларға арналған.

Бұдан басқа онлайн-версиядағы "Фотоархив" photo.egemen.kz қосымшасында газеттің аса бай фотомұрағаты сақталған.

Бұдан басқа goszakup.egemen.kz, satypalu.egemen.kz қосымшалары бар.

                                     

5. Жетістіктері

"Егемен Қазақстан" газетінің шығармашылық ұжымы көптеген беделді мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды. Басылымда Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ҚР Президенті сыйлығының, 7 - БАҚ саласындағы ҚР Президенті грантының, "Дарын" мемлекеттік сыйлығының, "Халықаралық "Алаш" сыйлығының, "Қазақстан Журналистер Одағы" сыйлығының, "Нұр Отан" партиясының журналистика саласындағы сыйлығының иегерлері, Халықаралық "Шабыт" шығармашыл жастар фестивалінің, С.Бердіқұлов атындағы спорт журналистері атындағы сыйлығының лауреаттары жұмыс істейді. Сондай-ақ, бірқатар журналистер "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағымен, "Баспа және полиграфия ісінің қайраткері" Құрмет белгісімен, "Құрмет" орденімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл" мемлекеттік медалімен, "ҚР Президентінің "Астана" медалімен, "Қазақстан Халықтарының ассамблеясына 20 жыл" мерекелік медалімен, басқа да медальдармен және алғысхаттармен марапатталған.

                                     

6. Қосымша деректер

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, Парламенттің заңдары,құқықтық актілер және басқа да түрлі ресми ақпараттар "Егемен Қазақстан" газеті мен сайтында жарияланады.

Жылына бір рет Жоғары оқу орындарына түсу үшін тапсырылған Ұлттық бірыңғай тесттің қорытындыларын жариялау құқығы "Егемен Қазақстан" газеті мен сайтына берілген.

Астанада "Егемен Қазақстан" атты көше бар. Газеттің бас ғимараты осы көшеде орналасқан.

"Егемен Қазақстан" газетінің қызметкерлерге арналған жатақханасы бар. Ол бас ғимараттың жанына салынған.

                                     

7. Газетті басқарған адамдар

1919 жылғы" Ұшқын” аталған кезінен бері басқарған газет басшылары:

  • Ержұман Смайыл
  • Смағұл Сәдуақасов
  • Айтмұхамед Мусин
  • Шерхан Мұртаза
  • Уәлихан Қалижан
  • Әмір Қанапин
  • Көрік Дүйсеев
  • Жанайдар Садуақасов
  • Сапар Байжанов
  • Сәкен Сейфуллин
  • Бейімбет Майлин
  • Тәмимдар Сафиев
  • Балғабек Қыдырбекұлы
  • Халел Есенбаев
  • Жүсіпбек Арыстанов
  • Сақтаған Бәйішев
  • Мұхтар Әуезов
  • Ғаббас Тоғжанов
  • Еркін Қыдыр
  • Дархан Қыдырәлі
  • Әбдірахман Байділдин
  • Ғабит Мүсірепов
  • Ораз Жандосов
  • Нұрлан Оразалин
  • Балтабек Асанов
  • Қабыл Бекмұратов
  • Ораз Исаев
  • Тұрар Рысқұлов
  • Кеңесбай Үсебаев
  • Жүсіпбек Аймауытов
  • Бернияз Күлеев
  • Ұзақ Бағаев
  • Ғұмар Аққұлов
  • Молдағали Жолдыбаев
  • Сауытбек Абдрахманов
  • Қасым Шәріпов
  • Әбіш Кекілбайұлы


                                     

8. Мақалалар

Грант 2020: Білім гранты иегерлерінің тізімі Қасым-Жомарт Тоқаев: Абай – рухани реформатор Қасым-Жомарт Тоқаев: Әрбір қазақ Абаймен мақтануға тиіс! Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады

                                     

9. Сілтемелер

  • Газеттің ресми сайты

"Егемен Қазақстанның" Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы "Егемен Қазақстанның" Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы "Егемен Қазақстанның" ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы "Егемен Қазақстанның" Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы "Егемен Қазақстанның" Telegram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы "Егемен Қазақстанның" Youtube әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы

                                               

Әбдуғалиев Сағат Мұхтарұлы

Әбдуғалиев Сағат Мұхтарұлы - ақын. Алғашқы өлеңдері аудандық "Ленин жолы" газетінде жарияланды. Кейін облыстық "Орал өңірі", республикалық "Социалистік Қазақстан" газеттерінде, "Жалын" альманағында басылды. Оның "Құлыншақ көктем", "Көзайым келешек" атты жыр жинақтары жарық көрді.

                                               

Байтұрсын Ілияс

Байтұрсын Ілияс - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген. 1963 жылы Қарағанды облысы "Орталық Қазақстан" газетінде еңбек еткен. Көп жылдар "Социалистік Қазақстан" газетінің Қостанай облысындағы арнаулы тілшісі, Қостанай университетінде доцент қызметтерін аткарған. "Тың түлектері", "Тоғыз перне" кітаптары жарық көрген. Бірнеше топтамалық жинақтарға өлеңдері мен очсрктері енген. Алтын бесік - Қостанай. А., 1998. Өлеңдер мен поэмалар. А., 1990;

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →