Топ-100
Back

ⓘ Орынбор-Ташкент темір жолы – 1901 – 05 жылдары салынып, пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы 2090 км, оның ішінде қазақ жері арқылы өтетін бөлігі 1660 км. Орынб ..



                                               

Қазалы клубы

Қазалы клубы – мәдени-архитектуралық ескерткіш. 1904 жылы Орынбор – Ташкент темір жолы құрылысына байланысты салынған. Қазалы станциясында вокзал маңында орнатылған. Жаңа құрылыстармен үлкейтілген, ауданы 64х48 м, күйдірілген кірпіштен қаланған, іші сыланып, ақталған, шатыры қаңылтырмен жабылған. Мұнда теміржолшылардың Мәдениет үйі және кітапханасы орналасқан. 1982 жылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізілді. Қазалы клубына қатысты материалдар Алматыдағы "Қазақ жобалау-қалпына келтіру" институты архивінде сақтаулы.

Орынбор-Ташкент темір жолы
                                     

ⓘ Орынбор-Ташкент темір жолы

Орынбор-Ташкент темір жолы – 1901 – 05 жылдары салынып, пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы 2090 км, оның ішінде қазақ жері арқылы өтетін бөлігі 1660 км. Орынбор-Ташкент темір жолын салу ісі Николай ІІ патшаның 1901 жылдың 21 сәуірдегі бұйрығы негізінде қолға алынды. Орыс үкіметінің Орынбор-Ташкент темір жолын салудағы басты мақсаты Ортадық Азия үшін Англиямен арадағы бәсекелестікте жеңіп шығу, өлкедегі арзан шикізат қорын Ресейге тасу, Түркістан өлкесіне тура шығу болды. Салынатын жолдың бүкіл желісі әкімшілік жағынан екі бөлікке бөлінді. Жолдың оңтүстік бөлігі Түркістан өлкесі Сырдария облысының аумағы бойынша, cолтүстік бөлігі Орынбор губерниясы, Торғай облысының және Орал облысы Темір уезінің аумағы бойынша өтетін болып белгіленді. Құрылыс Орынбор жағынан 10 мамырда, ал Ташкент жағынан 9 қарашада басталды. Бұған 70 млн. сом қаржы жұмсалды, 40 – 50 мың жергілікті тұрғындар жұмыс істеді. 1904 жылы 1 қаңтарда бүкіл Орынбор-Ташкент темір жолы бойынша поездардың уақытша жүрісі ашылды. Солтүстік бөлігі толық аяқталып, 1905 жылы 25 шілдеде, оңтүстік бөлігі 1906 жылы 1 сәуірде пайдалануға берілді. 1905 жылы 1 қаңтардан бастап Орынбор – Самара – Златоуст жолының телімі, ал 1906 жылы 22 шілдеден бастап Орта Азия жолының Ташкент станциясы Орынбор-Ташкент темір жолына қосылды. Соның нәтижесінде жаңа желінің жалпы ұзындығы ұлғайды. Бес ірі станса – Ақтөбе, Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан Қазақстанның Ресеймен және Орталық Азиямен байланыс торабына айналды. Жол басқармасы Орынбор қаласында болды. Орынбор-Ташкент темір жолы қазіргі кезде Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарын Ортадық Азия республикаларымен, Ресеймен, Кавказ және Шығыс Еуропа елдерімен байланыстыратын негізгі темір жол желісі.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →