Топ-100
Back

ⓘ Териология – зоология ғылымының сүтқоректілер мәселесін зерттейтін саласы. Сүтқоректілердің таралуы, мекендейтін жерлері мен тіршілігі, ерекшелігі туралы алғашқ ..



Териология
                                     

ⓘ Териология

Териология – зоология ғылымының сүтқоректілер мәселесін зерттейтін саласы. Сүтқоректілердің таралуы, мекендейтін жерлері мен тіршілігі, ерекшелігі туралы алғашқы деректер 11–12 ғасырлардағы саяхатшылардың күнделіктерінде кездеседі. 15–16 ғасырларда сүтқоректілер туралы алғашқы ғылыми мәліметтер жинақталды. Қазақстан аңдары туралы алғашқы мәліметтерді 18 ғасырда Санкт-Петербург Ғылым академиясының экспедициясының құрамында Қазақстан фаунасын зерттеуге келген орыс ғалымдары П.С.Паллас, И.Лепехин, И.Гмелиннің еңбектерінен кездестіруге болады. Кең-байтақ республика жеріндегі сүтқоректілер, бұлардың тіршілігі, таралуы, ғылымға беймәлім түрлерінің сипаттамасы жайлы алғашқы мағлұматтар 19 ғасырдағы орыс ғалымдары Эверсман, Г.С.Карелин, М.Н.Богданов, Н.А.Северцов, Н.А.Зарудный, Н.Ф.Кащенко, А.Никольскийдің еңбектерінде баяндалған. 20 ғасырдың 20-жылдарында Мәскеу, Ленинград университеттері ұйымдастырған экспедициялар республиканың бірқатар жерлерінде болып, мұндағы сүтқоректілердің түрлерін анықтады, санын есепке алып, таралуы мен шаруашылық мәнін сипаттады. Осы жылдары Қазақстан фаунасы және сүтқоректілер жүйеленімі туралы деректер қорытылды. Қазақстанда Териология саласындағы жүйелі зерттеулер 1932 ж. КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы құрамында Зоология бөлімі ашылған соң басталды. Териология саласындағы зерттеулер қорытындыланып, 9 томдық "Қазақстан сүтқоректілері" басылымы жарық көрді. Қазір Қазақстанда 180-нен астам сүтқоректілердің түрі белгілі.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →