Топ-100
Back

ⓘ Кенді Алтай – Алтайдың батыс бөлігінің тарихи-географиялық атауы. Негізгі бөлігі Шығыс Қазақстан облысында және шағын бөлігі Ресей Федерациясының Алтай Республи ..



                                               

Кенді алқап

Кенді алқап – үлкенді-кішілі кен орындары шоғырланған өңір. Кенді алқаптағы кеннің жалпы қоры ондаған млрд. т болуы мүмкін. Қазақстан – кенге бай өлке. Оның аумағында бірнеше ірі кенді алқаптар бар: 1) Орталық Қазақстан кенді алқабы, оның алып жатқан ауданы 800 000 км². Мұнда көмір, темір, марганец, мыс, вольфрам, молибден, қорғасын, мырыш, т.б. пайдалы қазба кендері бар. Олардың жалпы саны 5500-дей. Бұлардың ішіндегі ірілері: Қарағанды, Екібастұз көмір кендері; Успен кенді белдеуі; 2) Кенді Алтай кенді алқабы, ұзындығы 500 км, ені 50 км ауданды алып жатыр. Онда мыс, қорғасын, мырыш, алтын ...

                                               

Зырян кенді ауданы

Зырян кенді ауданы – Шығыс Қазақстан обл-ндағы бір топ полиметалл және мыс кендері шоғырланған өңір. бұл өңірдегі алғашқы қорғасын кенін 1791 ж. орыс геологы Г.Зырянов ашқан. 1795 жылдан үздіксіз кен өндіріліп келеді. мұнда ең ірі зырянов кенінен басқа ондаған кішігірім кен орындары бар. Олар әр түрлі генетик.және морфол. типке жатады. бірқатары ортаңғы девонның құмтас, алевролит, тақтатас, эффузив, пирокластық жыныстар бойына орналасқан. бұл жыныстар ендік бағытқа созылған зырянов антиклиналын құрайды. Кен денелері осы антиклиналь бойында березовка және маслянка шоғырлары арасындағы жарыл ...

                                               

Ертіс жаншылу белдемі

Ертіс жаншылу белдемі – Алтайдағы Зайсан геосинклиналь жүйесінің ірі тектоникалық құрылымы. Оның Қазақстандағы бөлігі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Теректі ауданының маңынан өтетін Қазақстан – Қытай шекарасынан Батыс Сібір ойпатына дейін солтүстік-батыс бағытта 450 км-ге созылып жатыр. Ені 200 – 300 м-ден 15 – 20 км-ге дейін.Ертіс жаншылу белдемін алғаш зерттеп, сипаттама беріп картаға түсірген геолог В.П. Нехорошев болды. Бұл белдем бір-біріне жанаса параллель не сүйір бұрышпен ұштасқан үлкенді-кішілі көптеген жарықшалардан тұрады. Белдем шегіндегі тау жыныстары күрделі қатпар ...

                                               

Минералдар парагенезисі

Минералдар парагенезисі – минералдардың жер қыртысында қосақталып кездесуі. Минералдар парагенезисі терминін 1849 жылы неміс минерологы И.Брейтгаупт енгізген. 1920 жылы Ресей ғалымы В.И. Вернадский дамытты. Минералдар парагенезисі ортаның химиялық даму тарихы, минералдар түзілуінің физикалық - химиялық және термодинамикалық жағдайларына байланысты анықталады. ұқсас жағдайда пайда болған минералдар парагенетикалық қатар құрайды. Оларға магмалық тау жыныстары, пегматиттер, кимберлиттер, гидротермальды кендік желілер, түсті металдар кендерінің оксид белдемі жатады. Минералдар парагенезисін зе ...

                                               

Галенит

Галенит, қорғасын жылтыры – сульфид класындағы минерал. Хим. формуласы PbS. Кубтық сингонияда кристалданып, тұтас масса, түйіршік агрегаттар түрінде кездеседі. Түсі қорғасындай сұр, металдай жылтыр; қатт. 2 – 3, менш. салм. 7.4 – 7.6 г/см 3, морт сынғыш, электр тогын өткізеді, түрлі фотоэлектрлік әсер береді, диамагниттік, детекторлық қасиеттері бар. Гидротермальдық және кейбір шөгінді кен орындарында кездеседі. Г. – қорғасынның негізгі кентасы. Одан қорғасынмен қоса күміс, селен, висмут және мырыш өндіріледі. Г-тің концентратынан ақ сыр, бояу алынады. Қазақстанда Г. Кенді Алтай мен Сарыар ...

                                               

Сфалерит

Сфалерит, мырыш алдамшысы – сульфидтер класына жататын минерал. Химиялық формуласы: ZnS, құрамында Zn – 67.1%, S – 32.9%. Изоморфты қоспалары: Fe, Cd, Қn, Mn, т.б. Түрөзгерістері: қара, темірі көп сфалерит – марматит; сұр, кадмийлі сфалерит – пршибрамит; ұнтақ, 2%-дай кадмийі бар сфалерит – брункит. түсі ақ, қоспасыз сфалерит – клейофан; Кубтық сингонияда кристалданып, тетраэдр, кубоктаэдр, додекаэдр пішінді кристалдар түзеді. Агрегаттары түйірлі, қабыршақ, ұнтақ, колломорфты масса құрайды. Сфалерит – түссіз, ақ, қоспаларына байланысты қара, қызыл қоңыр, жасыл, қызғылт, сарғылт түске өзгер ...

Кенді Алтай
                                     

ⓘ Кенді Алтай

Кенді Алтай – Алтайдың батыс бөлігінің тарихи-географиялық атауы. Негізгі бөлігі Шығыс Қазақстан облысында және шағын бөлігі Ресей Федерациясының Алтай Республикасы жерінде орналасқан. Кенді Алтайда дүние жүзіндегі аса ірі полиметалл кендері, олардан өндірілетін кентастарды өңдейтін кен және металлургия кәсіпорындары шоғырланған.

                                     

1. Геологиялық құрылымы

Тектоникалық тұрғыдан екі жағынан жер қыртысының терең жарылымдары – Ертіс және Солтүстік-шығыс жаншылу белдемдерімен шектеледі. Кенді Алтай Зайсан геосинклинальдық жүйесіндегі біртұтас геотектоникалық құрылым ретінде герцин тектогенезінде қалыптасқан. Ол төменгі палеозойда оқшауланып, ортаңғы палеозойда девон – төменгі тас көмір геосинклинальдық режимде, ал жоғарғы палеозойда жас платформа түрінде дамыған. Бұлар негізінен девон мен төменгі тас көмірдің карбонатты терригендік және қышқыл, аздап негіз құрамды жанартаутекті жыныстардан құралған. Олардың ішінде жоғарғы палеозойдың гранитоид интрузивтері кең тараған.

                                     

2. Кен байлықтары

Кенді Алтайдың негізгі өндірістік кендері терригендік липорит-дацитті қабаттарда шоғырланған. Кен денелері қабат, шток, бұрыс пішінді. Олар бүтіндей және сеппелі кентастардан тұрады. Негізгі минералдары пирит, сфалерит, галенит, халькопирит, қосымша солғын кентас, саф алтын, күміс, теллуриттер, т.б. кездеседі. Негізгі желілі минералдары: кварц, серицит, хлорит, барит және карбонаттар.

                                     

3. Кен орындары

Өндірістік маңызы бар кен орындары солтүстік-батыс бағытта тектоникалық опырылым, жаншылу белдемдерін бойлай екі жолақ құра орналасқан. Ертіс жаншылу белдеміндегі кен орындары мыс-қорғасын-мырышты, ал солтүстік-шығыс жаншылу белдеміндегі кен орындары қорғасын-мырышты. Бұл кендерден, сондай-ақ алтын, күміс өндіріледі. Кенді Алтай өлкесіндегі кен орындардан алынатын шикізат негізінде Қазақстанның ірі кен-металлургия кәсіпорындары жұмыс істейді.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →