Топ-100
Back

ⓘ Қазақстанның ежелгі қорықтары – Қазақстан аумағындағы әр түрлі тарихи кезеңдерде ортa не жергілікті билік тарапынан немесе жеке меншік жер иесі тарапынан қорғау ..



                                               

Эндемик

Эндемик – жер шарының шағын аймақтарына ғана таралған өсімдіктер мен жануарлар. Эндемик ұғымы түр, туыс, тұқымдас, т.б. жүйелік топтарды қамтиды. Эндемиктік түрлердің пайда болуы мен дамуына оқшаулану, климаттық, т.б. сыртқы орта жағдайлары және биотик. факторлар қ. Фактор әсер етеді. Мысалы, Әулие Елена аралында кездесетін өсімдік түрінің 85%-ы Кавказ тауының өсімдіктерінің 20%-ын құрайды. Эндемик түрлер ежелгі замандардан сақталып келе жатқан палеоэндемиктер және соңғы геол. замандарда пайда болған неоэндемиктер деп бөлінеді. Палеоэндемиктерге: екіқалақты гинго ағашы Шығыс Қытайда ғана к ...

                                               

Сәйдім Жолы

Сәйдім Жолы – Кетіктен Көне Үргенішке баратын ежелгі керуен жолы. Кезінде Шевченко ауданнында басшылық қызметте болған Сәйдім Тумышев осы бағыттағы машина жолын негіздеген. Қауіпті тұстарға, бұрылыстарға белгі, бағдарламалар қойдырып, Жосалы асуын жөндеткен. Таудың беткейінен, тау-тасынан қалап көтеріп, машина өтетіндей сонар соқпақ жасалған. Содан бұл ел аузында Сәйдім жылы деп аталып кеткен.

                                     

ⓘ Қазақстанның ежелгі қорықтары

Қазақстанның ежелгі қорықтары – Қазақстан аумағындағы әр түрлі тарихи кезеңдерде ортa не жергілікті билік тарапынан немесе жеке меншік жер иесі тарапынан қорғауға алынып, шаруашылық айналымнан шығарылған, табиғаты ерекше сұлу, тарихи құнды жерлер.

Қазақстан жерінде табиғаты бай аймақтар ерте кездерден "қорықты жер" деп аталып, қатаң қорғауға алынғандығы тарихи жазба деректерден белгілі. Белгілі шығыстанушы ғалым А.Н. Бернштамның ұзақ жылдар бойы Қазақстан мен Қырғызстан өңіріне жүргізген археология зерттеулерінде Тянь-Шань тау бөктерлерінде қола дәуірден б.з.б. 2 ғ. 15 ғ-ға дейінгі мекендеген тайпалардың арнайы қорықты жерлері болғандығы туралы жазылған. Табиғаты әсем мұндай жерлерде ел қоныстанбаған. Сондықтан осындай қорықты жерлер жабайы жануарлардың емін-еркін өсіп көбеюіне өте қолайлы болған. Шығыстанушы ғалым Н.Я. Бичурин өз еңбектерінде б.з.б. 3 – 2 ғ-ларда Жетісу өңірінде мал шаруашылығымен шұғылданатын көшпелі үйсін тайпаларының мекендегенін және олардан шыққан дәулетті адамдардың табиғаты көркем жерлерді "қорық" деп белгілеп, ол жерлерге рұқсатсыз мал жаюға, аң аулауға тыйым салғаны туралы жазған. Қытай жиһанкезі Сюань Цзан Жетісу өңіріне жасаған саяхатында 7 ғ. қазіргі Талас өзeнiнің таулы аңғарындағы Мыңбұлақ қойнауында орналасқан қорықты жер туралы жазған. Оның қолжазбаларында бұл қорықты жерде мойнына қоңырау тағылған жабайы бұғылардың өте көп болғаны және оларды ешкімнің атуына рұқсат етілмейтіні туралы деректер келтірілген. Сондай-ақ Талас өңірінде ертеде жабайы жылқының бір түрі – құланның да арнайы қорықта қорғалғандығын, сол өңірдегі жер-су атаулары да дәлелдей түседі. Белгілі тарихшы ғалым М.Е. Массон өз еңбектерінде Талас өзенінің жоғарғы ағысының аңғарында 7 – 9 ғ-ларда аң аулауға арналған қорықтың болғандығын жазады. Бұл қорықта негізінен жабайы құландар қорғалып "Құланқорық" деп аталған. Қазақстан жеріндегі ежелгі қорықтар негізінен Сырдария, Шу, Талас, Іле, Аягөз және Ертіс өзендерінің бойында, Сарыарқа өңірі мен Жайық алабында болған. Мысалы, Сыр бойындағы әйгілі "Кеңқорық", "Шаян", "Жаңақорған", Сарыарқадағы "Ерейментау", "Басқорық", "Ханқорық", "Киікті қорық", "Алтынқорық", Шыңғыстаудағы "Жидебай", Зайсан өңіріндегі "Сарышоқы" қорықтарын атауға болады. Ертеде республика жерінде қорықты жерлердің болғандығын дәлелдей түсетін география жер-су атаулары да көптеп кездеседі. Орта Азия және Қазақстан жерінде 90-ға жуық жер-су атаулары тікелей қорық атымен байланысты қойылған.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →