Топ-100
Back

ⓘ Асқазансор қазба фаунасы – Бетпақдаланың Асқазансор тұзды ойпатының оңтүстік жағалауынан табылған омыртқалы жануарлар қалдығы. Ертеде тіршілік еткен жануарларды ..



                                     

ⓘ Асқазансор қазба фаунасы

Асқазансор қазба фаунасы – Бетпақдаланың Асқазансор тұзды ойпатының оңтүстік жағалауынан табылған омыртқалы жануарлар қалдығы. Ертеде тіршілік еткен жануарлардың бұл қазба қалдығын 1929 ж. Орта Азия ун-тінің кешенді экспедициясының геологы Д.И. Яковлев ашқан. Кейінірек Ресей және Қазақстан палеонтологтарының жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде, бұдан 20 – 25 млн. жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар сүйектері табылды. Олар тақтұяқтыларға жататын: халикотерийлер – Phіllotіllon, мүйізтұмсықтар – Brachypotherіum, Protaceratherіum, Aprotodon, жұптұяқтыларға жататын шошқатәрізділер – Hemіmeryx, Brachyodus, Conohyus, бұғытәрізділер – Lophіomerux, жыртқыш аңдар – Amphіcyon, Machoіrodontіnae сүйектері болды. Басқа қазба орындарымен салыстырғанда Асқазансор қазба фаунасы табылған орын ерекше саналады, себебі, ол жерде халикотерий сүйектері өте көп кездескен. Онда тіршілік еткен жануарлар алдыңғы үшкір тұяқтарымен ағаш діңдеріне сүйеніп, оның жапырақтарымен қоректенген. Асқазансор қазба фаунасының геол. жасы жөнінде кейбір зерттеушілер олигоцен дәуірінің соңы десе, олардың екінші біреулері миоцен дәуірінің басы деген болжам айтады. Асқазансор қазба фаунасы жануарларының тіршілік ету ерекшеліктеріне қарағанда, олардың басым көпшілігі ормандар мен өзен-көл жағалауларын мекендеген.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →