Топ-100
Back

ⓘ Фельетон – публицистикалық негіздегі әдеби шығарма. Әдеби термин ретінде 19 ғасырдан қолданыла бастады. Француздың Журнал де Деба ” газеті өзінің қосымша шығарғ ..



                                               

Сатира

Сатира - өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі. Сатираның мысал, эпиграмма, памфлет, фельетон, пародия, шарж, карикатура, анекдот сияқты жанрлары бар. Драматургияда сатира комедия жанрынан көрінсе, көркем прозада сатиралық әңгіме, повесть, романдар жазылады. Сатиралық шығармаларда әсірелеу гротеск, тұспалдау аллегория, юмор достық рәуіштегі күлкі, ирония жеңіл әжуа, сарказм ащы мысқыл, кекесін, т.б. бейнелеу тәсілдері кеңінен колданылады. Ежелгі Грекияда жанр ретінде туындағанымен әдебиеттің дербес тегі рет ...

                                               

Хасен Уахитұлы Өзденбаев

Хасен Уахитұлы Өзденбаев - жазушы, Қазакстанның еңб. сің. мәдениет қызметкері. 1911 - 1920 жылдары Троицк қ-нда татар медресесінде орысша-татарша мектепте, содан кейін гимназияда, Орынборда мұғалімдерді даярлайтын 1924, Мәскеуде облысы редакторларын даярлайтын курстарда 1934 оқып, Қостанайдың мұғалімдер ин-тын бітірген. 1920 - 1928 жылдары заң орындарында қызмет атқарып, 1928 - 1973 жылдары коммунистік баспасөз орындарында редактор болған. Әдеби қызметті 1929 - 1930 жылдары Қостанайдың округтік "Ауыл" газетінде фельетон, очерктері жарияланып тұрған. Жазушылық еңбегінің негізгі жанры - көрк ...

                                               

Журналистика

Журналистика – 1) баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы.

                                               

Зәкір Асабаев

Зәкір Асабаев - 1937 жылы 21 қаңтарда Түркістан облысы, Келес ауданы, сол кездегі "1 май" ұжымшарында дүниеге келген. 1957 жылы Ташкенттің Низами атындағы педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін үздік дипломмен бітіріп, Ташкент облысы, Пскент ауданы, "Ленинизм" орта мектебінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген. 1958 жылы шілде айының басында Алматыға келіп, "Лениншіл жас" газетіне әдеби қызметкер болып орналасқан. Фельетон, мақала, очерк, сықақ, өлең, әңгімелері жиі жарық көре бастаған. 1959 жылдың соңынан Сарыағаш адандық газетінде қызмет істеген. 1964 жылы сәуірд ...

                                               

Баспасөз жанрлары

Баспасөз Жанрлары - мерзімді баспасөзде жарияланатын публицистикалық шығармалардың сан алуан түрі. Жанрлық ерекшеліктер мәтіннің мазмұнына, жазылу пішіміне, деректерді іріктеп, сұрыптау немесе жинақтап, талдау ыңғайына, тілдік-стильдік әдісіне қарай айқындалады. Баспасөз Жанрларын, негізінен, 3 топқа: ақпаратты, талдамалы және көркем-публицистикалық жанрларға бөлуге болады. Сондай-ақ, көркем-публицистикалық жанрлардың сатиралық түрлері бар. Баспасөз Жанрлары белгілі бір оқиғаларды, құбылыстарды нақты деректер мен мәліметтерге сүйене отырып баяндайды. Әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктері мен ...

                                               

Баспасөз

Баспасөз - мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз - халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырм ...

                                               

Мұхтар Шерім

Мұхтар Шерім Жұмашұлы - Қазақстанның танымал сықақшы-жазушысы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. 1957 жылы 12 желтоқсанда Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақтас елді мекеніндегі нағашы ауылында дүниеге келген. Сегізінші сыныпқа дейін Кеңсай сегіз жылдық мектебінде оқып, 9-10 класты бұрынғы Ванновка, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауылындағы Абай атындағы орта мектепте жалғастырады. Мектеп қабырғасында жүріп жазған алғашқы "Әлиманың әлегі" атты әзіл әңгімесі Бәйдібек аудандық "Алғабас" газетінде жарияланған. Кейін Түлкібас ауданындағы аудандық "Шамшырақ" газетінде де алғашқы әзілдері жариялана ...

                                               

Стэнд-ап (жанр)

Стэнд-ап комедия - бұл комедиялық қойылым және әңгімелеу өнері, ол арқылы әзіл-сықақшы тірі аудиториямен сөйлесіп, олармен микрофон арқылы тікелей байланысады. Орындаушыны әдетте комик, стэнд-ап комик, әзілкеш, комедия, стэнд-ап комедия немесе жай стэнд-ап деп атайды. Стэнд-ап - бұл диалогтық монолог немесе әзіл-оспақ әңгімелер, әзіл-қалжыңдар мен бір шумақтарды топтастыру, оны әдетте трюк, әдеттегі тәртіп, акт немесе жиынтық деп атайды. Стэнд-ап реквизиттерді, музыканы, сиқырларды немесе вентрилоквизмді біріктіруі мүмкін. Стэнд-ап комиктері өздерінің сахна сыртындағы квази-автобиографиялы ...

                                     

ⓘ Фельетон

Фельетон – публицистикалық негіздегі әдеби шығарма.

Әдеби термин ретінде 19 ғасырдан қолданыла бастады. Француздың" Журнал де Деба ” газеті өзінің қосымша шығарған парақтарын фельетон деп атаған. 19 ғасырдың 1-жартысында болған француз революциялары кезінде бұл парақтарда негізінен қоғамды сынайтын мақалалар басылды. Кейіннен" Фельетон” термині Франциядан Германияға, кейін Ресейге ауысты. Неміс, орыс баспасөздерінің белгілі бір беттері фельетон деп аталып, онда қоғамдық-саяси мақалалар, сыни-айтыс еңбектер, әдеби шолулар жарияланды. Келе-келе фельетон белгілі бір нысананың кемшіліктерін күлкіге айналдыратын сатиралық жанрға айналды. Қазақ жерінде алғаш 20 ғасырдың бас кезінде пайда болды." Айқап” журналы өзінің негізгі бөлімдерінің бірін фельетон деп атап, онда қазақтардың тұрмыс-тіршілігі туралы әр түрлі мақалалар, көркем әңгімелер, тарихи деректер жариялап отырды. 1920 – 30 жылы Б.Майлин, І.Жансүгіров, 1940 – 50 жылы А.Тоқмағамбетов бұл жанрды әрі қарай дамытты. Кейіннен бұл жанрда О.Әубәкіров, С.Адамбеков, т.б. жемісті еңбек етті.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →