Топ-100
Back

ⓘ Валюта саясаты - мемлекеттік органдардың, орталық банктің және қаржы мекемелерінің, сондай-ақ халықаралық валюта-қаржы мекемелері мен ұйымдарының валюталық қары ..



                                               

Вертикалды интеграция

Вертикалды интеграция – ауылшаруашылық өнімдерін өсіруден бастап, дайын өнімді бір орталықтың - өнеркәсіп банк немесе сауда монополиярының бақылауымен сатып өткізуге дейінгі өндіріс пен айналысатың барлық немесе басты буындарын бір тұтас технологиялық процеске біріктіру. Вертикалды интеграциялау кезінде өндіріс пен өткізудің барлық сатылары бақылауға алынады. Вертикалды интеграция – ауыл шаруашылығының өнеркәсіппен біте қайнасып кетуімен және фермер өндірісінің ірі өнеркәсіп және сауда фирмаларына бағынуымен сипатталатын жоғары дамыған капитал елдердің аграрлық экономикасында кең тараған қ ...

                                               

Израильдің әкімшілік бөлінісі

Израильдің әкімшілік бөлінуі - Израиль мемлекеті алты округқа және 15 субокругқа бөлінген. Кейде Яһудия және Самария округі Израильдің құрамына қосылады, бірақ ол халықаралық деңгейдегі даулы статусқа ие.

                                               

Яһудия және Самария

Яһудия және Самария - Израиль үкіметімен Иордан өзенінің батыс жағалауы деп аталатын, бірақ Шығыс Иерусалимді қоспағанда. Израиль билігі бұл аумақты өзінің әкімшілік бірлігі ретінде қарастырады, бірақ халықаралық қауымдастықтың пікірі бойынша Израиль Батыс жағалаудағы Палестинаның аумағына тиесілі жерді әскери басқыншылығы нәтижесінде жаулап алды деп санайды.

                                               

Израильдің солтүстік округі

Солтүстік округ - Израильдегі алты әкімшілік округінің бірі. Оның аумағы 4638 км²-ді құрайды, құрлық ауданы - 4478 км². Голан шыңдарынсыз округ ауданы 3484 км²-ді құрайды. Солтүстік округтің әкімшілік орталығы және ең ірі қаласы Назарет болып табылады. 1981 жылы қабылданған Голан шыңдары туралы заң бойынша, олар Солтүстік округтің бөлігі болып табылады. Бұл шешім халықаралқ қауымдастықпен мойындалған жоқ - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 497 резалюциясымен Голан шыңдарының аннексиясы жарамсыз деп танылған.

                                               

Иерусалим округі

Иерусалим округі - Израильдегі алты әкімшілік округінің бірі. Оның аумағы 653 км²-ді құрайды. Облыстық орталығы - мемлекеттің елордасы Иерусалим қаласы болып табылады. Округ аумағына 1967 жылғы Алты күндік соғыс кезінде аннексияланған қаланың шығыс аудандары кіреді.

                                               

Хайфа округі

Хайфа округі - Израильдегі алты әкімшілік округінің бірі. Округ астанасы Хайфа қаласы болып табылады. Округтің аумағы 864 км²-ді құрайды.

                                               

Шабак

Шабак немесе - Израильдің жалпы қауіпсіздік қызметі. Шин-Бет Израильдің арнайы қызметтер жүйесіне қатысты, қарсы барлау қызметімен және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады. Қызметін ФТБ-мен және ФҚҚ-мен салытыруға болады. Израильдің премьер-министріне тікелей бағынышты. Шин-Бет-тің Израиль ішіндегі операциялары келесі үш санатқа бөлуге болады: жалпы шетелдіктерге қарсы, Палестина арабтарына қарсы және Израиль азаматтарына қарсы. Кнессетпен 2002 жылдың 21 ақпанында қабылданған заңның негізінде әрекет етеді.

                                               

Тель-Авив округі

Тель-Авив округі - Израильдегі алты әкімшілік округінің бірі. Аумағы - 176 км². Әкімшілік орталығы - Тель-Авив. Округ айналасында көршілес қалалардан негізделген агломерация, Гуш-Дан деп аталады.

                                               

Израильдің оңтүстік округі

Оңтүстік округ - Израильдегі алты әкімшілік округінің бірі, округтер арасындағы ең үлкен аумаққа және ең кішкентай халық тығыздығына ие. Оңтүстік округ аумағына Негев шөлінің және Арава алқабының басым бөлігі кіреді. Округтің әкімшілік орталығы - Беэр-Шева, ең ірі қаласы - Ашдод. Ашкелонде әлемдегі ең ірі су тұщытатын 330 мың м³/күн зауыт жұмыс істейді.

Валюта саясаты
                                     

ⓘ Валюта саясаты

Валюта саясаты - мемлекеттік органдардың, орталық банктің және қаржы мекемелерінің, сондай-ақ халықаралық валюта-қаржы мекемелері мен ұйымдарының валюталық қарым-қатынастар саласында жүзеге асыратын экономикалық, құқықтық және ұйымдық шараларының жиынтығы. Ол, негізінен, экономика дамудың орнықтылығын қамтамасыз етуге, инфляция қарқыны мен жұмыссыздықтың өсуін тежеуге, төлем балансының тепе-теңдігін сақтауға бағытталады. Валюта саясатының пішімі мен бағыты елдің қаржы-эконикалық ахуалына, әлемдік шаруашылықтың даму барысына байланысты анықталады. Валюта саясатының, негізінен, дисконттық, девиздік сондай-ақ валютаны шектеу, т.б. түрлері қолданылады. Дисконттық валюта саясаты - орталық банктің капиталдың халықар. қозғалысына, ішкі кредитті тиімді бөлуге, ақша массасына, баға және жиынтық сұранысқа әсер ету жолымен төлем балансы мен валюта курсын реттеуге бағытталған есепке алу ставкасын көтеру не төмендету саясаты. Девиздік валюта саясаты - шет ел валютасын сатып алу - сату жолымен ұлттық валюта курсын реттеу. Орталық банк ұлттық валюта курсын жоғарылатуды көздесе, шет ел валютасын сатады, ал төмендету үшін сатып алады. Девиздік валюта саясаты валюта интервенциясы түрінде жүргізіледі. Валюта интервенциясы дегеніміз - шетелдік валютаның ірі топтамасын сату не сатып алу жолымен елдің орталық банкісінің валюта рыногы мен валюта курсына нысаналы түрде бір рет ықпал етуі. Валюта интервенциясы мемлекеттің алтын-валюта қоры не орталық банктің банкаралық" своп” келісімі негізінде қысқа мерзімді кредит түрінде ұлттық валюта есебінен жүзеге асырылады. Егер валюта курсының құралуына мемл. реттеудің ықпал ету дәрежесімен салыстырғанда нарықтық факторлардың әсері басым болса, валюта интервенциясы валюта курсының тұрақтылығын сақтай алмайды. Мемлекеттің валюта саясатының құрамдас бөлігінің бірі - валюталық шектеу. Валюталық шектеу - валютамен, алтынмен, басқа да валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларды шектеу жөніндегі заңды немесе әкімш. жолмен белгіленген ережелер мен нормалардың жиынтығы. Ол сырттан валюта әкелу мен шетке валюта шығаруды, аударуды реттейді, еркін сатуға тыйым салады, валюталық операцияларға бақылау жасайды, кәсіпорындарды валюталық түсімнің бір бөлігін сатуға міндеттейді.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →