Топ-100
Back

ⓘ Юебань мемлекеті, Иобан мемлекеті – Балқаш көлінен солтүстікке қарайғы жерде ғұндардың құрған мемлекеті. Юебань мемлекеті жайындағы алғашқы дерек Уи патшалығыны ..



                                               

Үйсін ұлысының Чигу қаласы

Чигучэн - Ежелгі үйсін мемлекетінің астанасы. Ол Қытай тарихнамаларында 赤谷 дейтін екі иероглифпен таңбаланған. Мұның қазіргі оқылуы Чыгу. Чигу - оның орысша бұрмаланып оқылуы. Соңындағы Чэн - қала деген мағыналы иероглиф. Бүгінде тарихшылардың назары шоғырланған бір өңір үйсінтану. Соның ішіндегі Үйсін жағрафиясы да – бір қызу тақырып. Астана Чыгу 赤谷, өзге хань диалектінше Чекук деп те оқылады туралы сүйенетін дерегімізде кезігетіндіктен,Үйсіннің аууы туралы айта кеткен жөн. Әрине,тарихтағы тайпалардың аууы сан рет және алуан түрлі болған. Соның ішіндегі бізге керегі үйсіннің екі аууы. ...

Юебань мемлекеті
                                     

ⓘ Юебань мемлекеті

Юебань мемлекеті, Иобан мемлекеті – Балқаш көлінен солтүстікке қарайғы жерде ғұндардың құрған мемлекеті. Юебань мемлекеті жайындағы алғашқы дерек" Уи патшалығының тарихы” мен" Солтүстік патшалықтар тарихы батыс өңір шежіресінде” кездеседі. Осы кітаптың" Иобан мемлекеті тарауында” былай дейді:" Иобан елі. тегінде ғұндардың солтүстік тәңірқұтының қол астындағы тайпалар еді. Хань патшалығының арбалы армия генералы Душан өкшелей қуған солтүстік ғұн тәңірқұты Алтын таудан өтіп, қаңлы еліне барған. Олардың болдырып, көшке ілесе алмағандары Күшардың солтүстік жағындағы ұлан-байтақ өңірде қалып қойған. Олар кейін келе 200 мыңнан астам халқы бар ел болған”. Юебань мемлекеті үйсіндердің солтүстік-батысында, Күшардың солтүгінде орналасқан. Күшар елі мен Юебань мемлекетін Тянь-Шань тауы бөліп тұрған. 5 – 7 ғасырларда үйсін және албан тайпалары Юебань мемлекетінің құрамында болды. Юебань мемлекеті Солтүстік Қытай мемлекеттерінің бірімен елшілік байланыс орнатты және жужандарға қарсы әскери одақ құру туралы келісім-шартқа отырды. Кейбір деректер бойынша солтүстік ғұндарда тарайтын Юэбань халқы гаогюй тілінде, яғни ежелгі түркі тілінде сөйлеген.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →