Топ-100
Back

ⓘ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы. Министрлік Қазақстан Республика ..



                                               

QazVac вакцинасы

"QazCovid-in", саудалық атауы "QazVac" - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі биологиялық қауіпсіздік мәселелерінің Ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған COVID-19-ге қарсы инактивті вакцина.

                                               

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті (ЖАК) (2001-2004)

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қаңтардағы қаулысымен ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комиссиясының қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 20 ақпандағы қаулысымен комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. ЖАК ҚР Білім және ғылым министрлігі құзіреті шегінде жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау саласында арнайы атқару, бақылау-қадағалау және салааралық үйлестіруді жүзеге асырған ведомство болып табылды. ЖАК-ң негізгі міндеттері мыналар болды: жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттест ...

                                               

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті (2004-)

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен комитет ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Аэроғарыш комитетінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Комитет Білім және ғылым министрлігінің құзіреті шегінде аэроғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын және осы салада бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылды. Комитеттің негізгі міндеті аэроғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік ...

                                               

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитеті (2002-2004)

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі қаулысымен ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды, Аэроғарыш қызметі саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігіне берілді. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 12 қыркүйектегі қаулысымен комитет туралы ереже бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі құзіреті шегінде арнайы атқару, бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ аэроғарыш қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын ведо ...

                                               

Аббревиатура

Аббревиатура - негізгі сөз тіркестеріне енетін бастапқы сөздер дыбыстарынан немесе бастапқы әріптерден жасалған сөз. Аббревиатура ежелден жазба тілі бар барлық халықтың жазба материалдарында қолданылды. Қысқартудағы басты мақсат мәтіндік ақпаратты тасымалдаушыларда орынды үнемдеумен және жиі қолданылатын сөздер мен сөз оралымдарын жазуда шапшаңдық танытумен байланысты болған. Алғашқы деген қысқартулар қатарында антикалық жазбалар танылады, кейіннен қолжазбаларда да тарала бастады. Ежелгі римдік аббревиатуралар немесе "тиротандық таңбалар" жүйесі римдік тахиграфияның негізі болып табылады. ...

                                               

Қанат Файзрахманұлы Төлеңгітов

Төленгітов Қанат Файзрахманұлы - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, полковник, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының мүшесі, Ресей Федерациясы Әскери Ғылым Академиясының мүшесі. Өмірбаяны 1971 жылдың 27 мамырында Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы ауылында мектеп мұғалімдері отбасында дүниеге келген. Әкесі Файзрахман Құжырұлы математика пәнінен 40 жылдан аса уақыт ұстаздық еткен, Қазақсатн Республикасының білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы медальдің иегері.Ән айтады,домбыра,баян,балалайка аспаптарында ойнайды. Анасы Сәкен Мукажанқызы химия - биология пәндерінен 40 ...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
                                     

ⓘ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы.

Министрлік Қазақстан Республикасы аумағындағы білім және ғылым салаларына басшылықты және заңнамада көзделген шекте білім, ғылым, балаларды қорғау және жастар саясаты салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Министрліктің негізгі міндеттері білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

                                     

1. Тарихы

Қазақстан Республикасы 1999 жылы 13 қазандағы Жарлығымен ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды.

ҚР Үкіметінің 2001 жылы 16 қаңтардағы қаулысымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясы мемлекеттік орган болып табылатын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге оның Жоғары аттестациялық комитеті - ведомствосы бар екендігін көрсететін толықтыру енгізілді.

ҚР Президентінің 2004 жылы 29 қыркүйектегі Жарлығымен министрлік оған ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитетін қосу жолымен қайта ұйымдастырылды. Комитетке сонымен қатар қайта ұйымдастырылған ҚР Мәдениет министрлігінің мемлекеттік жастар саясаты саласындағы функциялары берілді. Өз кезегінде, министрліктің инновацияларды дамытуды үйлестіру, қолданбалы ғылыми зерттеулерді, инновациялық кәсіпкерлікті жүргізу, қолданбады ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру саласындағы функциялары ҚР Индустрия және сауда министрлігіне берілді.

ҚР Үкіметінің 2004 жылы 28 қазандағы қаулысымен министрлік туралы ереже бекітілді. Министрліктің Жоғары аттестациялық комитеті министрліктің Білім және ғылым саласында қадағалау және аттестациялау жөніндегі комитеті болып қайта құрылды, оған министрліктің бақылау-қадағалау және реттеу функциялары берілді. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті болып қайта ұйымдастырылды.

Министрлік басшылықты және заңнамада көзделген шектерде өз құзіретіне жатқызылған салада салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқару органы болуға табылады. Министрліктің негізгі міндеттері білім, ғылым және ғылыми-техникалық және аэроғарыш, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру; білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ғылыми зерттеулердің ұйымдастырылуын жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғалуын қамтамасыз ету.

                                     

2. Құрылымы

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →