Топ-100
Back

ⓘ Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты - негізгі міндеті мемлек ..



                                               

Стратегиялық зерттеулер институты

                                               

Каспий теңізінде мұнай саласының қалыптасу кезеңі

Каспий теңізінде мұнай саласының қалыптасу кезеңі. XX ғасырдың 20-шы жылдарының аяғында Ембінің мұнайшылары айналмалы роторлық бұрғылауды қолдана бастады, мұның өзі бұрғылау жұмыстарының дамуына, ұңғыма тереңдіктерінің артуына, мұнай жатындарын аршу және оларды барлау қарқынының жеделдетілуіне септігін тигізді. Айналмалы бұрғылау КСРО-да алғаш рет Ембіде қолданылды, мұның нәтижесінде бұрғылау тереңдігі айтарлықтай өсті. Мәселен, 1929 жылы бұрғылаудың орташа тереңдігі 196.7 м болса, 1932 жылы бұл көрсеткіш 637.7 м-ге жетті. Ембі мұнайшылары КСРО-да және бүкіл Еуропа алғашқы болып сол кез үш ...

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты
                                     

ⓘ Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты - негізгі міндеті мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің қызметін ғылыми-талдаушылық қамсыздандыру болып табылатын қазақстандық мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі. Институт Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты, әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мәселелері бойынша түбегейлі зерттеулер жүргізеді, мемлекет басшылығына болжамды-талдаушылық сипаттағы материалдар дайындайды.

                                     

1.1. Тарихы Қалыптасуы

Институт өз бастауын 1992 жылдан ҚМЭБИ-дің қазіргі ғимаратында орналасқан Стратегиялық зерттеулер орталығынан алады. Орталықтың пайда болып, оның толыққанды институт болып қалыптасуына институттың бірінші директоры Өмірсерік Қасенов үлкен үлес қосты. Институт құру қажеттілігіне Қазақстан басшылығы түсінушілікпен қарады, атап айтқанда, Қазақстанның вице-президенті Ерік Асанбаев бұл бастаманы бірінші күндерден-ақ мақұлдады. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының стратегиялық тұстарын болжамды-талдаушылық қамсыздандыру мақсатында 1993 жылдың 16 маусымында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбавтың Жарлығымен ресми түрде құрылды.

Мемлекет басшылығының қолдауына қарамастан, ҚСЗИ бірінші жылдары елеулі ұйымдастырушылық қиыншылықтар, атап айтқанда, материалды базаның нашар болуы, елде білікті талдаушылар мен халықаралық қатынастар бойынша мамандар тапшылығы жағдайында жұмыс істеуіне тура келді. Қазақ мемлекеттік университеті мен Қазақ мемлекеттік әлемдік тілдер университетінің арнайы тіл бөлімшелерінің түлектері, шығыстанушылар мен Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының қызметкерлері ҚСЗИ-да жұмыс істеуге шақырылды.

Бірінші кездері институтта стратегиялық бағыттар көп жағдайда қармалап дамыды. Сыртқы саясатта институт Қазақстанның ұлттық мүдделері мәселелері мен қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді, оның Орталық Азия мен әлемдік геосаясаттағы орнын, көршілес әлемдік державалардың стратегияларын зерттеумен айналысуға тиіс болды. Сыртқы саяси мәселелермен қатар ішкі саяси мәселелердің де маңызы арта бастады. Бұл 1990-жылдардың бірінші жартысы үшін өзекті болды, себебі сол кездегі саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық қатынастардағы қарқынды реформалар Қазақстанның әлеуметтік және саяси өмірін дүрліктіріп отырды. Осы және басқа да мәселелердің тиімді шешімдерін табу стратегиялық зерттеулер институтының негізгі міндеттерінің бірі болды.

1995 жылға дейін институттың сыртқы саяси зерттеулерінде Қазақстан аумағындағы ядролық қару және республиканың СШҚ-1 туралы шартқа қатысуы мәселесі басым болды. Институт геополитикалық мәселелерді тез меңгеріп, халықаралық қауіпсіздік саласындағы зерттеулердің қарқынын күшейтті. Сол уақытта Өмірсерік Қасенов пен институт қызметкерлеріне осы саладағы батыстық талдаушылық құрылымдармен тікелей байланыста болуға тура келді. Қасенов пен институт қызметкерлерінің сіңірген еңбегі – олардың өз мүмкіншіліктері мен ықпалының арқасында Қазақстан үшін ядролық мәселенің тиімді шешілуіне үлес қосуымен байланысты: 1994-1995 жылдары Қазақстан совет заманынан қалған ядролық қару-жарақ арсеналынан бас тартып, жетекші державалардан қауіпсіздік кепілдігін алды.

Институт ақырындап тәжірибе жинай берді, оның ішкі және халықаралық беделі артты. 1993 жылдың соңында институтта танымал америкалық саясаткер және талдаушы Збигнев Казимеж Бзежинский сөз сөйледі. 1996 жылдың сәуір айында институтқа тағы бір белсенді америкалық саясаткер, АҚШ-тың бұрынғы мемлекет хатшысы Джеймс Бейкер келді.

Өмірсерік Қасеновтың арқасында институтта ядролық физика, экономика, синология, исламтану, т.б. салалардағы жоғары білікті мамандар тобы шоғырланды. Оның басқару кезінде Е. Арынов, М. Спанов, Р. Жоламанов, Қ. Хафизов, Д. Елеукенов, К. Сыроежкин, А. Сұлтанғалиева т.б танымал сарапшылар жұмыс атқарды. Қ. Әбусеитовтың басшылығымен институт қызметкерлердің бір бөлігі ҚР Сыртқы істер министірігіне СІМ ауысып, екі құрылымның қарым-қатынастарын нығайтуға мүмкіндік тұғыздырды. Өз кезегінде СІМ-дің тәжірибелі қызметкерлері ҚСЗИ-ге жұмысқа ауысып отырды.

Өмірсерік Қасеновтың мінезі өзіндік және қатаң болды, осының арқасында институт алғашқы жылдары елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Дегенмен біраз уақыт өткен соң Қасеновтың осындай қасиеттері оның Президент әкімшілігіндегі жоғары инстанциялармен түсінушілік орнатуға кері әсерін тигізді. Осының салдарынан ол 1997 жылы директор қызметінен кетті.

                                     

1.2. Тарихы 1990-жылдардың соңы

Осы оқиғадан кейінгі кезең қиындықтарға толы болды: бір жылдан астам уақыт ішінде институттың үш директоры ауысты. Лев Тараков ҚСЗИ-дың құлдырауын тоқтатып, мамандардың жартысын қайтара алды. Тараков кезінде ҚСЗИ-дың қазіргі құрылымының негіздері қалыптасты, зерттеулердің жаңа методикасы еңгізілді, Президент әкімшілігінің талдаушылық құрылымдарымен байланыстар нығайтылды және "Казахстан-Спектр" журналының басылымы қолға алынды.

Тараковтан кейін ҚСЗИ-дың директоры қызметіне кәсіби шығыстанушы Алма Сұлтанғалиева келді. Оның арқасында саясаттанушылық зерттеулер академиялық сипат алды, ислам мәселесіне көбірек көңіл бөлінетін болды. Бұл әлемдік саясатта және Орталық Азия аймағында ислам факторының маңызы артып жатқанда өте маңызды болды.

1998 жылы институт басшысы ретінде саясаткер, тарихшы-маман Ермұхамет Ертісбаев тағайындалды. Ол мемлекеттің мүдделерін жақтап, оппозициямен белсенді диалог орнатты. Ертісбаевтің командасының арқасында ҚСЗИ-дың негізгі басылымы – "Казахстан-Спектр" ғылыми-талдаушылық журналы тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар өз саласында Орталық Азияның жетекші басылымына айналды. Ертісбаев қызметкерлерінің академиялық өсуін мадақтаған. Оның кезінде қорғалған диссертациялардың саны көбейді, ұжымдық және жеке монографиялар жиі шығатын болды. Дегенмен осы жылдары институттың өкілдік және академиялық функциялары оның президенттік талдаушылық құрылым ретіндегі қызметінен басым болды. Институттың басқа да мемлекеттік мекемелермен өзара байланысуы Қазақстанның астанасы Астанаға ауысқан кезде қиындай түсіп, мәселе одан әрі күрделенді.

                                     

1.3. Тарихы Қазіргі тарихы

2000 жылы ҚСЗИ-дың директоры қызметіне бұған дейін Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігі жанындағы талдаушылық орталықты басқарған жас ғалым Мәулен Әшімбаев келді. Тікелей қолма-қол басшылық Марат Тәжін және ол құрған президенттік талдаушылық орталықта қалды. Жаңа кезеңде ҚСЗИ Қауіпсіздік кеңесімен және т.б. әлеуетті және талдаушылық мекемелермен ынтымақтастықты күшейтті. Бұл үдеріс халықаралық жағдайдың ушығуымен, Орталық Азия қауіпсіздігіне Ауғанстаннан төнген қауіп-қатерлердің өсуімен, 2001 жылдың елеулі оқиғаларымен, АҚШ-тың антитеррорлық операцияларымен және геосаяси жағдайдың өзгеруімен тұспа-тұс келді. Осылардың барлығы институт қызметінде көрініс тапты. Әшiмбаев тұсында институт сыртқы және iшкi қауiпсiздiк, жаңа халықаралық жағдайдағы Қазақстанның стратегиясы, экономиканың iлгерілемелi дамуы, Каспий аймағының мәселесі секілді барлық негiзгi бағыттарға өз жұмысының қарқынын күшейтті. Мәулен Әшiмбаев институт пен Президент әкiмшiлiгi арасында тығыз байланыс орнатты, ҚСЗИ-дың талдаушылық жұмыстарын тиiстi мекемелердің тұтынуын қамтамасыз етті. Бұл кезде институт шығаратын баспа өнiмінің саны артып, журналдардың саны төртке жетті, соның ішінде біреуі қазақ, бiреуі ағылшын тiлінде басылды. Әшiмбаев тұсында институттың күнделiктi жұмысына мемлекеттiк тiл еңгiзіле бастады. Қазақ тіліндегі талдаушылық зерттеулер мен ғылыми мақалалар саны айтарлықтай өсті. Бұдан кейін де осы үрдіс сақталып қана коймай, заңды құбылысқа айналды.

2005 жылы ҚСЗИ-дың директоры болып Болат Сұлтанов тағайындалды. Оның мол дипломатиялық тәжірибесі институттың еуропалық әріптестермен байланысты нығайтуда үлкен септігін тигізді. Осылардың қатарында, бірінші кезекте, Германия сыртқы саясат қоғамы, Ғылым және саясат қоры, Фридрих Эберт қоры, Дж. Маршалл орталығы сияқты германиялық және ҚХР мен Үндістандағы Шанхай халықаралық қатынастар институты ШХҚИ, Джавахарлал Неру атындағы университет), Ресейдегі Ресей стратегиялық зерттеулер институты РСЗИ, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты ӘЭХҚИ, Ресей дипломатиялық академиясы мен ММХҚИ) әріптестерді атап айтуға болады.

Болат Сұлтановтың арқасында монографиялық зерттеулер мен ұжымдық басылымдар тұрақты жарық көре бастап, институттың академиялық бағыты өсті. Институттың кадрлық құрамында доктор және кандидаттардың саны көбейді, оның өзіндік ғылыми мектебі қалыптасты деп айтуға негіз пайда болды.

2014 жылы 11 сәуірде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ҚСЗИ-ды Астанаға көшіру туралы шешім қабылданды.

2014 жылы 16 қазанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Ерлан Қарин ҚСЗИ директоры қызметіне тағайындалды. Және сол күні президент институт Қазақстан Республикасының президенті, Қазақстан Республикасы Президенті әкiмшiлiгiнiң басшысы және оның тиісті орынбасары белгілеген ағымдағы және перспективалық мiндеттердi негiзге ала отырып, өз қызметiн жоспарлайтынын анықтайтын жарлыққа да қол қойды. Сонымен қатар институт Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің жалпы басшылығымен және Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының тиісті орынбасарының жедел басшылығымен жұмыс істейтіні белгілі болды.

Сарапшылар Ерлан Қариннің басқаруымен институттың ақпараттық кеңістікте белсенді жұмыс істеп, өзіне ребрендинг жасап, діни экстремизм және терроризм мәселелері бойынша зерттеулерді күшейтетінін байланыстырып отыр.



                                     

2. Құрылымы

ҚСЗИ өзінің сыртқы саясат, әлеуметтік-саяси, экономикалық зерттеулерін, талдаушылық мәліметтерін және ақпараттандыру жұмысын келесі құрылымдық бөлімдер арқылы жүргізеді:

  • әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімі;
  • экономикалық зерттеулер бөлімі;
  • сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімі;
  • ақпараттық қамсыздандыру бөлімі.
                                     

3. Зерттеулердің бағыттары

Сыртқы саясаттың стратегиялық аспектілері:

  • Қазақстанның Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, Түркиямен, Еуропа одағы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен екі жақты қатынастарын талдау;
  • қауіпсіздік мәселелерін сараптау.
  • көршілес елдердің ішкісаяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;
  • посткеңестік кеңістіктегі интеграция мәселелерін зерттеу;

Бүгінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік үрдістер:

  • Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси жағдайға мониторинг жүргізу;
  • Қазақстандағы ағымдағы саяси жағдайды талдау.
  • Қазақстанда саяси институттардың қалыптасуы мен демократиялану үрдістерін зерттеу;

Экономикалық қауіпсіздік:

  • әлемдік экономиканың даму қарқынын зерттеу және оның Қазақстан экономикасына әсерін талдау;
  • жаһандану мәселелерін және оның Қазақстанға ықпалын зерттеу;
  • Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға мониторинг жүргізу.
  • Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу;
                                     

4. ҚСЗИ-дың директорлары

  • Желтоқсан, 1997 жыл – сәуір 1998 жыл – Алма Қадырғалиқызы Сұлтанғалиева
  • Сәуір, 1998 жыл – мамыр, 2000 жыл – Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев
  • Мамыр – желтоқсан, 1997 жыл – Лев Юрьевич Тараков
  • Мамыр, 2000 жыл – мамыр, 2005 жыл – Мәулен Сағатұлы Әшімбаев
  • Қазан, 2014 жыл –. – Ерлан Тынымбайұлы Қарин
  • Маусым, 1993 жыл – мамыр, 1997 жыл – Өмірсерік Төлешұлы Қасенов
  • Мамыр, 2005 жыл – қазан, 2014 жыл – Болат Қылышбайұлы Сұлтанов
                                     

5. Редакциялық-баспа қызметі

Институтта көптеген монографиялар, ұжымдық жинақтар мен үш ғылыми-талдаушылық журнал жарық көреді. "Казахстан-Спектр" 1994-1997 жылдар аралығында "Казахстан и мировое сообщество" атауымен жарық көрді, жылына 4 рет шығады орыс тілінде шығады, ҚР БҒМ БҒСБК саясаттану, халықаралық қатынастар, тарих, экономика мамандықтары бойынша кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғауға міндетті ретінде ұсынылған. 2003 жылдан бастап тоқсан сайын қазақ тілінде "Қоғам және дәуір" және ағылшын тілінде "Central Asia’s Affairs" журналы шығады. 2000-2012 жылдар аралығында жылына алты рет "Analytic" журналы орыс тіліде шығып отырды.

Бұдан басқа институт Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының өзекті мәселелері, халықаралық қатынастар, қауіпсіздік және экономика бойынша монографиялық және ұжымдық басылымдарды жариялайды.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →