Топ-100
Back

ⓘ Сармат мәдениеті - ерте темір дәуірінде Қазақстанның батыс өлкелері мен Оңт. Орал далаларын мекендеген көшпелі тайпалар қалдырған түрлі археологиялық ескерткішт ..



                                               

Павлодар облысы ғұн-сармат дәуірінде

Ғұн-сармат дәуірі. Б.з.д. ІV-ІІІ ғасырлар тоғысында тасмола тайпаларының мәдениеті б.з.д. ІІІ ғ. – б.з.д. V ғ. ғұн-сармат дәуірінің ескерткіштерімен алмасады. Евразия даласы тайпаларының тарихындағы бұл күрделі кезең араласып, жаңа мәдениеттердің жасақталуына соқтырған көне жұрттың белсенді қозғалысымен байланысты. Ертістің Павлодар өңірінің аумағында ғұн-сармат дәуірінің ескерткіштері негізінен кездейсоқ табылған заттармен, қираған тас қорғандардың астында қалған қабірлермен көрінеді. Олардың арасында б.з.д. ІІІ-І ғ.ғ. қорғантас типті зираттары мен б.з.д. і мыңжылдықтың аяғы – б.з. І мыңж ...

                                               

Батыс Қазақстандағы савромат-сармат мәдениеті

Батыс Қазақстандағы савромат-сармат мәдениеті - - ертедегі темір ғасырының ескерткіштері Батыс Қазақстанның ұлан - байтақ жерінде аймақтың гидрографиялық және табиғи-климаттық ерекшеліктеріне сәйкес тіпті де біркелкі орналаспаған. Жалпы алғанда, олардың мейлінше ірі өзендер ағып жатқан, ылғалдылығы жоғары, демек, малдың жайлауы мен адамдардың өмірі үшін жақсы жағдай бар солтүстік далалық аумаққа көп шоғырланғаны байқалады. Аймақтың сазды және құмды Атырау шөлейті бар оңтүстігі мен Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Маңғыстау облысының тастақ шөлейтінде көненің көздері азырақ. Ескерткіште ...

                                               

Алдыңғы сармат ескерткіштері

Алдыңғы сармат ескерткіштері - алдыңғы сармат уақытында Жайық еңірі - Еділ бойы тұрғындарының мәдениетінде елеулі өзгерістер болады. Ең алдымен, көшпелі тұрғындардың батысқа ағыла жылжуы аңғарылады. Еділдің арғы жағы мен Жайық өзенінің орта және төменгі ағысы бойындағы ескерткіштер, тегінде, көшпелілердің Електен кетуі есебінен болар, едәуір көбейген. Сапалық және сандық өзгерістер айқын біліне бастайды. Ақтөбенің төңірегінде ауқатты және ақсүйек әулеттердің мүшелері көп мөлшерде жерленген алып ағаш құрылыстары бар үлкен обалар жойы- лады. Олардың орнын катардағы жауынгерлердің қатты сиреп ...

                                               

Сақ-сармат дәуiрiндегi Қазақстан

Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот сақтарды "азиялық скифтер" деп атаған. Осымен қатар Геродот өзінің "Тарих" деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде "Сақ" деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты ж ...

                                               

Темір обасы

Темір обасы – ерте темір дәуірінің ескерткіші. Ресей, Челябі облысының қиыр оңтүстігінде, Новотемир және Березиновка кенттерінің арасында, Зингей көлінің маңындағы төбе басында орналасқан. Обаға 1980 ж. Г.Б.Зданович, М.Қ.Хабдулина алғаш зерттеу жүргізген. Ескерткіштің бұзылмай тұрғандағы диаметрі 26 м, биіктігі 2.5 м. Зерттеу барысында обаның топырақ үйіндісі астындағы күрделі құрылымдық сипаты анықталып, көптеген құнды деректер алынды. Үйіндінің ортасынан оңтүстікке қарай орналасқан жерлеу камерасы қабырғаларының ұзындығы 3–5 м бесбұрышты үлкен шұңқыр. Оның үшкір бұрышы оңтүстікке қаратыл ...

                                               

Қарамөңке ғибадатханасы

Қарамөңке ғибадатханасы - Бейнеу -Маңғыстау теміржол тармағының Үстірт стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 10.5 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіш типологиясы бойынша Байте тобына жатады. Қарамөңке ғибадатханасының орталық элементі - жоспарда жомалақ қабырғалары құлаған бұл мәдени құрылыс жерлеу ескерткіші емес. Бұл жерде жерленгеннің және жерлеу құрылыстарының қалдықтары да көрінбейді сүйек, заттар; сонымен қатар, оттың, үлкен шеңбер қабырғаларымен шектелген жер үсті құрылыстары байқалмады. Шеңбер қабырғаның сыртқы беті тақта тастармен жақсы өңделген, ішкі кеңістік көрінбек үшін қабырғада ...

Сармат мәдениеті
                                     

ⓘ Сармат мәдениеті

Сармат мәдениеті - ерте темір дәуірінде Қазақстанның батыс өлкелері мен Оңт. Орал далаларын мекендеген көшпелі тайпалар қалдырған түрлі археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Жалпы" сармат” атауы көне грек жазба деректерінен жеткен шартты ұғым, ал сарматтар осы тарихи деректер бойынша шығыстан келіп, Қара т. скифтері патшалығын талқандаған тайпалар ретінде танымал. Археол. зерттеулер Сармат мәдениетіжайлы, яғни тайпалардың жерлеу ғұрпы, заттық мәдениеті, өнері жайлы құнды деректер берді. Ғыл. қорытындылар бойынша, мәдениеттің өмір сүрген уақыты б.з.б. 7 - 6 ғ-лар мен б.з. 4 ғ. арасын алып жатқан өте үлкен мерзімді қамтиды. Даму барысындағы ерекшеліктерді ескере отырып, ғалымдар осы өте ұзақ мерзімді" ерте сармат”," орта сармат”," соңғы сармат” деп аталатын үш кезеңге бөлді. Бат. Қазақстаннан Қара т., Орт. Еуропаға дейінгі аралықта тараған, жүздеп саналатын обаларды қазу, олардан алынған деректерді зерттеу, сараптауда М.И. Ростовцев, Б.Н. Граков, К.Ф. Смирнов, М.Г. Мошкова, Б.Ф. Железчиков, М.Қадырбаев, Ж.Құрманқұлов, А.Х. Пшеничнюк, С.Ю. Гуцалов еңбектерінің маңызы зор. Сармат мәдениетінің алғаш қанат жайып қалыптасқан аумағы Еділден шығысқа қарай орналасқан өлкелер. Ғыл. пайымдаулар бойынша, осы жерлерде, ең алдымен, Ор мен Елек өзендері алқаптарында, Жайық далаларында ерте Сармат мәдениеті қалыптасқан. Бесоба, Сынтас сияқты қорымдардан алынған деректер осы кезең жайлы құнды мәліметтер берді, сондай-ақ қазір зерттеліп жатқан Қырықоба үлкен қорымы маңызды нысандар қатарына кіреді. Археол. зерттеулерде ерте сармат кезеңіне жататын семсер, қанжар, жебе сияқты қару түрлерінің, ат әбзелдерінің, түбі дөңес қыш көзелердің, айналар мен тас құрбандық ыдыстардың, аң стилімен сомдалған бұйымдардың тұрақты сипаттамалары жасалған. Зерттеушілер заттық мәдениет пен жерлеу ғұрпының басты ерекшеліктерін алға тарта отырып, ерте Сармат мәдениетінің қалыптасуына жергілікті дәстүрлермен қоса Арал, Төм. Сырдария сақтарының да маңызды ықпалы болғанын атап көрсетті. Б.з.б. 1 ғ-дан бастап 4 ғ-ға дейінгі аралықты орта және соңғы Сармат мәдениеті ескерткіштері алып жатыр. Сармат тайпаларының үлкен бөлігінің батысқа жылжыған уақытымен сәйкес келетін бұл кезеңдердің ескерткіштері шашырай таралып, аз табылған және біршама өзгерістерге ұшыраған. Мәдениет дамуының соңына қарай орын алған тарихи оқиғаларға байланысты кейінгі Сармат ескерткіштерінде ғұн ықпалы басым. Сармат дәуіріне жататын, бірақ классик. Сармат мәдениеті үлгісінен өзіндік ерекшеліктері бар кейбір ескерткіштер Арал мен Каспий аралығында ашылды. Кейінгі зерттеулер барысында туындап отырған күрделі мәселелердің бірі - Сармат мәдениеті мен" дах-массагет” атауымен байланыстырылатын ескерткіштердің арасын анықтау болып табылады.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →