Топ-100
Back

ⓘ Петров мәдениеті б.з.б. 17 - 16 ғасырларда Солтүстік, Солтүстік-Батыс, Орталық Қазақстан өлкелерін, Оңтүстік Оралдың сырты мен Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орм ..



                                               

Бас

Бас мамандық, қызмет атауымен тіркесіп лауазымды, дәрежені білдіретін ұғым. Мысалы, бас редактор, бас дәрігер, бас инженер, бас би, бас балуан, т.б. Сондай-ақ, Бас сөзі кейбір күнделікті тұтыну заттарымен, жиын, той, мерекелерде берілетін кәделі сый атауларымен тіркескенде, оларға басты, негізгі деген мағына үстейді. адам не жануарлар денесінің кеудеден жоғарғы не алдыңғы қозғалмалы бөлігі. Тірі организмдердің эволюциялық даму жолында Бастың денеден жекеленуі моллюскілерде, әсіресе буынаяқтыларда кездесе бастайды. Алғашқы хордалыларда, қабықшалыларда және бассүйексіздерде Бас болмайды. Омы ...

                                               

Санкт-Петербург

Санкт-Петербург - Ресейдің федералдық мәні бар қала, Солүстік-Батыс федералды аймағының және Ленинград облысының әкімшілік орталығы. 1914 жылдың 31 тамызынан 1924 жылдың 26 қаңтарына дейін - - Петроград, 1924 жылдың 26 қаңтарынан 1991 жылдың 6 қыркүйегіне дейін - Ленинград деп аталған.

Петров мәдениеті
                                     

ⓘ Петров мәдениеті

Петров мәдениеті б.з.б. 17 - 16 ғасырларда Солтүстік, Солтүстік-Батыс, Орталық Қазақстан өлкелерін, Оңтүстік Оралдың сырты мен Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орманды-далалы алқаптарды мекендеген қола дәуірі тайпаларының мәдениеті. Алғаш қазба жұмыстары жүргізіліп, көрнекті деректер табылған Солтүстік Қазақстан облысындағы Петровка ауылы маңындағы зират бойынша аталған. Бұл ескерткіштерді 1970 жылы Г.Б. Зданович зерттеді. Біршама жақсы зерттелген үлкен қоныстарының қатарына Амангелді-1, Боголюбово, Новоникольское-1, Кеңөткел-5, Семиозерное, Екпін-1 жатады. Петровка, Бірлік-1, Бірлік-2 сияқты ірі зираттардан құнды деректер алынды. Қарағанды облысы аумағында соңғы кезеңде зерттелген Нұртай, Сатан, Ащысу зираттарынан мәдениеттің кейінгі сатысының ерекшеліктерін байқататын жаңа мәліметтер жинақталған.

Зерттелген қоныстардағы пішіні тік бұрышты ағаш қабырғалы үйлердің орташа ауданы 25 - 100 м2. Құм аралас балшықпен сыланған еденде таспен жиектелген 1 - 2 ошақ орналасқан. Сыртынан айнала тереңд. 1.5 - 2.5 м, ені 2 - 2.5 м ормен қоршалуы қоныстардың басты ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Қоныстарда қола бұйымдар көптеп кездеседі. Сондай-ақ үй еденінде қазылған шағын шұңқырларда балалар мәйітін жерлеп отыру да басқа мәдениеттерде сирек кездесетін дәстүрге жатады. Зираттар пішіні дөңгелек келген топырақ обалардан тұрады. Арбалы жауынгерлердің, бай, салтанатты әйелдердің қабірлері өзіне сай қару мен әшекей түрлерінің көптігімен көзге түссе, балалар мен жасөспірімдер мүлде қарапайым, үстінде үйіндісі жоқ шұңқырларға жерленген. Қоныстар мен зираттарды қазу барысында қыш ыдыс үлгілері көптеп табылған. Мәдениеттің негізгі дерегі саналатын Петров мәдениеті қышының басты сипатын бүйірі әдеттегідей біркелкі дөңес емес, тіктеп шығарылған көзелер береді. Бұл ыдыстарға аласа пішін, қысқа мойын, сондай-ақ түбінен аузының кең болуы сияқты белгілер тән. Негізінен ыдыстың жоғары жағында орналасқан өрнек түрлеріне штрихталған үшбұрыштар, толқынды сызықтар, иректер, тырнақпен шымшылған таңбалар мен басып түсірілген шұңқырлар жатады. Түсіру техникасының негізгі түрі - тегіс қалыппен басу, тарақ, т.б. сиректеу кездеседі. Аса маңызды дерек көзін құрайтын бұл ыдыстар мәдениеттің жергілікті энеолиттік дәстүрлерден бастау алатынын көрсетеді. Петров мәдениеті кезеңінен бастап Қазақстанның солтүстік өлкелерінде бақташылық пен егіншілік, металлургия салалары кеңінен дамыды. Б.з.б. 15 ғасырдан бастап Петров мәдениетінен біртіндеп жергілікті алакөл мәдениеті өсіп шықты.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →