Топ-100
Back

ⓘ Қазақстан мәдениеті. Мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүл ..



                                               

Тагар мәдениеті

Тагар мәдениеті – б.з.б 7-3 ғ-ларда Сібір жерін мекендеген тайпалар мәдениеті. Ол Минусинск ойпаты, Енисей өзенінің орта ағысы, Красноярск ауданы мен Кемерово облысының шығыс жағында орын тепкен. Қазақстан мен Орта Азиян мекендеген сақ тайпаларының мәдениетіне өте ұқсас. Бұл мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі- табылған заттардың барлығы қоладан жасалған. Оның орналасқан ауданы Еуразия жеріндегі қола өндірудің басты ошағы болған. Танар мәдениеті тұрғындары егін егіп, мал өсірген. Тагар мәдениетінің қалыптасып өсіп- өркендеуіне Алтай, Қазақстан, Орта Азия жеріндегі тайпалардың тікелей қатысы б ...

                                               

Терсек мәдениеті

Терсек мәдениеті – энеолит дәуірінің соңғы кезеңдерінде Қостанай облысы Торғай өңірін мекендеген тайпалардың мәдениеті. Алғаш рет 1940–50 ж. А.А.Формозов зерттеулерінде "терсек тұрақтары", "терсек-қарағай мәдениеті" жайлы айтылады. Бұл мәдениеттің неғұрлым толығырақ мінездемесі 1980–90 ж. С.Қалиева, В.Н.Логвин зерттеулері барысында қалыптасты. 1980 жылдардың ортасына қарай белгілі болған 30-ға жуық ескерткіштің ішінде біршама жақсы зерттелгендері Соленое озеро-1, Дүзбай-2, Дүзбай-3, Бестамақ, Құмкешу-1, Қожай-1, Қайыңды-3, Евгеньевка-2, Тоқанай-2 сияқты тұрақтардан алынған деректер. Қазбал ...

                                               

Ориньяк мәдениеті

Ориньяк мәдениеті – жоғарғы палеолиттың ерте кезеңіне жататын археология мәдениеті. Оңтүстік-Батыс Франциядағы Ориньяк үңгіріне байланысты аталған. 1906 жылы А.Брейль жоғарғы палеолитті кезеңдестіріп, оны ориньяк, солютре, мадлен сатыларына бөлген. Ориньяк мәдениетін А.Брейль ерте, ортаңғы және кейінгі деп бөледі. Радиокөміртекті мәліметтер Ориньяк мәдениетін қалдырған байырғы адамдар б.з.б. 32 – 20-мыңжылдықтар шамасында өмір сүргендігін айғақтайды. Ориньяк мәдениетіне жататын ескерткіштер Бельгия, Ұлыбритания, Франция, Австрия, Чехия, Словакия, т.б. елдер аумақтарынан көптеп табылып зерт ...

                                               

Мегалит Мәдениеті

Мегалит Мәдениеті - негізгі ескерткіштері қатарына мегалиттер, яғни аса үлкен тастардан жасалған құрылыстар кіретін көне археологиялық қазба ескерткіштердің жалпылама атауы. Неолит пен қола дәуірлеріне байланысты қолданылады. Атау, ең алдымен, мегалиттік құрылыстар кеңінен тараған Батыс Еуропа елдері ғылымына тән және басқа елдер ғылымына батыстан енген. Мегалит Мәдениеті 20 ғасырдың басында О.Монтелиус, С.Мюллер, М.Гернес, сондай-ақ И.Арнольди, Дж. Дэниел, Дж.Хокинс, Г.Чайлд, Дж.Кларк, С.Нордман, Е.Шпрокхофф, тағыда басқа көптеген ғалымдар еңбектерінде зерттелді. 20 ғасырдың басында ғылым ...

                                               

Мәдениет (айрық)

Мәдениет келесі мағыналарды беруі мүмкін: Мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері ; Мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі ; Мәдениет телеарнасы - Қазақстандағы мәдени-танымдық бағытта хабар тарататын алғашқы арна. Мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; Агромәдениет.

                                               

Мустье мәдениеті

Мустье мәдениеті, мустье дәуірі – палеолитке жататын, ашель мәдениетін ауыстыратын археологиялық кезең. Оңтүстік-батыс Францияның Везер өзені жағалауындағы Ле-Мустье үңгірінің атымен аталған. Мустье мәдениетін 1872 ж. француз археологі Г. де Мортилье Брюссель қаласында өткен антропология мен тарихқа дейінге археологияға арналған халықаралық конгресте жасаған баяндамасында бөліп көрсеткен. Мустье мәдениеті жекелеген айырмашылықтарына қарамастан бүкіл Еуропада, Африкада, Таяу Шығыс пен Орта Азия елдерінде кеңінен тараған. Көп жерде оны ежелгі палеолитке қосады. Қазіргі уақытта зерттеушілерді ...

Қазақстан мәдениеті
                                     

ⓘ Қазақстан мәдениеті

Мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты XX ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда қарқынды дамыды. XIX ғасырдың соңында "Түркістан уалаятының газеті" мен "Дала уалаятының газеті" атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Санкт-Петербургте редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған "Серке" газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде М. Дулатовтың "Біздің мақсат" деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті "қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы" үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған "Қазақ газеті" жарық көрді.

Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде "Айқап" журналы, "Киргизская степная газета", "Степной край", "Қазақ" газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде "Айқап" журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаметжан Сералин болды. Журнал өдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта "Айқап" журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектеп- терге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы: Фирдаусидің "Шахнамасы" жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған "Қазақстан" газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалалардан басқа қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалары да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913-1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынұлының редакторлығымен шығып тұрған "Қазақ" газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Газет беттерінде Ә. Бөкейхановтың ауыз әдебиеті мен А. Байтұрсыновтың қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі еңбектеріне көп орын берілді.

1913 жылы қыркүйектен Петропавловскіде татар және қазақ тілінде "Есіл даласы" атты газеті шыға бастады. Оған жылдың соңында "революциялық идеяларды таратқаны" үшін тыйым салынды. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына дейін Ташкентте К. Тоғысов басшылық жасаған апталык "Алаш" газеті шығып тұрды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін әр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады: маусым айынан бастап Семейде "Сарыарқа" апталық басылымы, "Абай" әдеби журналы мен "Халық сөзі" газеті, Оралда - "Ұран" газеті, Ташкентте пантүріктік жене жәдит бағытындағы екі басылым - бас редакторы Мұстафа Шоқай болған "Бірлік туы" мен "Жас алаш" газеті, Ақмолада "Қазақ газетіне жақын позиция ұстанған "Тіршілік" газеті шыға бастады.

20-30-шы жылдардағы оқу-ағарту ісімен мәдениет мәселесі тарихымызда әлі толық анықтала қоймаған күрделі мәселе. Мұның басты себебі, осыған байланысты ресми мәліметтердің өзара кайшылықта болуы дер едік. 20-30-шы жылдардғы ұлт зиялылардың ағартушылық қызметі арқылы тоталитарлық жүйесі қарсылығының ерекше түрі болғандығын көрсетуі біздіңше құптарлық пікір деуге болады. Кеңес заманында қазақтарда қазан революциясына дейін оқығандар болған жоқ деген тезис белең алып келгені баршаға мәлім. Ал шын мәнінде тарихи шындық басқаша болған. Профессор Х.Әбіжановтың статистикалық мәлім еттеріне сүйеніп жасаған мына мәліметгеріне сүйенсек, XX ғасырдың басында қазақ өлкесінде қазақтардан 3000-дай мұғалімдер, 600-ге жуық ауыл шаруашылық мамандары, ал 30-ға жуық қазақ азаматы жоғарғы медицина мамандық алған. Қазақтың ұлттық интелегенциясынын өсіп-өркендеуі қиын тарихи жағдайда жүрді. Бір жағынан уақыты өткен ескі қоғамдық қатынастар аяқтан тартып, мешеуліктен шығуға кедергі жасаса, екінші жағынан отарлық езгі, патшалықтың "әскери-полицейлік" тәртібінің күшейуі қазақ елінің алдағы болашағын күмәнді етті. Ақыры 1917 жылы Ақпан төңкерісі жеңіп, патша тақтан түсті. Қазақ демократиялық зиялылары бұл хабарды қуанышпен қарсы алып, ендігі жерде қазақ халкының бостандығын қамтамасыз ететін сәт жақындады деп сенді. Осыған байланысты, сол кездегі халықтың көңіл күйін А.Байтұрсынов былайша сипаттайды; "Қазақтарға Ақпан Төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, Қазан әлеуметтік Төңкерісі оларға соншалықты түсініксіз көрінді". Олар алғашқы революцияны қандай қуанышпен қабыл алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбур болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл төңкеріске деген мұндай қатынасы әбден табиғи және түсінікті болатын. Алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ал бірініден бұл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруына және екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді. Міне осылайша қазақ зиялылары Ақпан төңкерісінің нәтижесінде ұлттық-азаттық қозғалыстың негізі мәселелері - ұлттық мемлекеттік дербестік алуға, мәдениетті өркендетуге және басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік туады деген сенімде болды. Осы орайда оқу-ағарту саласына ерекше көңіл бөлген ең алдымен Түркістан Республикасы Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың, сонымен бірге Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Санжар Асфендияровтардың атқарған қызметтерін атап өткен орынды.

                                               

Тағар мәдениеті

Тағар Мәдениеті – б.з.б. 7 – 3 ғ-ларда Сібір жерін мекендеген тайпалар мәдениеті. Минусинск ойпаты, Енисей өз-нің орта ағысы, Красноярск ауданы мен Кемерово облысының шығыс жағында орналасқан. Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының мәдениетіне ө

Клэктон
                                               

Клэктон

Клэктон - - Эссекс графтығында мұхит жағалауларыда табылған ежелгі палеолиттің шелль-ашель мәдениеті кезеңіне жататын қоныс. Оны ағылшын археологы Х.Уоррен 1921 жылы қазып, көптеген сопақша тас сынықтарын тапты. Олардың көпшілігі дөңгелек өзек тастардан, үлкен қолпышақтардан, жарғыштардан сыдырылып алынға. Клэктонды мекендеген жабайы адамдар аң аулауме шұғылданған.

                                               

Этникалық фузия

Этникалық фузия – тілі мен мәдениеті туыстас бірнеше бұрынғы дербес халықтардың жаңадан ірі бір этносқа топтасуы, кірігуі. Этникалық фузия көбіне бір ұлт басқаларына қарағанда саяси, мәдени-экон. жағынан күшейген кезде әрі мұнысын ұзақ уақыт сақтап тұрған кезде іске асады. Ортақ мүдделері бар бірнеше халықтар өздерін сақтап қалу үшін біртіндеп бірігеді де, саяси аренаға бір атаумен танылады. Д. Сүлейменұлы

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →