Топ-100
Back

ⓘ Алакөл мәдениеті, Алакөл мәдениетінің Атасу нұсқасы – орта қола кезеңінің мәдениеті. Ескерткіштері Қазақстанның далалы, орманды-далалы алқаптарында, Оңтүстік Ор ..



                                               

Қола дәуірінің антропологиялық сипаттамасы

ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ Қазақстанның қола дәуірі археологиялық жағынан едәуір жақсы зерттелген. Зерттеушілердің көпшілігі қарастырылып отырған аймақтың негізінен солтүстік, орталық және шығыс бөліктерінде қалыптасқан Андронов мәдениетің сол дәуірдегі ен көп тараған мәдениет деп таныды. Кдзақ- станның батыс болігінде Андронов мәдениетімен бір мезгілде оған жақын кима мәдениеті таралды, онын таралған орталығы Еділ бойында болатын. Андронов мәдениеті оңтүстікте өзімен тектес, Арал өңіріндегі тазабағьяб мәдениетімен шектесіп жатты. Қазақстанның аталған аудандарында жүргізілг ...

                                               

Топонимика

Топонимика - ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын, мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл гректің "топос" - орын, жер, "онома" - атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз. Топоним дер, яғни жер-су аттары, негізінен үш бағытта зерттеледі: семантикасы мағынасы; жасалу жолдары; этимологиясы. Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген ау ...

                                     

ⓘ Алакөл мәдениеті

Алакөл мәдениеті, Алакөл мәдениетінің Атасу нұсқасы – орта қола кезеңінің мәдениеті.

Ескерткіштері Қазақстанның далалы, орманды-далалы алқаптарында, Оңтүстік Орал сыртында, сондай-ақ Батыс Сібірдің бірқатар өлкелерінде тараған. Ресейдің Қорған облысындағы Алакөл зиратын зерттеу нәтижесінде К.Ф. Сальников Андрон мәдениетінің алакөл сатысы туралы пікірді ұсынды. Қазір Алакөл мәдениеті андрон тарихи - мәдени қауымдастығына кіретін жеке мәдениет ретінде қарастырылады бұл қауымдастыққа кіретін екінші бір мәдениет – федоров мәдениеті. Қазба деректері мен жан - жақты ғылыми-теориялық мәселелері Ә.Марғұлан, К.Ақышев, Ә.Оразбаев, Е.Е. Кузьмина, М.Қадырбаев, Г.Б. Зданович, Ж.Құрманқұлов, В.В. Евдокимов, В.В. Варфоломеев, В.Г. Ломан, А.А. Ткачев, Э.Р. Усманова, И.А. Кукушкин, т.б. көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелген. Көптеген ғалымдардың пікірінше, ол Қазақстанның солтүстік өлкелері мен Оңтүстік Оралда кеңінен тараған Петров мәдениетінің негізінде қалыптасқан. Орталық Қазақстан аумағындағы ескерткіштері өзіне тән жергілікті ерекшеліктеріне сәйкес мәдениеттің атасу нұсқасы ретінде сипатталады. Аса маңызды деректер берген зираттарының қатарында Амангелді-1, Семипалатное Солтүстік Қазақстан, Айшырақ, Былқылдақ-1, Атасу-1, Атасу-2, Мыржық, Ақмұстафа Орталық Қазақстан сияқты ескерткіштер бар. Біршама жақсы зерттелген қоныстардан Новоникольское-1, Петровка-2, Конезавод-3 Солтүстік Қазақстан, Атасу-1, Атасу-2, Мыржық Орталық Қазақстан қоныстары белгілі. Ескерткіштері өзен - көл алқаптарында, суға біршама жақын орналасқан. Жерлеу ескерткіштерінің негізгі түрін құрайтын қоршаулар дөңгелек, сопақ, төртбұрыш пішіндес болып, тігінен орнатылған ірі қақпақтастардан тұрғызылған. Онша биік емес топырақ үйіндісі бар оба - қоршаулар да кездеседі. Қоршаудың ортасында орналасқан тас жәшіктерде мүрделер басымен күнбатысқа қаратылып, аяқтары бүгіліп бір бүйіріне жатқызылған. Жартылай жертөле түріндегі үйлерінің қабырғалары ағашпен өріледі, оларға, әдетте, 1 – 3 ошақ тән.

Маңызды деректердің ішінде көптеп табылатын қыш ыдыстар және бір жарым орамды шекеліктер, мойын алқалары, шеттері шиыршық бұралған білезіктер, пышақтар, садақ, найза жебелері сияқты қола бұйымдар, тас, сүйектен жасалған құралдар бар. Мойыннан иыққа өтетін тұста шағын кертпіштің болуы, үш жерінде мойын, дене түпке жақын орналасқан онша күрделі емес оюлар алакөл қышының аса маңызды ерекше белгілеріне жатады. Зерттеу нәтижелері бойынша, патриархалды - рулық тұрмыс қалпында өмір сүрген алакөл тайпаларының экономикасы негізін үй маңындағы мал шаруашылығы жақсы дамыған металлургия, қосалқы бағыттағы егіншілік құраған.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →