Топ-100
Back

ⓘ Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Көне заманның жойқын белгілері, әсіресе Беғазы тауының бір тармағында Беғазыбұлақ, Беғазы өзені сақталғандықтан Беғазы деген атау қой ..



                                               

Қола дәурі

Қола дәуірі – қоладан жасалған еңбек құрал-саймандары және қарулар басты роль атқарған кездегі адамзат тарихындағы ірі кезеңдердің бірі.Еуразия дала аймағында ол бір жарым мың жылға созылған біздің заманымызға дейінгі III ғасыр аяғымен - I ғасыр басына келеді. Қола – мыстың басқа металдармен қоспасы.Сапалы қолалар қаттылығы және беріктігі жағынан мыстан асып, қарапайым болаттан кем түспейді. Қола дәуірінің ең ерте деректері Қарқаралы ауданындағы Қарағаш зиратынан алынды. Мұндағы бір қабірден мыс пышақ, қырғыш және қыш ыдыстармен бірге жерленген ер адам мүрдесі кездескен. bronzvek/03.jpg Гл ...

                                               

Қола дәуіріндегі орталық Қазақстан

Қола дәуіріндегі Оталық Қазақстан Шүйгін жайылымдар мен рудалы кен орындарының көптігі арқасында Орталық Қазақстан ежелгі замандағы мал шаруашылығы, кең кәсібі мен металлургия дамыған ірі аймаққа, Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының біріне айналды. Мал шаруашылығы мен металлургия және бұлармен бірге бақша егіншілігі арқасында Орталық Қазақстанды мекендеуші ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті жоғары деңгейде болды. Қазақтың ұсақ шоқылығының байтақ жерін мекендеген тайпалар тұрғын үйлер мен қора-қопсылардың калдыктары бар қоныстар, бейіт кұрылыстары мен көне кең орын ...

                                               

Керамика

Керамика – қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б. органикалық емес қосындылардан күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында, құрылыста, техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. К-ның негізгі технол. түріне құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфор жатады.

                                               

Қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстан

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ТАЙПАЛАРЫ Алтайдың, Қалба жотасы мен Тарбағатайдың таулы және биік таулы аудандары, солтүстігіндегі далалар, оңтүстігіндегі шөл және шөлейт жерлер - Шығыс Қазақстанның алуан түрлі жер бедері, міне, осындай. Негізгі су арнасы - Ертіс пен оның көптеген салалары - Бұктырма, Күршім, Оба, Үлбі, Шар, Қызылсу және басқалары. Топырағы құнарлы жазық алқаптар, жайылымдар, таулардағы мыстың, қалайының, алтынның көптеген кеніштері, балығы мол өзендері, аңға толы ормандары қола дәуірінің жоғары мәдениетінің дамуына себепші болды. Қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстан тайпаларының мәдениеті ү ...

                                     

ⓘ Беғазы-Дәндібай мәдениеті

Көне заманның жойқын белгілері, әсіресе Беғазы тауының бір тармағында Беғазыбұлақ, Беғазы өзені сақталғандықтан "Беғазы" деген атау қойылған. Дәндібай да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп, сол жердегі ежелгі өркениет қонысын "Беғазы - Дәндібай мәдениеті" деп атайды.

                                     

1. Зерттелу тарихы

Бұл тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым - әйгілі академик, тарихшы, этнограф Әлкей Марғұлан болды. Осы ғалым бастаған арнаулы археологиялық топ Бегазы - Дәндібай мекенін 1947-1949 және 1952 жылдары жан-жақты зерттеді. Осы зерттеулер негізінде Қазақстан тарихы ғана үшін емес, көне дәуірлердегі жалпы адамзат тарихы үшін маңызды ғылыми қорытындылар жасалды.

                                     

2. Географиясы

Ерте дәуірдегі Қазақстанның тарихынан сыр қозғайтын "Беғазы - Дәндібай мәдениеті" Қарағанды облысындағы аудан орталығы Ақтоғай кентінен 40 шақырымдай жерде орналасқан. Беғазы - Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысында Ұлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен.

                                     

3. Жалпы сипаты

Қола дәуірінде және одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің пішіні, жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де айрықшаланады. Беғазы - Дәндібай мәдениетінің кесенелері күрделі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады. Олар көбіне дөңгелек, төртбұрышты болып келеді. Ғимараттардың үсті қақпақ тастармен немесе жуан бөренелермен сатылы пирамидалы әдіспен жабылып, мәйіт ортадағы үлкен тас жәшіктерге жерленген. Қоныстар мен тұрақтардан табылған көзе ыдыстардың таяқшамен батыңқы сызылып салынған сыртқы өрнектері қарапайым, қиғаш, көлбей салынған шырша, тырнақ, шекілдеуік, жарты ай бейнелі, мойны мен ернеуіне белдемшелер жапсырылған. Ал қабірлердің ішіне қойылған ыдыстардың пішімдері мен өрнектері мүлде өзгеше. Олар қыл мойын құмыра пішімді, шығыңқы бүйірлі кесе, тостаған тәрізді, сырты сүйек қалыпшалармен әсем етіп өрнектелген. Осы кезеңде бұл өңірде ірі елді мекендер пайда болған. Тұрғын үй құрылыстары әр түрлі. Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4 - 6 бөлмелі үйлермен қатар, бір-екі бөлмелі жер кепе және киіз үй пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған. Олардың орта тұсында немесе шетінде биіктеу етіп тастан салынған төртбұрышты ғибадат ету орындары бар. Әрбір үлкен қоныстардың айналасында 3 - 5 шағын мекендер болған. Бұл жерлерді қоныстанған тайпалардың басым көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егін егумен, мал ш-мен айналысқан. Беғазы - Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен табиғат күштеріне күн, от, су, т.б. табынған. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю, т.б. жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына тұрғызып қойған. Беғазы - Дәндібай мәдениеті тұрғындары - өздерінің әлеуметтік дамуында беделді рубасылары басқарған, қалыптасқан діни наным-сенімі, саяси әкімшілік орталығы бар, өзіндік өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғаш мемлекеттік бірлестік құру дәрежесіне жеткен тайпалар. Олар Оңтүстік Оралдағы Замарев мәдениеті, Алтай мен Eнисейдегі Қарасуық мәдениеті өздеріне туыс тайпалармен саяси-экономикалық тығыз байланыста дамыды.

Беғазы-Дандыбай мәдениетінің ерекшілігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Көзе сауыттар, құрылыс істерінің түрлері, қауымның әдет-ғұрпымен салт-санасы, рухани тіршілігінің жаңа арнаға ауысқанын айқын дәлелдейді. Беғазы-Дандыбай мәдениетін жарқын сипаттайтын белгілер: Дәндібай 1933, Беғазы 1946 Бұғылы ІІ-ІІІ 1952, Саңғыру І,ІІІ 1955, Қойшоқы 1967 жәдігелері, т.б. ескерткіштер.

Бегазы - Дәндібай мәдениеті ғылымда - Беғазы кешені, Беғазы қорымы, Дәндібай, Бұғылы ӀӀ-ӀӀӀ, Саңғыру I, III, Қойшоқы сынды бірқатар археологиялық орындар деректері мен жәдігерліктерін қамтиды. Бүл біздің ерте заман тарихымыздың бір тарауы болып саналады.Қола,ерте темір дәуірінен сақталған бейіттер тобы.Бұл қорымнан әр түрлі қыш ыдыстар мен қару-жарақтар,әшекей бұйымдар табылған.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →