Топ-100
Back

ⓘ Карасук мәдениеті. Қарасұқ мәдениеті - қола дәуірінің соңғы кезеңіндегі археологиялық мәдениет. Оңтүстік Сібірдегі Саян - Алтай қыраттары, Қазақстан мен Обь өзе ..



Карасук мәдениеті
                                     

ⓘ Карасук мәдениеті

Қарасұқ мәдениеті - қола дәуірінің соңғы кезеңіндегі археологиялық мәдениет. Оңтүстік Сібірдегі Саян - Алтай қыраттары, Қазақстан мен Обь өзенінің жоғары ағысы аймақтарына таралған. Қарасұқ мәдениетіне тән ескерткіштер - мекен орындары мен зираттар. Бейіттер дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп тігінен қойылған тас сынықтарынан тұрғызылған. Өліктер тас жәшіктерге салынып жерленген. Қарасұқ мәдениетіне жататын заттар негізінен қоладан істелген. Олар: айбалталар, қанжарлар, орақтар мен әр түрлі әшекейлер. Қыш ыдыстар, басқа да барлық заттардың беттері геометриялық өрнектермен безендірілген. Бұлардың кейбіріне хайуанаттардың мүсіндері салынған. Қарасұқ мәдениеті тұсында тайпалар мал өсіруді кәсіп еткен, егіншілікті білген. Мыс қорыту мен тоқыма өнерін игерген. Қоғамдық өмір бұл кезе аналық рудан аталық руға ауысу сатысында болса керек. Қарасұқ мәдениеті кезіндегі тайпалар Солтүстік Қытай, Монғолия, Тува, Байқал срты және Батыс Сібір, Орта Азия жеріндегі тайпалармен қарым-қатынас жасап тұрған. Қарасұқ мәдениеті Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениетімен шамалас. Олардың өлікті желеу тәсілдері мен көзе, қыш құмыра ыдыстар жасау әдістерінде көп ұқсастық бар. Бұл археологиялқ қазбалардан байқалады.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →