Топ-100
Back

ⓘ Қазақстан Республикасының Үкіметі - Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, ат ..



                                               

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі - Қазақстан Республикасы үкіметі құрамына енетін Қазақстан Республиксының орталық атқарушы органы, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік реттеуді, заңнамада көзделген шекте мәдениет, ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық келісім, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.

                                               

25 маусым

Словения Республикасының Ұлттық мейрамы - Словен мемлекеттілігінің күні 1991. Ел парламенті Скупщина Словения Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігін жариялайтын Декларация қабылдады. Мозамбик Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні 1975.

                                               

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестіктерінің қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес, өзін-өзі реттейтін ұйым. Ұлттық палатаның Төралқа төрағасы - Тимур Асқарұлы Құлыбаев, ...

                                               

Азия балалары

"Азия балалары" - Азия құрлығындағы мемлекеттерде балалар спортын көтеруге арналған Саха Республикасы үкіметінің қолдауымен өтетін кешенді жарыс. I ойындар 1996, II 2000, III 2004, IV 2007 жылдары Якутск қаласында өтті. Ойындарды өткізу үшін Саха үкіметі жанынан құрамы өзгеріп отыратын тұрақты кеңес құрылды. Қазақстан Республикасының балалары екі ойынға қатысты.

                                               

Құсайынов

Амангелді Құсайынов – ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Айтпай Бекболатұлы Құсайынов – механизатор, Социалистiк Еңбек Ері. Дәуренбек Өмірбекұлы Құсайынов – философия ғылымдарының докторы. Асқарбек Қабыкенұлы Құсайынов - ғалым, педагогика ғылымдарының докторы. Қарпық Құсайынов – а. ш. ғылым докторы 1986. Темір Құсайынов - журналист, республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі. Қаппас Құсайынов – техника ғылымдарының докторы 1999, профессоры 2001. Қасымхан Құдайбергенұлы Құсайынов – ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Марат Әпсеметұлы Құсайынов - Қазақстан Ре ...

                                               

Кеңес Одағының Шыңжаң оқиғаларына араласуы

Кеңес Одағының Шыңжаң оқиғаларына араласуы – Кеңес Одағының Қытай мемлекеті аумағындағы Шыңжаң өлкесіндегі оқиғаларға қатысты жүргізген дипломатиялық саяси және әскери іс-шаралары. 18 ғ-дың 2-жартысынан бастап Қытай мемлекетінің иелігі саналған бұл өлке Синьхай төңкерісінен кейін орталықтан бөлініп қалған-ды. Осындай жағдайда Ұлыбритания, АҚШ, Жапония үкіметтері бұл аймақты Орт. Азиядағы кеңестік насихатпен күрес жүргізетін плацдармға айналдыруды көздеді. Екінші жағынан, Қызыл Армиядан қашып Шыңжаңға бас сауғалаған ақ гвардияшылар кеңес билігіндегі Қазақстан мен Қырғызстан шекарасына үнемі ...

Қазақстан Республикасының Үкіметі
                                     

ⓘ Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының Үкіметі - Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Мәжіліс алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.

Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі.

                                     

1. Үкіметтің құқықтық мәртебесі

Қазақстан Республикасының Үкіметі - мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген 64-бап. Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған" Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” 1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген ҚР-ның конституциялық Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.

                                     

1.1. Үкіметтің құқықтық мәртебесі Үкіметті құру

Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.

Қазақстан Үкiметi - алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi - республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.

                                     

2. Өкiлеттiктері

Үкiметке мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген:

  • мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;
  • ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру;
  • Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.
  • ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;
  • мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
  • табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
  • келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау;
  • халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
  • баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;
  • ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;
  • Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;
  • мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;
  • құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;
  • еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау;
  • ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;
  • сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;
  • сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;
  • аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;
  • азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру;
  • құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;

Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты.

ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс.

Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi. Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде қызмет етедi және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР Президентiне үкiмет мүшелерi жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз өкiлеттiгiн доғарады.

ҚР-ның Конституциясында 70-бап және ҚР-ның Үкiметi туралы констиуц. заңда республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi өкiлеттi мерзiмiнен бұрын орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер Үкiмет, оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi орындау мүмкiн емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне өз орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы немесе оны қызметiнен босатуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ, президент өз бастамасымен де Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн және оны жүргiзбей отырған үкiмет мүшелерi атқарып отырған қызметiнен босатылуға тиiс.



                                     

3. Құрылымы

Министрлiктiң және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын үкiмет мүшелерi: тиiстi мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады; өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды; ҚР Премьер-Министрiнiң алдында өздерiне жүктелген бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшiн, сондай-ақ, тиiстi мемлекеттік органдардың қарауына жататын мемлекеттік басқару аясындағы iстiң жайы үшiн дербес жауап бередi; ҚР заңдарының, ҚР Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi. Министр ҚР Конституциясында көзделген ретте 37-бап, 6-тармақ өз қызметiнiң мәселелерi жөнiнде парламент палаталарына есеп бередi.

Үкiмет құрамына кiретiн орталық республикалық атқарушы органдарды қызметiнiң сипатына қарай салалық құзыреттi органдарға, салааралық құзыреттi органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттiң арнайы немесе ерекше атқарымдарын iске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады.

                                     

4. Үкімет реформасы

6 тамыз 2014 жылы Үкіметтің экономика және әлеуметтік саланың өзекті мәселелеріне арналған кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің жаңа құрылымы таныстырылды. Нәтижесінде бірнеше министірліктер таратылып, жаңа министрліктер пайда болды. Үкіметтің жаңа құрылымы 14 министрліктен тұратын болды.

                                     

5. Министрліктер тізімі

Үкіметте 18 министрлік бар

  • ҚР Қорғаныс министрлігі
  • ҚР Әділет министрлігі
  • ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
  • ҚР Ұлттық экономика министрлігі
  • ҚР Сауда және интеграция министрлігі
  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
  • ҚР Сыртқы істер министрлігі
  • ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
  • ҚР Энергетика министрлігі
  • ҚР Ішкі істер министрлігі
  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
  • ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
  • ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
  • ҚР Білім және Ғылым министрлігі
  • ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
  • ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
  • ҚР Қаржы министрлігі
                                               

Каботаж

Каботаж қандай да бір мемлекет тасымалдаушысының басқа бір мемлекет аумағында орналасқан екі пункттің арасындағы жүк тасымалдауын білдіреді. Әуелде, каботаж ұғымы теңіз тасымалы терминологиясында туындап, бір ел аумағына тиесілі порттар арасындағы кеме қатынасын білдірген. Үлкен каботаж әр теңіздегі порттар арасында жолаушылар мен жүк тасымалдау және кіші каботаж бір теңіздің порттары арасындағы тасымалдар деп бөлінген.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →