Топ-100
Back

ⓘ Қазақстан мектептерінің тарихы. Қазақстан аумағында, әсіресе отырықшы аудандарда 7-8 ғасырлардың өзінде-ақ мектептер мен медреселер, сонымен қатар діни білім бе ..



                                               

Медресе

Медресе - - орта конфессионалдық мұсылмандық мектеп. Дін қызметкерлерін, мұсылман бастауыш мектептерінің мұғалімдерін және Таяу, Орта Шығыс, тағыда басқа елдердің мемлекеттік аппарат қызметкерлерін даярлайтын орта және жоғары мұсылман мектептері.

                                               

Қазақстандағы ғылыми психологияның тарихы

Қазақстандағы ғылыми психологияның тарихы. Жан құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да сонау ерте кезден бастап-ақ аз айтпаған. Асанқайғы, Шалкиіз, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Ақтамберді, Бұхар, Шал, Дулат, Махамбет, т.б. ақын-жыраулар мен ғұлама-ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады. Қазақ топырағындағы жан мәселелері жайлы ХХ ғасырдың басында өндірте жазған адамның бірі – Жүсіпбек Аймауытұлы. Жүсіпбектің тәлім-тәрбие тақырыбында жазған еңбектерінің ішінде "Психология" деп аталатын көлем ...

                                               

Өлкеден тыс қазақ халқы

Қазақ диаспорасының пайда болуы, және қалыптасуы негізінен екі жолмен түзілгендігі белгілі: оның біріншісі мемлекеттік шекараларды белгілеген кезде өзінің байырғы ата-жұртында тұрса да негізгі этнткалық ортасынан бөлініп қалған қазақтар болса, екіншісі тарихи жағдайларға байланысты көшіп барып орналасып қалғандар. Егер олардың бір бөлігі ол жерлерде ежелгі замандардан тұрып келген болса, енді бір бөліктерін, ұлт-азаттық көтерілістерге қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшырау және басқа саяси, әлеуметтік-экономикалық себептердің салдарынан сол елдерге барып қоныстануға мәжбүрлеген.

                                               

Философия

Философия - жалпы және фундаменталды сауалдар туралы зерттеу болып, ол болмыс, болу, білім, құндылық, ақыл, зерде және тіл секілді өзекті проблемаларға бағытталады. Мұндай сауалдар көбінесе зерттелуді, немесе шешілуді күткен проблемалар ретінде ортаға қойылады. "Философия" термині алғаш Пифагордан басталған болуы мүмкін. Философиялық әдістерге сауал, сыни пікірталас, ақылды аргумент және жүйелі пайымдау қатарлылар жатады. Классикалық философия сұрақтарына жататындар: "Әлденені білу мүмкін бе?", ал егер мүмкін болса, онда "мұны дәлелдей аламыз ба?" Философтар сондай-ақ аса практикалық және ...

                                               

Бейнелеу өнері

Бейнелеу өнері - дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейн ...

                                     

ⓘ Қазақстан мектептерінің тарихы

Қазақстан аумағында, әсіресе отырықшы аудандарда 7-8 ғасырлардың өзінде-ақ мектептер мен медреселер, сонымен қатар діни білім беретін орта оқу орындары жұмыс істеген. Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан және басқа да қалаларда 84 медресе болған. Онда 5 мыңдай оқушы оқыған. Ауылдық мектептер әртүрлі елдімекендерде орналасқан, онда молдалар сабақ берген. Балалар тек қысқы және күзгі мезгілдерде ғана оқыған. Мектепке 7 жастан қабылдап, 4 жыл оқыған.

Оқу негізінен араб тілінде Құран аяттарын жаттаумен шектелдi. Қалалық медреселерде бастауыш мұсылман мектептерінің молдадарын, сонымен қатар қазылар, сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін діни қызметкерлерді даярлаған.

Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде Т. Жомартбаев, М. Сералин, Б. Майлин, М. Жұмабаев дәріс алған. Семейдегі Ахмет Риза медресесінде Абай Құнанбаев оқыды. Бұл оқу орындарында діни пәндермен қатар құқық, тарих, логика, риторика, география, философия, математика, астрономия және медицина пәндері оқытылған. Медресе жанында Мұсылман мектептерінің түлектері жұмыс істеген. Медреселер киіз үйлерде орналасып, ауылмен бірге көшіп жүрген. Тек қалалық медреселер ғана бай саудагерлердің қаражатымен салынған ғимараттарда орналасқан.

                                     

1. Ресей империясы құрамында

Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін жергілікті басқару бөлімдерінде шенеуніктер мен аудармашылар даярлайтын орыс-қазақ және орыс-түзем мектептерін ашу қажет болды. Осы мақсатпен Омбы қаласында Азиат училищесі 1789 ашылып, оған қазақ балалары да қабылданды.

1841 жылы Жәңгір хан Бөкей Ордасында қазақ балалары үшін мектеп-пансионат ашты.

1825 жылы Орынбор қаласындағы татар мектебінің негізінде Неплюев кадет училищесі 1844 жылы –кадет корпусы, 1846 жылы Сібір әскери училищесі базасында – Омбы кадет корпусы ашылды. Бұл оқу орындарын Шоқан Уәлиханов, Садық Бабажанов, Халиолла Өскенбаев және т.б. оқыды.

1850 жылы Орынбор шекара комиссиясы жанынан қазақ балалары үшін 7 жылдық мектеп ашылды. Осы оқу орнының түлегі, педагог Ы.Алтынсаринің басшылыгымен 1864 жылы Торғай қаласында тұңғыш қазақ мектеп-интернаты ашылды. Ол "Қазақ хрестоматиясын" 1879 "Қазақтарға орыс тілін оқытудың бастауыш оқу құралын" 1880 жазды. Ы. Алтынсарин тек мәтіндерді жаттауға ғана негізделген діни оқытуға қарсы болды. Ол ашқан қазақ-орыс мектептерінде ежелгі ғылымдармен қатар дін тарихы да оқытылды. "Мұсымандық тұтқасы" оқулығында ол адамгершілік, тектілік тәрбиесінің діни принциптерін оқушыларға түсіндірді.

1879-89 жылдары Ы. Алтынсарин Торғай облысындағы халық ағарту училищесінің инспекторы бола тұра Іле, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде 2 сыныптық орыс-қазақ мектебін ашты, 1888 жылы Орск қаласында – мұғалімдер даярлайтын оқу орнын ашты. Қазақ тілімен қатар орыс тілінде оқуды қолдай отырып, Ы. Алтынсарин патшалық үкімет жүргізіп отырған казақтарды орыстандыру саясатына қарсы шықты.

Ы. Алтынсариннің жастарды кәсіптік оқыту туралы ой-пікірлері мен ұсыныстары кең қолдау тапты. 1886 жылы Торғайда – қолөнер, 1889 жылы Қостанайда - ауылшаруашылық училищелері ашылды. 1890 жылы Қарабұлақта, 1893 жылы Қостанайда, 1896 жылы Ақтөбеде кыздар училищесі ашылды. Бұл оқу орындарында қолөнер және ауылшаруашылық шеберханалар болды. 1883-1920 жылдары 300-ге жуық ұл мен қыз мұғалімдер семинариясын бітірі шықты.

19 ғасырдың 2-ші жартысында қазақ мектебі қандай болу керек деген көкейкесті мәселе тұрды. Қарама-қарсы пікірдегі екі топ пайда болды: біріншісі Н.И. Ильинскийдің басшылығымен қазақтарды өз мәдениетінен алшақтатып, оларды орыстандыру саясатын қолдады. Екінші топтағы Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин және Абай Құнанбаев және т.б. сынды демократ-ағартушылар алдыңғы қатарлы прогрессивті мәдениетті игеру арқылы өз халқын дамыған елдер деңгейіне дейін көтеруді армандады. Абай жастардыа "Өмірдің кілті - білімде, өнерде" деп шақырды.

А. Байтұрсұнов қазақ балаларын қазақ тілінде оқытуға аса көңіл бөлген. 1905 жылы 26 маусымда оның жетекшілігімен бір топ интеллигенция Қарқаралы қазақтарының атынан "Қазақ даласындағы білім тура жолға қойылуы керек, ол үшін сауаттылыққа ауыл мектептеріндегі балалар өз ана тілінде оқытылулары қажет" деген талаппен Ресей үкіметіне петиция жолдады. А. Байтұрсұнов алғаш рет қазақ әліпбиін жазып шығарды.

                                     

2. КСРО құрамында

1920 жылы қазан айында ҚазАКСР Халық ағарту комисариаты құрылды, халық комисары болып А. Байтұрсұнов тағайындалды. 1921 жылы білім беру жұмыскерлерінің Бүкілқазақстандық конференциясы өтті. Конференцияда бірыңғай мектеп жүйесін құру, техникалық-кәсіптік білім, саяси тәрбие, оқу-тәрбие жұмыстары және т.б. мәселелер қарастырылды.

1922-23 жылдары ұлттық мектептерді кітаптармен, бағдарламалармен қамтамасыз ету шаралары бекітілді; қазақ тілінде 14 оқулық шығарылды. 1920-30 жылдары республика мектептерінің материалдық базасын нығайту мақсатында мемлекет айтарлықтай көлемде қаражат бөлді. 367 мектеп салынды, 361-не күрделі жөндеу өткізілді. Бастауыш мектептер саны 333-тен 1926 ж. 1864-ке 1930 ж. дейін артса, оқушылар саны 215.1 мыңнан 320.1 мыңға дейін олардың ішінде - 124.9 мыңы қазақтар өсті. Бастауыш мектепте қазақ-қыздары 11 % құрады.

1928 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 3-ші сессиясында қазақ қыздарын оқумен қамту туралы арнайы қаулы қабылданды. Бұл жылдары қазақ орта мектептерінің саны көп болған жоқ. Мысалға, 1927-28 жылдары республикада 2 ғана мектеп болды – Орынборда және Кызылордада. Оқушылардың көп бөлігі 7 жылдықты бітіргеннен кейін техникум және Фабрикалық-зауыттық мектепке оқуға түсіп жатты.

1929 жылы республика араб әліпбиінен латын әліпбиіне ауысты. 1937 жылы қазақ бастауыш мектептері 537-ден 1190-ға дейін артса, орта мектеп – 11-ден 48-ге дейін, толық емес орта мектеп – 143-тен 237-ге дейін өсті.

1940-41 жылдары жалпыбілімберу мектептерінде 1 млн. 145 мың 993 оқушы оқыды. Олардың ішінде 441 мыңы қазақ баласы, бұл 1925 жылмен салыстырғанда 6 есеге өскен. Оқушылар арасында қазақ қыздарының саны 20 мыңға артты. Жалпы алғанда білім беру сапасы айтарлықтай жақсарды.

1945-60 жылдары Орталық Қазақстанда тың жерлерді игерумен және совхоздардың құрылуымен, Ресей, Украина, Белорусия және Молдованың мыңдаған отбасыларының қоныс аударуымен байланысты мектеп және оқушылар саны күрт өсті. 1960 жылы 1063 жалпы білім беру мектебі ашылды. Қазақстанда жаңа оқулықтар шығаруда республиканың белгілі ғалымдары Е.Бекмаханов, Н.Сауранбаев, С. Аманжолов, И.Кеңесбаев, А.Ысқақов, Т.Қордабаев, А.Маманов, М. Балақаев, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин және т.б. ат салысты.

Осы жылдары білім саласында бірқатар жаңа мәселелер орын алды: 700-ден астам қазақ мектебі жабылып, аралас қазақ-орыс немесе орыс мектептеріне ауыстырылды. 600 мыңнан астам Қазақ баласы орыс тілінде оқытылатын мектептерде білім алды. 1.5 мыңнан астам аралас қазақ-орыс мектебі ашылды. Осыған орай Қазақстан үкіметі орыс тілін 1-ші сыныптан бастап оқыту туралы қаулы қабылдады.

1960-70 жылдары білім алу мазмұнына маңызды өзгерістер енгізілді. 1962-63 жылдары 7 жылдық мектептен 8 жылдыққа ауысу аяқталды. Орыс тілін оқытуға аса назар аударылды: арнайы орта және жоғары оқу орындарында оқу тек орыс тілінде жүргізілді.

1980-90 жылдары жалпыға бірдей білім беру саласына реформа жүргізілді. 6 жастан оқыту жүйесі енгізілді. Ауыл мектептеріне, мемлекеттік стандарттарға сәйкес бағдарламалардың жаңаруына, олардың 2001-2002 жылдары толық ауысуын қамтамасыз ететін мәселелерге аса назар аударылды. Негізгі жалпы білім беру мектептерінің оқу жүйесі – 11 жылдық. Тегін білім берумен қоса ақылы мектептер де ұйымдастырылды.

                                     

3. Тәуелсіз Қазақстандағы мектептер

1991 жылы жаңа үлгідегі мектептер мен арнайы орта оқу орындары ашылды: лицей, гимназия, техникалық-кәсіптік мектептер, колледждер.

1995 жылы Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға міндетті тегін орта білім алу жарияланған болатын.

2003 жылы Қазақстанда 8160 мемлекеттік жалпы білім беру мектебі жұмыс істеді, олардың ішінде қалалық – 2016 және ауылдық – 6144.

Оқу жүргізілген мектеп оқушыларының саны қазақ тілінде – 1 млн. 683 мың 700 адам, орыс тілінде – 1 млн. 300 мың 200 адам, өзбек тілінде – 87 мың 300 адам, ұйғыр тілінде – 21 мың 500 адам.

"Дарын" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 8 облыста дарынды балалар үшін интернат-мектептері және арнайы мектебі бар "Дарын" республикалық ғылыми­­­­-тәжірбиелік орталығы құрылды. 1996 жылдың аяғында шетелдік отандастарымызды қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарлама құрылды. Мұнда тарихи отанына оралған оралмандарды оқыту және қайта оқыту кіреді.

1997 жылы республика мектептерін компьютерлік сыныптармен қамтамасыз ету мақсатында Орта білім беру жүйесін информатизациялау мемелкеттік бағдарламасы қабылданды.

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру белсенді жүріп жатыр: 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасыдағы білім беруді дамыту, 2004-2010 жылдарға арналған ауыл территориясын дамыту. Жаңа редакцияда "Білім туралы" Заң және 2008-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ғылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, бұл осы аталған саланың жүйелі дамуын қамтамасыз етеді. "Жалпы білім беру мектептері үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік жинақ дайындау және шығару туралы" бағдарлама компьютерлік, жаңа технологияларды енгізуді қарастырады.

Озық құрылымдық реформалардың арқасында тәуелсіздік алғалы еліміздегі білім беру тұрақты даму траекториясына шықты. Бұл халықаралық деңгейдегі сапалы және сандық көрсеткіштермен расталады:

Қазақстан білім беруді дамыту индексінде әлемнің 129 елі ішінен 1-ші орынды иеленді "Теңсіздікті жою: басқарудағы маңызды рөл" жаппай білім беру мониторингі жөніндегі 2009 жылғы ЮНЕСКО-ның жетінші Дүниежүзілік баяндамасының деректері бойынша;

Біріккен Ұлттар Ұйымының "Кедергіден өту: адами шапшаңдық пен даму" баяндамасының мәліметтері бойынша 2009 жылы Қазақстан адами даму индексі бойынша 82-ші орынды иелене отырып, алғаш рет адам әлеуетінің дамуы жоғары деңгейлі елдердің қатарына енді;

2009 жылы Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумы халықаралық үкіметтік емес ұйымы жүргізген Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингісінде 67-ші орынды иеленді;

2010 жылдың 11 наурызынан Қазақстан орталық-азия мемлекеттері ішінде бірінші болып еуропалық білім беру кеңістігінің толық қанды мүшесіне енді Болон процесі.

2009-2010 оқу жылында 7576 жалпыға білім беру мектебі жұмыс істеді, оларда 2 486 303 бала білім алды. 1991 жылмен салыстырғанда педагогтардың саны айтарлықтай жақсарды. 1991 жылы мектептерде – 270228 педагогтар жұмыс істеді, олардың ішінде 178634 66.1% жоғары білімі бар, 70695 26.16% – орта кәсіптік, 11929 4.2 % - аяқталмаған жоғары білім, 9432 3.3% – жалпы орта білім.

2010 жылы республиканың жалпы білім беру мектептерінде 274914 педагог жұмысы еңбек етеді, олардың ішінде 236271 85.9% жоғары білімі барлар, бұл 1991 жылмен салыстырғанда 19.8% өскен.

Орта кәсіптік білімі бар педагогтар саны 1991 жылмен салыстырғанда 13.56% қысқарды.

Кабинеттерді жаңа қалыпта түрлендіру 2005 жылдан бастап жүргізілуде. Физика кабинеттері - 4508, ЛМК-2077, интерактивтік тақталармен 100 мектеп жабдықталды.

Мектептерді компьютерлендіру толық аяқталды, 98% мектеп Интернет желісіне қосылды.

Жалпыорта білім беру ұйымдарын, оның ішінде ауылдық мектептерде компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мультимедиялық кабинеттерді есепке алғанда 1 компьютерге 18 оқушыдан келеді

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →