Топ-100
Back

ⓘ Ильхан мемлекеті, кейде Хулагу мемлекеті, - Шыңғыс хан империясының ыдырауы нәтижесінде 1256 - 1353 жылдар аралығында Таяу және Орта Шығыста өмір сүрген мемлеке ..



                                               

Алтын Орда - Египет қарым-қатынастары

Алтын-Орда - Мысыр қарым-қатынастары - 13 ғасырдың ортасы мен 14 ғасырдың соңында Алтын Орда мен Египет мемлекеті арасындағы өзара достық қатынас күшейе түсті. 13 ғасырдың 50-ж. Алтын Орда билеушілері мен Ирандағы моңғолдық Хулагу мемлекеті арасында Кавказ бен Иранның солтүстік-шығыс аудандары үшін күрес жүрді. Таяу Шығыста Мысыр мемлекетінің билеушісі Бейбарыс сұлтан Ирактан соң Сирияны бағындырмақ болған моңғол әскерлерін талқандады. Христиан дініндегі ильхандықтарға қарсы ортақ ниет Алтын Орда мен Мысыр мемлекетін сауда қатынасы, әскери және мәдени жағынан жақындастырды. Бейбарыс пен ис ...

                                               

Шағатай қағанаты

Шағатай ұлысы - Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай билік құрған әкімшілік аймақ. Шыңғыс хан Орталық Азиядан жаулап алған жерлерін төрт ұлының үлесіне бөліп бергенде Шағатайға Әмудария, Сырдария, Мауераннахр, Жетісу, Іле, Шығыс Түркістан жерлері тиді. Ұлыс орталығы әр жылдары Алмалық, Қиялық, Карши, Ақсу қалалары болды. Шағатай ұлысының халқы отырықшы және көшпелі екі бөлімнен құралды. Отырықшы Мауераннахр аумағын империя орталығынан тағайындалған Махмұт Ялавач, кейіннен оның ұлы Масуд Бек басқарды. Көшпелі шығыс жағы тікелей Шағатай әулетінің билігінде болды. 1229 жылы Үгедей ұлы хан тағына ...

                                               

Юань Империясы

Юань Әулеті – Қытайда билік жүргізген моңғол әулеті. Әулеттің негізін Шыңғысханның немересі Құбылай қалады. 1206 ж. Орталық Азияны мекендеген көшпелі түркі-моңғол тайпаларын бағындырған Шыңғысхан 1211 – 15 ж. Қытайды жаулап алуды бастап берді, ал оның мирасқоры Үгедей хан 1234 ж. Солтүстік Қытайды толық бағындырды. 13 ғасырдың 50-жылдарының соңына қарай Шыңғысхан империясы іс жүзінде бірнеше дербес мемлекеттерге бөлінді, солардың бірін Құбылай басқарды. Ол Қытайды жаулап алуды әрі қарай жалғастырды да өз мақсатына жету үшін мемлекет астанасын Қарақорымнан Дадуға Пекинге көшірді 1264. Алғаш ...

Ильхан мемлекеті
                                     

ⓘ Ильхан мемлекеті

Ильхан мемлекеті, кейде Хулагу мемлекеті, - Шыңғыс хан империясының ыдырауы нәтижесінде 1256 - 1353 жылдар аралығында Таяу және Орта Шығыста өмір сүрген мемлекет. Негізін Шыңғыс ханның Төледен туған немересі Хулагу хан қалады. Мемлекет билеушілері Хулагу әулетінен шығып, Ильхан, яғни Ел, Ұлыс ханы атанды. Ильхан мемлекеті құрамына қазіргі Иран, Ирак, Ауғанстан, Түрікменстан, Кіші Азияның шығыс бөлігі, Әзірбайжан мен Армения бағынды. Грузия, Трапезунд империясы, Кипр корольдігі тәуелділікте болды.

                                     

1. Мемлекет негізі

1253 жылы Қарақорымда өткен құрылтайда Шыңғыс хан құрған Моңғол империясының сол кездегі Ұлы қағаны Мөңке Таяу Шығысқа жорық жасауды ұсынады. Жорықты басқаруды өз інісі Хулагуге тапсырады.

Хулагу сарбаздары Ауғанстан, Иран, Ирак, Сирия аумағын жаулап алып, Иерусалим Құдыс шаһарына жетеді. Оларға Египетті билеген қыпшақ Құтыздың Бейбарыс сұлтан бастаған сарбаздары мәмлүктер қарсы тұрады. Дәл осы кезде Хулагуге Қарақорымнан "Ұлы қаған Мөңке қайтыс болыпты" деген хабар жетеді. Империяның Ұлы ханы болудан үміті бар Хулагу Иерусалим түбіне жиырма мың сарбазымен Кетбұғаны қалдырып, өзі Қарақорымға қайтады. Иерусалим қаласының маңындағы Галилей жазығында 1260 жылдың 3 қыркүйегінде болған шайқаста Бейбарыс бастаған мәмлүктер Кетбұғаның жиырма мыңдық әскерін тас-талқан етіп жеңеді. Кетбұға сол шайқаста қаза табады.

Ал Хулагу Тебриз қаласын астана етіп, жаңа Ильхан мемлекетінің негізін қалайды. Мемлекеттің христиан сенімін ұстанатын алғашқы хандары Рим папасымен, Франция королімен одақтасып, мұсылмандықты қабыодаған Алтын Ордамен, Египет мәмлүктерімен, Осман империясымен үнемі соғыс жүргізген.

Хулагу 1265 жылы қайтыс болып, ақсүйектер арасында билік үшін талас өршиді. Жан-жақтан мұсылман елдерімен соғыс толастамайды. 1353 жылы соңғы елхан Туга Темір өлген соң Ильхандар мемлекеті мүлдем құлап,Иран жерінде тәуелсіз мемлекеттер құрыла бастады. Олардың арасында Жалайыр сұлтандығы біршама әйгілі болды.

                                     

2. Мемлекет тарихы

Ильхан мемлекеті Сирияны басып алу үшін крестшілердің көмегіне сүйене отырып, Мысырдағы мәмлүктер сұлтандығымен, Алтын Ордамен, Шағатай ұлысымен үздіксіз соғыс жүргізді. Мысыр мен Алтын Ордаға қарсы күресте олар Рим папасымен, Генуямен, Франция және Англия корольдерімен одақтасқанымен, соғыс сәтсіз болады.

Хулагу мемлекетін түркі-моңғол ақсүйектері басқарғанымен, мемлекеттік аппарат парсы шенеуніктерінен құралды. Үздіксіз соғыстар әрі алым-салық мөлшерінің шектен тыс көптігі халықты күйзеліске ұшыратып, алғашқы билеушілер тұсында жер-жерде жиі-жиі көтерілістер болып тұрды. Осындай тұрақсыздықтың салдарынан Газан хан ішкі саясатты өзгертуге мәжбүр болды. Ол ильхандардың арасынан бірінші болып ислам дінін қабылдайды. Осыдан кейін мемлекет билігі парсы ақсүйектерінің қолына көше бастады.

Уәзір әрі ғалым Рашид әд-Диннің басшылығымен реформа жүргізіліп, алым-салық мөлшері нақты белгіленді. Пайдаланылмай жатқан жерлер жер иленушілерге бөлініп берілді, олар бұл жерлерді өңдеп, игеруге міндетті болды. Жер суландыру жұмысы кең көлемде жүргізіліп, мемлекет үшін бірыңғай өлшем таразы жүйесі енгізілді. Газан хан шаруалардың жерге бекітілуін заң жүзінде күшейтіп, қашқын шаруаларды іздеу мерзімін 30 жылға ұзартады. Нәтижесінде Ильхан мемлекетінің, ең алдымен Иранның экономикасы тез өркендей бастайды.

Бірақ кейін мұрагерлердің тақ таласы күшейіп, орталық үкімет әлсіреп кетеді. Ильхан Әбу Саид 1316 - 35 қайтыс болғаннан кейін, елге толық билік жүргізген бірде-бір билеуші болған жоқ. Әр аймақтардағы парсы ақсүйектері өздерінің жеке хандарын таққа отырғызып, бір-бірімен өзара соғысуға көшті. Осыған байланысты Ильхан мемлекеті бірнеше тәуелсіз ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. Олардың кейбіреулері Жалайыр сұлтандығы 1336 - 1411, Мозаффер мемлекеті 1340/50 - 93, т.б. біршама күшті елдерге айналды.

Күрд мемлекеті іс жүзінде Ильхан мемлекетінен тәуелсіз саясат жүргізді. Орталыққа бағынған аймақтардың өзінде де жиі-жиі жергілікті тайпалар көтеріліс жасап тұрды. Ильхан мемлекетінің соңғы ханы 1353 ж желтоқсан айында көтеріліске шыққан сербезарлар ордаға басып кірген кезде қазаға ұшырайды.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →