Топ-100
Back

ⓘ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы. Минис ..



                                               

Денсаулық сақтау

Республикадағы барлық мамандық бойынша дәрігер саны 50.6 мың немесе әрбір 10 мың тұрғынға 33.9 дәрігерден келеді. Орта буын медицина қызметкерлерінің саны 104.4 мың адамды құрайды 10 мың тұрғынға 74.1. Жоғары білімді медицина кадрларын мамандандырылған 6 жоғары оқу орындары даярлайды. Барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда орта буынды медицина қызметкерлері даярланады. Қазақстанда тұрғындарға емдеу-профилактикалық қызмет денсаулық сақтау ісінің аумақтар бойынша тарамдалған нысандары арқылы жүзеге асырылады. Халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін мекемелер саны 1999 жылы 3057, ...

                                               

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (2004-)

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің қайта құрыуының нәтижесінде құрылды, оған қайта құрылған комитеттің фармацевтика және медицина өнеркәсібін реттеуден басқа функциялары берілді. Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитетінің аумақтық бөлімшелері де министрліктің Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелері болып қайта ұйымдастырылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен комитет туралы ереже және оның ...

                                               

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау комитеті (2002-)

ҚР Президентінің 2001 ж. 17 қазандағы Жарлығына сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қарашадағы қаулысымен 2002 ж. 1 қаңтарда құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 10 қаңтардағы қаулысымен комитет туралы ереже бекітілді. Мемлекеттік мекемелері оларды көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері мен көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды жүзеге асыратын орталықтар-мемлекеттік мекемелерге бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды. Ережеге сәйкес комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құзіреті шегінде бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ ...

                                               

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті (2002-2004)

ҚР Президентінің 2001 ж. 17 қазандағы Жарлығына сәйкес комитет ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қарашадағы қаулысымен 2002 ж. 1 қаңтарда құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 10 қаңтардағы қаулысымен комитет туралы ереже бекітілді. Комитеттің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері құрылды Ережеге сәйкес комитет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құзіреті шегінде арнайы атқарушылық, бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық өнеркәсіп бұйымдарының айналымы саласындағы басшылықты жүзеге асырған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствосы болып табылды. Комитеттің ...

                                               

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі (1999-2001)

ҚР Президентінің 1999 ж. 13 қазандағы Жарлығымен ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Президентінің 2001 ж. 17 қазандағы Жарлығымен агенттік ҚР Денсаулық сақтау министрлігі болып қайта ұйымдастырылды

                                               

Саламатты Қазақстан бағдарламасы

"Саламатты Қазақстан" - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып келеді. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен қабылданды. Бағдарламаның мақсаты – еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту. Бағдарламаның өзекті міндеттері мыналар болып саналады: Азаматтардың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қ ...

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
                                     

ⓘ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы. Министрлік Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу; заңнамаға сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және саналы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.

                                     

1. Тарихы

Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі ретінде 1946 ж. наурыздан қызмет етіп келеді. ҚР Президентінің 2001 ж. 17 қазандағы Жарлығымен ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде қайта құрылды. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қарашадағы қаулысымен министрлік туралы ереже бекітілді. 2002 ж. 1 қаңтардан министрліктің ведомстволары құрылды: Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті және Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті. Ережеге сәйкес министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте азаматтардың денсаулығын сақтау саласында арнайы атқарушылық, бақылау-қадағалау функцияларын және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылды.

Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды: халықтың денсаулығын сақтау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу; азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылау; халықты емдеу және алдын алу ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; денсаулық сақтауды, фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі іс-шараларды белгілеу; ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту; министрлік құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 7 қарашадағы қаулысымен министрлік туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді: министрлік қосымша медициналық және фармацевтикалық білім саласында арнайы атқарушылық, бақылау-қадағалау функцияларын және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; министрліктің негізгі міндеттері медициналық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім саласында біртұтас саясатты жүргізу міндетімен толықтырылды. ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен министрліктің медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті реттеу саласындағы функциялары ҚР Индустрия және сауда министрлігіне берілді.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. Медициналық қызмет көрсетулер сапасына бақылау жасау жөніндегі комитеті құрылды, оған министрліктің денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру функциялары берілді. Министрліктің Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті министрліктің Фармация комитеті болып қайта құрылды, оған қайта ұйымдастырылған комитеттің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті реттеуден басқа функциялары берілді. Министрлік басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте азаматтардың денсаулығын сақтау, фармацевтикалық және медициналық білім беру саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

                                     

2. Министрліктің негізгі міндеттері

  • Халықтың денсаулығын сақтау;
  • Азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • Медицина ғылымы, фармацевтикалық және медициналық білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу;
  • Халықты және емдеу-алдын алу ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • Министрлік құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.
                                     

3. Құрылымы

  • ҚР ДСМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті
  • ҚР ДСМ медицина және фармация қызметтерін қадағалау комитеті

Министрліктің құрамында келесі ведомстволар болған:

  • Медициналық қызмет көрсетулер сапасына бақылау жасау жөніндегі комитеті.
  • Фармация комитеті
  • Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті,
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің қазақ тілі кафедрaсы
                                               

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің қазақ тілі кафедрaсы

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің қазақ тілі кафедрaсы. Кафедра оқытушыларының ғылыми тақырыптары: "Жоғары мектепте қазақ тілінің оқытылуын жетілдіру", "Шәкәрімнің тілі", "Қазақ тілі және ұлт мәдениеті".

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →