Топ-100
Back

ⓘ Қазақстан географиясы. Қазақстан республикасы Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан. Республиканың жерінің ауданы - 2 727 300 км². Жер шарының халық м ..



                                               

Уақыт белдеуі

Белдеулік Уақыт - бүкіл Жер бетін меридиан бойынша 24 сағаттық белдеуге бөлуге негізделген уақытты есептеу жүйесі; сағаттық белдеу ішіндегі ортаншы меридианның жергілікті зайырлық уақыты. Белдеулер Гринвич меридианынан бастап шығысқа қарай әрбір 15 0 бойлық бойынша саналады. Ал Гринвич арқылы өтетін нөлдік меридианды нөлінші белдеудің орта меридианы деп есептеуге келісілген. Әр меридиандағы орынның өзінің жергілікті уақыты бар. Мысалы, Алматы, Тараз, Шымкент қалалары әр меридианда орналасқан, олардың жергілікті уақыттарында бірер минуттық айырма бар. Бірақ олардың бәрінде де бірдей белдеул ...

Қазақстан географиясы
                                     

ⓘ Қазақстан географиясы

Қазақстан республикасы Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан. Республиканың жерінің ауданы - 2 727 300 км². Жер шарының халық мекендеген кұрлық бөлігінің 2%-ы және Еуразия ауданының 5%-ы елдің үлесіне тиеді. Аумағының өлшемі жөнінен ол әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді және ішкі құрлықтық мемлекеттердің ең ірісі болып саналады. Жерінің көлемі жөнінен дүние жүзінде 9-шы орын алады. Жалпы аумағы бүкіл жер шары көлемінің 2%-ын, Азияның 6.1 %-ын құрайды. Еуразия құрлығында Ресей, Үндістан, Қытайдан кейін төртінші орында, ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында тұр.

                                     

1. Жалпы шолу

Қазақстанның аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуықбөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде каспий теңізі,Арал теңізі және Балқаш,Зайсан Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа,көбі 94пайыз көлемі бір шаршы киллометрден кем шығын көлдер. Көлдердің барлығыдерлік тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады.Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар.Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60 пайызын алып жатыр.

Қазақстанның батысында Еділдің төменгі ағысы, Каспий маңы мен Тұран ойпаты, шығысында Алтай таулары, солтүстігінде Батыс Сібір жазығы, ал оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесі орналасқан. Батысынан шығысына дейін - 3000 км, солтүстіктен оңтүстікке дейін - 1600 км.

Республиканың халқы 17.4 млн. адамнан асады. Қала халқының үлесі 56%-ды құрайды. Қазақстан халқының орналасу тығыздығы 1 шаршы километр жерге 6.6 адамнан келеді. Республика жерінің шеткі нүктелері 55°26- 40°56 с. е. және 45°27-87°18 ш. б. аралығында орналасқан.

                                     

2. Қазақстанның физикалық-географиялық жағдайы

Физикалық-географиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батысында – Еділдің төменгі ағысынан, шығысында – Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі – Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1600 км-ге созылып жатыр.

Республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің екінші шетінен айырмашылығы үлкен.

Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде алма мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық, қарлы боран соғып тұрады. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен қапырық Орта Азия тоғысып жатады. Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Республиканың батыс шеті 45°27 ш.б. Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі 87°18 ш.б. Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Ендік бойымен батыстан шығысқа қарай, материк ішіне тереңдеген сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафттардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналары байқалады. Қазақстанның географиялық орнына байланысты барлық өңірлерінде жылдың төрт мезгілінің ауысуы айқын байқалады.

Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Жердің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.

                                     

2.1. Қазақстанның физикалық-географиялық жағдайы Шекарасы

Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13394 км, теңізбен Каспий 2000 км-ден астам. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 7591 км Ресеймен шектеседі. Республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға Хантәңірі массивіне дейінгі 1782 км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тәуелсіз мемлекеттер: Түрікменстанмен - 426 км, Өзбекстанмен - 2354 км және Қырғызстанмен - 1241 км шектеседі. Республиканың шекарасы батысында - Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының біраз жерін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін; оңтүстігінде Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтайдың батыс бөлігінің, Сауыр, Тарбағатай жоталарының, Жетісу Жоңғар Алатауының негізгі бөлігін және Тянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып өтеді.

                                     

3. Климаты

Қазақстан климатының шұғыл континенттілігі мен құрғақшылығы географиялық орыны мен мұхиттан алыс жатуына байланысты. Солтүстігінде қоңыржай суық, жазы қоңыржай жылы, оңтүстігінің қысы жылы, жазы ыстық және құрғақ.

Қазақстанның кең байтақ аумағына байланысты, мемлекеттің түрлі аймақтарында ауа райы айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Мысалға, оңтүстікте егін егу басталып жатқан кезде, солтүстік жерінде әлі қар жатып, боран соғып тұруы ғажап емес.

Қазақстан климатының қалыптасуына арктикалық, қоңыржай теңіздік және тропиктік ауа массалары әсер етеді. Қазақстандағы ең суық ай - қаңтар. Қаңтардың орташа температурасы солтүстікте -19°С Петропавл, оңтүстікте -2°С Дарбаза, кей күндері солтүстік-шығыста -54°С-ге дейін барады.

Қазақстанның ең жылы айы - шілде. Шілденің орташа температурасы - солтүстікте +19°С, оңтүстікте +28 °С +30 °С, ең жоғарғы температура солтүстікте +41 °С, оңтүстікте +47 °С болып келеді.

Жиынтық радиация мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 4200-5500 МДж/м² тең. Қыста - ауаның қысымы жоғары. Жазда - ауа қысымы төмен. Қоңыржай, тропиктік, арктикалық ауа массаларды жыл бойы республика аумағында өтеді.

Қазақстанда кездесетін желдер: Сайқан, Ебі, Шілік, Арыстанды-Қарабас, Қордай, Мұғалжар желдері. Жоңғар қақпасында үнемі жел соғып тұрады.



                                     

4.1. Географиялық зерттелу тарихы Антикалық кезеңдегі ерте кездегі зерттеулер

  • Страбон б.з.б. 63-24 ж Каспий теңізін тұйық алап емес, Солтүстік мұхиттың шығанағы деп, ал Арал теңізін Каспийдің шығанағы деп есептеген. Сырдария мен Әмудария туралы дұрыс мәлімет қалдырған.
  • К. Птолемей б.з.б. 90-160 ж, ІІ ғ. Сырдария, Әмудария Каспийге құяды деген. Арал теңізін Оксиан картаға түсірген.
  • Геродот б.з.б. V ғ. Каспий теңізінің тұйық алап екені, шығысында шексіз жазық өңірі жатқаны туралы баяндаған. Еңбектерінде Жайық, Жем, Еділ өзендері туралы мәліметтер келтірген.
                                     

4.2. Географиялық зерттелу тарихы Ұлы Жібек жолы

Қытай жазба деректерінде б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар.

Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталды. Ол Ұлы Қытайдың батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Ирак, Иран, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб Сайрам қаласына келіп және екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Еуропаға қарай өткен. Сауда қалалары Оңтүстік Қазақстанда - Суяб, Құлан, Тараз, Отырар, Баласағұн, Сайрам, Сауран.

                                     

4.3. Географиялық зерттелу тарихы Ежелгі заманнан XVIII ғ. 30-шы жылдарға дейінгі аралық

Бұл дәуірде саудагерлер мен елшілердің кездейсоқ саяхаттарының нәтижесінде қазақ жерінің сыртқы көрінісі туралы үздік те қарапайым деректер жинақталған.

Әбу Насыр Әл-Фараби қазақ жеріндегі қазіргі географиялық атаулардың қалыптасуына үлес қосты, астрономиялық зерттеулері күн сағат, т.б. қазақ жері туралы мағлұматтарды толықтыра түсті.

Махмұд Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түрк" деген еңбегінің географиялық маңызы зор болды. Ғалымның қолжазба күйінде сақталған дүние жүзінің "дөңгелек картасына" қазақ жеріндегі көптеген нысандарды түсірді. Сонымен қатар ол Қазақстандағы географиялық атауларды табиғат жағдайларымен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы құнды мәліметтер келтіріледі.

Елюй Чу - Цай 1219 мен Чань Чунь 1221 Іле-Талас өзендерінің аралығындағы елдер туралы мәліметтер жинаған. Талас, Сырдария өзендерінің табиғат жағдайларын сипаттаған.



                                     

4.4. Географиялық зерттелу тарихы Орыс саяхатшыларының Қазақстанда жүргізген зерттеулері

Қадырғали Жалайыр "Жылнамалар жинағы" атты географиялық мазмұндағы кітап жазған. Қадырғали Жалайыри "Жылнамада" Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, түркі тайпаларына анықтама береді. Қазақ хандарының өмірбаяндарына тоқталады. Ол қазақ жері, оның қалалары туралы аса құнды тарихи деректер қалдырды.

XVII ғасырда Қазақстан аумағы С. Ремезов жасаған "Сібірдің сызба кітабы" атты картаға кірді. XIX ғасырдың II жартысында Қазақстан табиғатына ғылыми-географиялық тұрғысынан сипаттама берілді.

Семенов-Тян-Шаньский 1827-1914 Еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь-Шаньды зерттегендердің алғашқысы, 1856-1857 жылдары Орталық және Солтүстік Тянь-Шаньға Хан-Тәңірі массивіне дейін барды.

1851 жылы Семенов-Тян-Шанский Тянь-Шань саяхатына шыққан кезінде Омбыда Шоқан Уәлихановпен танысып, оның болашақ ғылыми жұмыстарына бағыт сілтеді. Семенов-Тян-Шанскийдің кеңесімен Шоқан әйгілі Қашғар саяхатын жүзеге асырды. Аса бай коллекциялар жинап, өсімдіктер мен жануарлардың бұрын белгісіз жүздеген түрлерін ашты. Оның басшылығымен Ш. Уәлихановтың, Н.М. Пржевальскийдің, Г.И. Потаниннің, И.Д. Черскийдің, В.А. Обручевтің т.б. экспедициялары ұйымдастырылды.

Н.А. Северцов 1827-1885 1857-1867 жылдары Арал теңізін, Сырдарияның төменгі ағысын және Қаратау жоталарын зерттеді. Н.А. Северцовтің Қазақстанды зерттеу жұмыстары П.П. Семеновтың Тянь-Шаньды зерттеуімен тұстас келді. Ол әуелде Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі сағасына сапар шекті. Одан соң Тянь-Шаньда, Жетісу, Қызылқұм, Қаратау өңірлерінде зерттеу-бақылау жұмыстарын жүргізді, Үстірт пен Мұғалжарды зерттеді. Осы зерттеулер нәтижесінде Н.А. Северцов Қазақстан жерінде жануарлардың таралуы жайында ғылыми ой-пікірлерді кеңейтті.

И.В. Мушкетов 1850-1902 Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауының кұрылысын зерттеген. Әулиеата қазіргі Тараз қаласының маңын, Ыстықкөлді зерттеді. Сонымен қатар Ілені, Күнгей және Теріскей Алатауды бірнеше жерден басып өткен. И.В. Мушкетов Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арналған "Түркістан" 1886-1906 еңбегін жазды. Мушкетовтың Түркістан монографиясының негізгі бөлігі Тянь-Шань тауларының жүйесін, оның мұз басуын, сондай-ақ тау етектеріндегі жазық жерлер мен жота аралық аңғарлар мен ойыстарда сары лесс топырақты және саздақ балшықты жерлердің пайда болуындағы метеорологиялық жағдайын зерттеді. Ол шекараларды анықтап, алғашқы геологиялық қартасын 1881 жасады. 1887 жылы Верныйда Алматы болған жер сілкінудің себептері мен шөлді аудандардағы жел әрекеті туралы құнды деректер жинақтады.

Л.С.Берг 1876-1950 Солтүстік Қазақстандағы тұзды көлдерді, Арал теңізін зерттеген. Берг Арал теңізі мен Балқаш көлі балықтарын зерттеді. Алынған ғылыми мәліметтері оның үш томдық "КСРО және көрші елдер тұщы су балықтары" 1948–49 деген кітабына енді.

Ш. Уәлиханов 1835-1865 Жоңғар Алатауы мен Іле өңірін зерттеген. Балқаш пен Алакөлдің ұқсастықтарын дәлелдеген. Орталық Азия мен Шығыс Түркістанның карталарын жасаған. Оның редакциясымен "Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы", "Құлжа қаласының жобасы", "Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта" т.б. дайындалған.

                                     

4.5. Географиялық зерттелу тарихы Қазақстан аумағының жаңа дәуірде зерттелуі

Қ.И.Сәтбаев 1899-1963 Орталық Қазақстанды ұзақ жылдар зерттеуінің нәтижесінде Жезқазғандағы аса бай мыс кенінің қорын ашуға мүмкіндігін берді. Минералды шикізатқа бай, Сарыарқа, Кенді Алтай сияқты аймақтарға ерекше назар аударды. Жер бедері мен климаты зерттеліп, климаттың аудандастырылуы жасалды. 640-тан аса ғылыми еңбектері бар.

  • 1939 жылы арнайы География секторы құрылып, оны ғалым Н.Н. Баранский басқарды. Ол Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлді.
  • 1950 жылы "Қазақстан" атты монография шығарылды.
  • 1920 жылы Қазақстанда зерттеу қоғамы құрылды.
  • 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылды.
                                     

5. Қазақстан аумағының геологиялық құрылысы

Қазақстан жерін палеозойға дейін тұтастай теңіз суы басып жатқан қозғалмалы аймақ болған. Қазақстанның батыс аймағында ғана жер қыртысының тұрақтанған бөлігі Шығыс Еуропа платформасының шағын аймағы қалыптасқан.

Палеозойдың алғашқы жартысында болған каледондық тау түзілісі кезінде жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен Қазақстан жеріндегі Тянь-Шань тауларының солтүстігі мен Сарыарқа тауларының солтүстік батысы көтерілді. Палеозойда пайда болған таулар үгіліп, шайылып, тау жыныстары басқа жаққа тасымалданып, ойыстарды толтырып жазыққа айналған.

  • Палеозойға дейінгі жыныстар: Солтүстік, Тянь-Шань жоталары, Мұғалжар, Сарыарқаның солтүстігі мен батысында.
  • Неогендік шөгінділер: биік тау бөктерінде кездеседі
  • Мезозой жыныстары: Маңғыстауда, Іле, Торғай ойыстарында ғана кездеседі.
  • Кайнозой жыныстары
  • Антропогендік шөгінділер: Каспий маңы ойпаты, Қарақұм, Торғай үстіртінде кездеседі.
  • Палеозой жыныстары: Мұғалжар, Сарыарқа, Солтүстік Тянь-Шань, Жоңғар Алатауында таралған.
  • Палеогендік шөгінділер: Шу, Іле, Зайсан өңірлерінде кездеседі.


                                     

5.1. Қазақстан аумағының геологиялық құрылысы Қазақстан аумағындағы жер бедерінің дамуы мен қалыптасуы

Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орталық бөлігінде болған варийлік герциндік тау жүйелері палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңтүстік-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық, аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды.

                                     

6. Жер бедерінің негізгі сипаты

Биік таулы өлкелер

Биік таулы өлкелерге Қазақстанның шығысы мен оңтүстік шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тау жүйелері жатады.

Тарбағатай Барқытбел

Қазақстан жеріне оның солтүстік бөлігі ғана кіреді, солтүстігінде мұздықтар бар. Биік нүктесі - Тастау шыңы 2992 м.

Сауыр

Сарыарқаның шығысындағы жалғасы, ең биік жері - Мұзтау шыңы 3816 м

Іле Алатауы

Тянь-Шаньның солтүстігіндегі ең биік тау жотасы. Ұзындығы - 350 км. Ең биік нүктесі - Талғар шыңы 4973 м.

Қырғыз Алатауы

Күнгей және Іле Алатауының батысында орналасқан. Батыс бөлігінің солтүстік беткейі Қазақстан жерінде Жамбыл облысы. Жалпы ұзындығы 375 км.

                                     

6.1. Жер бедерінің негізгі сипаты Жазықтар

Қазақстан жерінің 1/3-ін Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі Солтүстік Қазақ Жазығы, Тұран ойпаты, Каспий маңы ойпаты алып жатыр.

Оңтүстігінде Сарыарқа мен Алтай таулары мен шектеседі, батысында Орал тауымен, шығысында Орта Сібір қыратына дейін созылып жатыр. Батыс Сібір жазығы Ертіс маңы және Есіл-Тобыл жазықтары болып екіге бөлінеді. Жазықтың жер бедері бірыңғай тегіс, абсолюттік биіктігі 50-200 м-ге дейін.

Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Еуропаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болып климаты шұғыл континенттілігін, желдің, температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін, жер бедерінің эолдық пішіндерін, құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тән түрлерін таралуын анықтайды.

Сырдария өзені Тұран ойпатын солтүстікке және оңтүстікке бөледі, оңтүстігінде - Қызылқұм, солтүстігінде - Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдары алып жатыр.

Солтүстігінде Жалпы Сырт қыраты, шығысында Орал алды үстірті, оңтүстігінде Маңғыстау тауларымен, батысында Ергене қыратымен шектеседі.

Ұзындығы - батыстан-шығысқа қарай 1000 км. Ені - 500 км. Ауданы - 200 мың км². Каспий маңы ойпаты - еліміздегі ірі жазықтардың бірі. Ойпаттың ерекше кұрылымы - тұз күмбездері. Оңтүстік бөлігінде 10-15 м-лік бэр төбешіктері кеңінен тарлаған. Ағын су тапшы.

                                     

6.2. Жер бедерінің негізгі сипаты Үстірттер мен қыраттар

Қазақстан жер бедерінің биіктеу әрі үлкен бөлігін қыраттар алып жатыр. Олар: Үстірт Маңғыстау, Торғай, Орал алды үстірті, Жалпы Сырт қыратының бір бөлігі, Бетпақдала үстірті, Балқаш маңындағы жазықтар.

Үстірт Маңғыстау - Арал теңізі мен Каспий маңы ойысы Маңғыстау түбегі тік беткейлі кемерлер арқылы шектеледі. Оның беткі қабатын қалыңдағы бірнеше ондаған метрге жететін қалың әктас қабатты бостау жыныстар бұзылудан сақтайтын қалқан қызметін атқарып тұрады. Абсолюттік биіктігі 22 метрден солтүстік жон 314 метрге дейін мұзбел артады, жондардың аралығындағы ойыстардың табанының абсолюттік биіктігі 63 метрден Барсакелмес ойысы 100 метрге дейінгі аралықта ауытқиды.

Торғай Үстірті негізінен Қостанай облысының аумағында, аздаған бөлігі Ақмола және Қарағанды облыстары жеріне кіреді. Шығысында Сарыарқа, батысында Мұғалжар және оңтүстік Оралдың аралығында жатыр. Торғай Үстірті мен Сарыарқаның аралығындағы ойысты "Торғай қақпасы" деп атайды. Тұран плитасының солтүстігінде орналасқан. Орташа биіктігі 200-300 м.

Орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығын қамтиды. Оның солтүстік-шығыс бөлігі 400-450 м-ге дейін көтерілген. Жем, Қайнар, Сағыз, Ойыл, Елек, Ор, Сарықобда, Үлкенқобда, Бұлдырты, Өлеңті өзендері басын осы жерден алады. Үстірт оңтүстік-батысқа қарай аласарады. Орташа биіктігі 100-300 м.

Жалпы Сырт - Орал тауы мен Еділ өзені аралығындағы үлкен қырат. Қыраттың оңтүстік-шығыс бөлігі, ҚР-ның солтүстік-батысында орналасқан. Еділ мен Жайық аралығындағы су айрығы. Орташа биіктігі 259 м Ешкі тауы.

Бетпақдала үстірті – Ұлытау ауданының оңтүстік бөлігін алып жатыр, ол Шу мен Сарысу өзендері аралығында орналасқан. Шығысында Балқаш көлімен, батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Тұзды көлдер, сор, тақыр, ағынсыз тұйық ойыстар кездеседі. Орташа биіктігі 300-350 м. Ең биік жері - Желтау жотасы 974 м.

Балқаш маңы жазығы оңтүстігінде Балқаш көлі, оңтүстік-шығысында Жоңғар Алатауы, оңтүстігінде - Іле Алатауы, батысында Шу-Іле тауларымен шектеседі. Орташа биіктігі 350-700 м.

                                     

6.3. Жер бедерінің негізгі сипаты Аласа таулы өлкелер

Аласа таулы өлкелерге Қазақстанның аласа таулы аймақтарындағы жеке дара тау массивтері мен Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тау жүйелерінің 1900-2100 м-ге дейінгі бөктерлері енетін аймақ бедері кіреді.

                                     

6.4. Жер бедерінің негізгі сипаты Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы

Сарыарқаның батыс және солтүстік-батыс бөлігі каледон, шығыс бөлігі герцин тау түзілу кезеңінде қалыптасқан. Батысында - Торғай үстірті, шығысында - Сауыр-Тарбағатай, оңтүстігінде - Балқаш көлі, Бетпақдала, солтүстігінде - Солтүстік Қазақ жазығы. Ең биік жері - Ақсораң 1565 м және Қарқаралы 1403 м. Шыңғыстау 1305 м, Ұлытау 1133 м, Баянауыл 950 м таулары.

                                     

6.5. Жер бедерінің негізгі сипаты Мұғалжар

Орал тауының оңтүстік жалғасы болады. Орташа ұзындығы - солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 км. Орташа биіктігі - 657 м. Ең биік жері - Үлкен Боқтыбай. Тау жыныстары: магмалық, шөгінді жыныстар.

                                     

6.6. Жер бедерінің негізгі сипаты Биік таулы өлкелер

Биік таулы өлкелерге Қазақстанның шығысы мен оңтүстік шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тау жүйелері жатады.

                                     

6.7. Жер бедерінің негізгі сипаты Алтай

Тау мен өңірдің бөлігі Шығыс Қазақстан облысында орналасқан.

Үш ауданға бөлінген: Оңтүстік, Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жоталары.

  • Батыс немесе Кенді Алтай: Қазақстан жеріне батыс жағымен кіретін Қызылқарағай, Холзун, Қатын жотасы Мұзтау 4506 м. Кенді Алтайда аса ірі полиметалл кендері шоғырланған.
  • Қалба тау жотасы: Алтай тауларының Ертіс өзенінен батысқа қарай созылған жалғасы болып есептеледі. Ең биік жері - Сарышоқы 1606м, Сауыр, Тарбағатайдың солтүстігінде Зайсан, ал оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры.
  • Оңтүстік Алтай: Солтүстігінде Бұқтырма мен оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығында жатыр.
                                     

6.8. Жер бедерінің негізгі сипаты Тарбағатай Барқытбел

Қазақстан жеріне оның солтүстік бөлігі ғана кіреді, солтүстігінде мұздықтар бар. Биік нүктесі - Тастау шыңы 2992 м.

                                     

6.9. Жер бедерінің негізгі сипаты Сауыр

Сарыарқаның шығысындағы жалғасы, ең биік жері - Мұзтау шыңы 3816 м

                                     

6.10. Жер бедерінің негізгі сипаты Жоңғар таулы өлкесі

Шығыстан батысқа қарай, шамамен 400 км созылып жатқан, ені 50-ден 190 км дейін жететін таулар. Олардың жер бедеріне құламалы тектоникалық кертпештермен бөлінген тау жоталары мен тауаралық ойпат шұңқырлардың алмасуы тән.

Жетісу Алатауы солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде Іле өзені аңғары аралығында батыстан-шығысқа созыла орналасқан. Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысы мен Алакөл қазаншұңқырын қосып жатқан тауаралық өткелі "Жетісу қақпасы". Ең биік жері Бесбақан - 4622 м. Жетісу Алатауы 5000 м: Солтүстік жотасы, Оңтүстік жотасы болып бөлінеді.

                                     

6.11. Жер бедерінің негізгі сипаты Тянь-Шань таулы өлкесі

Қазақстан жерінің оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігін қамтиды. Негізінен ендік бағытқа жақын жатқан тау тізбектерінен құралады. Биік шыңдары – Жеңіс 7439 м және Хантәңірі 6995 м. Қазақстанға Қаратау, Қырғыз Алатауы, Шу-Іле таулары, Іле Алатауы және Кетпен Ұзынқара жоталары қарайды.

                                     

6.12. Жер бедерінің негізгі сипаты Кетпен жотасы

Кетпен жотасы, Ұзынқара – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік доғасына кіретін жота. Тянь-Шаньнан басталып, Кетпен тау аралық ойысымен бөлінеді. Батысы Қазақстанда, шығысы Қытайда жатыр. Ұзындығы - 300 км, ені - 40-50 км. Ең биік жері - Небесная шыңы 3652 м.

                                     

6.13. Жер бедерінің негізгі сипаты Күнгей Алатау

Күнгей Алатау - ұзындығы 275 шақырымға созылатын тау жотасы. Іле Алатауымен қосылып Солтүстік Тянь-Шаньды құрайды. Қазақстан аумағында шығыс бөлігінің солтүстік беткейі жатады. Ең биік жотасы Иманбұлақ шыңы, 4647 м.

                                     

6.14. Жер бедерінің негізгі сипаты Іле Алатауы

Тянь-Шаньның солтүстігіндегі ең биік тау жотасы. Ұзындығы - 350 км. Ең биік нүктесі - Талғар шыңы 4973 м.

                                     

6.15. Жер бедерінің негізгі сипаты Қырғыз Алатауы

Күнгей және Іле Алатауының батысында орналасқан. Батыс бөлігінің солтүстік беткейі Қазақстан жерінде Жамбыл облысы. Жалпы ұзындығы 375 км.

                                     

6.16. Жер бедерінің негізгі сипаты Батыс Тянь-Шань

Талас Алатауынан басталып, оңтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Ірі таулары - Өгем, Піскем, Қаратау 2176 м. Тянь-Шаньның қатты өзгеріске ұшыраған ең шеткі солтүстік-батыс жотасы - Қаратау.

                                     

6.17. Жер бедерінің негізгі сипаты Қазақстанның биік тау шыңдары

  • Ашутор тауы Теріскей Алатауы 4427 м,
  • Манас шыңы Талас Алатауы - 4482 м,
  • Шоқтал тауы Күнгей Алатау - 4770 м,
  • Комсомол шыңы Іле Алатауы - 4330 м.
  • Мұзтау тауы Жонғар Алатауы - 4370 м,
  • Бүкіл одақтың география қоғамына 100 жыл шыңы меридиандық жота - 6276 м,
  • Хантәңірі Сарыжаз жотасы - 6995 м,
  • Мұзтау шыңы Алтай тауы, Қатын жотасы - 4506 м,
  • Металлургтер тауы Іле Алатауы - 4600 м,
  • Талғар шыңы Іле Алатауы - 4973 м,
  • Бесбақан тауы Жоңғар Алатауы - 4622 м,
                                     

7. Пайдалы қазбалары

Мұнай, газ - Қазақстанда мұнайдың болжамдық қорлары 20-25 млрд. т., 200-дей мұнай және газ кен орындары барланған. Барланған мұнайдың алынатын қоры 2.2 млрд т, газ - 2.5 трлн/м³ құрап отыр. 200-ге жуық көмір кен орындары шоғырланған. Геологиялық қоры - 164.4 млрд т. Оның ішінде: тас көмір 17.6 млрд. т; қоңыр көмір 92.8 млрд. т.

                                     

7.1. Пайдалы қазбалары Кенді пайдалы қазбалар

Темір - геологиялық қоры 17 млрд. т. Оның 93% мөлшерін ірі кен орындары алады. Хромит - хромит қоры бойынша Қазақстан әлемде 2-ші орында. Қорлары - 230 млн. т. Ірі кен орыны шоғырланған аймақ – Мұғалжар тауы. Марганец - баланстық қоры 400 млн. т. Болжамдық қорлары 850-900 млн. т. Мыс - ірі кен орындары Жезқазған, Жамантай мыс кенінің қоры 10 млн. т. асады. Қорғасын-мырыш - 100-ден аса кен орындары бар. Алюминий - шикізат ретінде ең көп тараған боксит болып табылады. 200 кен орны бар. Алтын - 196 алтын кен орны бар. Қазақстан алтын қоры бойынша әлем елдерінің бірін ондығына, өндірісі бойынша - үшінші орынға ие.

                                     

7.2. Пайдалы қазбалары Сирек кездесетін металдар

Молибден - Қазақстан молибден қоры жөнінен әлемде төртінші, Азия елдері арасынан бірінші орында. 84 кен орны бар. Вольфрам - қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам қорының 53%- ы 16 ірі кен орнында шоғырланған. Уран - 100-ден астам кен орны Қазақстанда шоғырланған. Солтүстік Қазақстанда 50 кен орны бар.

                                     

8. Ішкі сулары

Қазақстанда 85 022 өзен бар, соның ішінде 84 694 шағын ұзындығы 100 км-ге дейін, 305 орташа 500 км-ге дейін және 23 ірі 500-1000 км-ден астам өзендер қатарына жатады.

Суға толы өзендер Алтай, оңтүстік-шығыста Жетісу, Іле-Алатауында өзен торының жиілігі 0.4-1.8 км, Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерде өзен торының жиілігі 0.03 км-ге дейін барады. Ұзындығы 1000 км. асатын өзендер: Сырдария, Шу, Іле, Ертіс, Жайық, Есіл, Тобыл.

                                     

8.1. Ішкі сулары Өзендер

Каспий теңізі алабы - Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға: Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Үлкен Өзен, Кіші Өзен жатады.

Арал теңізі алабына - Оңтүстік және Орталық Қазақстан бөлігінің өзендері жатады. Олар: Сырдария, Арыс саласы, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас.

Балқаш-Алакөл алабы - Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендерді қамтиды. Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан.

                                     

8.2. Ішкі сулары Көлдер

Қазақстанда ауданына қарай жалпы 48 262 көл бар. Көл айдынының 45248 шағын көлдер ауданы 1 км² дейінгілер қатарына жатады. Ауданы 10 км²-тан астам ірі көлдер - 296, ал 100 км²-тан астам аса ірі көлдер - 21. Аса ірі көлдер: Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз Нұра.

                                     

8.3. Ішкі сулары Мұздықтар

  • Жетісу Алатауында 1369 мұздық,
  • Сауыр жотасында 18 мұздық,
  • Тянь-Шань 1009 мұздық бар.
  • Алтай жоталарында 328 мұздық,

Қазақстандағы ең ірі мұздық - Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы. Оның ұзындығы - 12 км, қалыңдығы 210-300 м, 3560 м биіктікте орналасқан, ауданы - 38.0 км², жалпы көлемі - 6.32 км³.

                                     

9. Топырақ жамылғысы

Қазақстан территориясы үлкен болғандықтан, оның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады.

Қазақстан аумағы үш топырақ белдемдеріне бөлінген:

  • Қоңыр, сұр қоңыр топырақ 44%. 48° с.е. оңтүстікке қарай
  • Қара қоңыр топырақ 34%. 52°-48° с.е аралығында
  • Қара топырақ 9.5%. 52° с.е солтүстігінде

Әрбір табиғат белдемдері топырағымен ерекшеленіп, солтүстіктен-оңтүстікке қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл белдемдері болып ауысып отырады. Сонымен бірге табиғат белдемдерінде топырақ жамылғылары да, батыстан шығысқа қарай өзгереді.

                                     

10. Қазақстан халқының орналасу географиясы

Республиканың халқы – 18.6 миллионнан астам адам 2020 ж. ТМД-да Ресей, Украина, Өзбекстаннан кейінгі 4-ші орында, ал дүние жүзінде 63-ші орында. 1 шаршы шақырымға - 5.5 адамнан келеді. Қазақстан халқының тығыздығы ТМД елдеріндегі орташа тығыздықтан 12.8 2.5 есе, ал әлемдік тығыздықтан 40 адам 6.6 есе кем.

Халықтың ең тығыз орналасқан жері - Оңтүстік Қазақстан. Онда 1 шаршы шақырымға 17 адамнан келеді. 4 млн. астам қазақ республикадан тысқары жерлерде, әлемнің 54 мемлекетінде тұрады. Халықтың ең сирек орналасқан жері Маңғыстау, Атырау облыстары. Онда 1 шаршы шақырымға 2 адамнан келеді.

Қазақстанның қала тұрғындары 57%-ды құраса, ауыл тұрғындары 43%-дан астам.

Қазақстанда 130 ұлт тұрады: оның 68.51% - қазақтар, 18.85% - орыстар, 3.25% - өзбектер, 1.47 % -ұйғырлар, 1.42% -украиндар, 1.08% - татарлар

Қазақстан халқының еңбекке жарамды бөлігі

  • Ерлер - 16-63 жасқа дейін.
  • Әйелдер - 16-58 жасқа дейін.

Ең белсенді жас 27-49 жас арасы еңбекке қабілетті

  • Республикада ерлер жалпы халық санының 48.2% құраса, әйелдер 51.8%.

Қазақстанда адамдардың орта жасы төмендегідей:

  • Ресей -647 732 адам
  • Украина 5 526 адам
  • Германия - 1 000-ға жуық
  • АҚШ 3 000 адам
  • Қырғызстан - 32 981 адам
  • Канада - 7 000 адам
  • Беларусь - 1 355 адам
  • Түркия - 30 000 адам
  • Иран - 4 000 адам
  • Түрікменстан - 87 000 адам
  • әйелдердің орта жасы - 72;
  • Өзбекстан - 800 000 адам
  • ерлердің орта жасы - 58.5;
  • Қытай -1 462 588 адам
  • Бүкіл әлемдегі қазақтар саны 14 миллионнан астам.
  • Моңғолия - 101 526 адам
  • Ұлыбритания - 1 000-ға жуық
                                     

11. Халық шаруашылығы салаларының географиясы

Қазақстанның көлік кешені

Қазақстанда көліктің барлық түрі дамыған. Жүк айналымында темір жол - 57.5%, өзен көлігі - 0.02%, автомобиль - 15.5%, әуе – 2.9%, кұбыр көлігі -27%.

                                     

11.1. Халық шаруашылығы салаларының географиясы Жеңіл өнеркәсіп

Жеңіл өнеркәсіп саласында шамамен 40.5% пайызы – мата, киім тігуге 22.5 миллиард теңге немесе жалпы көлемнің 50% тиесілі. Қазақстандық өндірістің шамамен 10 пайызы – тері өнемдеріне тиесілі.

                                     

11.2. Халық шаруашылығы салаларының географиясы Тамақ өнеркәсібі

Қазақстанның тамақ өнеркәсібі экономикамыздың ең маңызды саласы болып табылады. Ауылшаруашылық шикізаты өңделіп, азық-түлік саласын құрайды. Оның құрамына 20 саладан аса үлкен топ біріктірілген. Олардың ең негізгілері: ет, сүт, наубайхана, балық, консерв және кондитер өнімдері.

Бүгінде Қазақстан өнеркәсіп өнімінің көлемі жөнінен Ресей мен Украинадан кейінгі 3-ші орында. Табиғи байлықтарды игерудегі басты қиыншылық - су мен қазіргі заманға сай жаңа технологияның болмауы.

                                     

11.3. Халық шаруашылығы салаларының географиясы Қазақстанның отын-энергетикалық кешені

Аталған кешен құрамына қазіргі заманғы шаруашылықтың негізін құрайтын отын мен электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау енеді. Өндірістің дамуы отын мен энергия түрлерін игерумен тығыз байланыста жүреді. Адамзат қоғамы дамудың неғұрлым жоғары сатысына көтерілген сайын өндірістің отын мен энергияға сұранысы арта түсті.

Қазақстан көмір, газ, электр энергиясын өндіруден ТМД-да 3 орын, мұнай өндіруден 2-орын алады. Қазақстан аумағында әлемдік көмір қорының 3.3%-ы шоғырланған. Көмір өндіруден дүние жүзінде 8-ші, ал таяу шетелдер бойынша Ресей мен Украинадан кейінгі 3-ші орында. Негізгі отын түрі деп есептеледі. Қазақстанда 10 алап, 400-ден астам көмір кеніштері бар. Жалпы қоры - 176.6 млрд. т. Өндіру мүмкіндігі - 21.5 млрд. т. Маңызы жөнінен бірінші Қарағанды көмір бассейнінің қоры - 51 млрд. т. Қазіргі кезде көмір өндіру көлемі 2 есе азайып, жылына 80 млн. т көмір өндіріледі. Көмір кабатының қалыңдығы 1.5-15 м. Екібастұз - 12 млрд. т. Жер бетіне жақын орналасқан, ашық әдіспен өндірілетін Екібастұз көмірінің өзіндік құны төмен. Дүниежүзіндегі ең ірі "Богатырь" кесіндісі орналасқын көмір алабы. Бүкіл Қазақстанда 14 мұнай-газ бассейні бар. Олар Атырау-Ембі, Маңғыстау аймақтарында. Негізгі мұнай өңдеу зауыттары: Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан. ТМД-да көмірсутектік шикізаттардың жалпы қоры жөнінен Қазақстан Ресейден кейінгі 2-ші орында.

Газ өндірісіне газ тасымалдау жүйесі: республика аумағы арқылы өтетін Бұхара-Орал-Орта Азия-Мәскеу, Бұхара-Шымкент-Тараз-Бішкек-Алматы магистральді кұбырлары.

Газдың жалпы қоры 6 трлн м³, бұл қоры жөнінен әлемде 12-орында. Газ өндіру мөлшері 7 млрд. м³ элемде 25-орында. Республика көлемін газбен қамтамасыз ету үшін Түрікменстаннан 6.8 млрд м³, Өзбекстаннан 7.2 млрд м³, Ресейден 2 млрд м³ газ алынады.

Атырау облысында "Теңіз" мұнайы - әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі. Мұнайдың геологиялық қоры 3 млрд 133 млн. т. шамасында. Магистральдық және тарату газ құбырларының тарихи қалыптасқан жүйесіне сәйкес табиғи газ еліміздің 14 облысының 9-на жеткізіледі.

                                     

11.4. Халық шаруашылығы салаларының географиясы Электр энергетикасы

Қазақстанның электр энергетикасының көздері: жылу электр стансасы, су электр стансасы, атом электр стансасы.

Жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне қарай Қазақстан электр энергетикасының дамуын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады. Бiрiншi кезең 1918-45 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде iрi электр станциялары салынып, алғашқы энергетикалық тораптар пайда болды.

Екiншi кезеңде 1946-58 ж. алғашқы энергетикалық жүйелер құрылды. Үшiншi кезеңде 1959-90 ж. республиканың энергетикалық базасы жедел қарқынмен дамып, аймақтық энергетикалық жүйе қалыптасты. Сөйтiп, Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн, әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi.

Республикада ЖЭС-тар беретін электроэнергия 80-90%-ды құрайды.

  • АЭС атом электр стансасы - Ақтау қаласында орналасқан
  • Ірі СЭС су электр стансалары

Ертіс өзенінде: Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі; Сырдарияда Шардара; Іле: Қапшағай.

  • Республикасының 1 тұрғынына шамамен 3700 кВт/сағ электр энергиясы келеді.
  • Шығыс Қазақстан облысы су электр стансалары энергия өндірудің ең жоғарғы үлесін береді.
  • Қазақстанның су электр стансалары жылына 163 млрд кВт/сағ электр энергетикасын өндіре алады.

Қазақстанның электр энергиясы арзан отын мен су энергетикасы байлықтары пайдаланатын аудандық ірі электр станцияларын салу бағытында дамып келеді. Шығыс және Оңтүстік Қазақстан су энергиясы жеткілікті аудан. Қазір республиканың жылу электр станциялары кең таралған. Олар негізінен Қарағанды және Екібастұз көмірімен жұмыс істейді, әрі бүкіл элекгр энергиясының 90%-дан астамын береді. Әрбір облыстық қала мен көптеген өнеркәсіптік орталықтарында қуатты жылу электр орталықтары салынған. Олардың ең ірілері Екібастұзда, Ақсуда, Таразда, Қарағандыда, Алматыда орналасқан.

                                     

11.5. Халық шаруашылығы салаларының географиясы Қазақстан металлургиясы

Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас саласы. Қазақстанда шойын, болат және ферроқорытпа өндіріледі.

Қарағанды, Теміртау металлургия комбинаты шойын, болат, прокат өнімін шығарады. Қостанай қайта қорыту комбинаты: шойын, болат, құбыр, рельс, жұқа табақ темір. Атасу, Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар-Аят кен байыту комбинаты - темір кенін өндіретін негізгі кен орны. Ақтөбе, Ақсу: ферроқорытпа, хром өндіру. Торғай алыбының темір рудасын игеру мақсатында Қостанай-Тобыл-Лисаковск жолы салынды.

Қазіргі кезде мыс негізінен Жезқазған мен Балқаштың кен-металлургиялық комбинаттарында КМК өндіріледі. Қорғасын және мырыш өнеркәсібінің ортақ шикізат базасы - полиметалл кендері бар. Ұзақ уақыт бойы олардың қоры жөнінен Шығыс пен Оңтүстік алда болды. Полиметалл өндірісінің басты ауданы - Кенді Алтай. Мұнда 3 ірі орталық бар - Зырян, Риддер және Өскемен.

                                     

11.6. Халық шаруашылығы салаларының географиясы Машина жасау өндірісі

Машина жасау ҚР машина жасау құрылымы: тасымалдау құрамы, автокөлік құрастыруды қоса алғанда барлық өнімнің 37% құрайды. Қазақстанның индустриаландыру картасы бойынша машина жасау саласында 9 жаңа ірі жобалар жүзеге асырылуда. Олар:

  • Тау-металлургиялық машина жасауда: "Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты" ЖШС, жүк темiр жол вагондары үшiн iрi құю өндiрiсі.
  • Ауыл шаруашылық техника өндiрiсiнде: "Агромаш Холдинг" АҚ, комбайндардың өндiрiсi.
  • Мұнайгаз машина жасауда: "Батыс-Қазақстан Машина жасау комбинаты" АҚ, газ қотарушы агрегат және газтурбиналы электр станцияларын әзiрлеу және жасау.
  • Транспорттық машина жасауда: "Азия Авто" АҚ, жүк және қоғамдық транспорт; "ЗИКСТО" АҚ, вагон жасау; "Байтерек А" АҚ, электровоздар; "Камкор Менеджмент" ЖШС, жүк вагондары.
                                     

11.7. Халық шаруашылығы салаларының географиясы Химия өндірісі

Химия өнеркәсібінің кәсіпорындары Қазақстанның біршама аймақтарында орналасқан. Өнеркәсіптің әр түрлі салаларының, ауыл шаруашылығының, халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін бұл өндірістің шығаратын өнімдерінің түрі де, көлемі де аумақты.

  • Қостанай - жасанды талшық
  • Өскемен, Риддер, Балқаш, Жезқазған - күкірт қышқылы
  • Өскемендегі титан-магний комбинаты жанынан қосымша өнім калий тыңайтқыштары
  • Ақтөбе - хром қосындылары, Ақтау – пластмасса, тұтыну заттары, тіс пастасы, Атырау - полиэтилен, су сабын, кір сабын, Шымкент -шина, фармацевтік препараттар
  • Теміртау - азот, синтетикалық каучук
  • Азот тыңайтқышы Теміртауда
  • Фосфор тыңайтқышы Қаратау химия өндірісі фосфор ұны, фосфор тұздары Шымкент, Тараз, суперфосфат
  • Тараз - минералды тыңайтқыштар шығаратын ірі химия комбинаты орналасқан.
                                     

11.8. Халық шаруашылығы салаларының географиясы Ауыл-шаруашылық өнеркәсіп салалары

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келеді.

  • Балық өнеркәсібі: Атырау, Балқаш, Зайсанда
  • Киім тігу: Алматы, Тараз, Семей, Павлодар, Талдықорған, Қостанай, Қызылорда
  • Тері илеу: Алматы, Семей, Орал, Тараз, Қостанай, Қызылорда қалаларында
  • Жүннен бұйым жасау: Семей, Қостанай, Алматы қалаларында
  • Шұлық фабрикасы: Семей, Қарағанды, Шымкентте
  • Ұн жарма өнеркәсібі: Солтүстік Қазақстан, Астана, Тараз, Қапшағай, Қостанайда
  • Мақта тазалау зауыты: Түркістан, Мақтааралда.
  • Макарон өнімдері: Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Семейде
  • Фарфор-фаянс: Астана мен Қапшағайда
  • Мақта майын шығару өнеркәсібі: Шымкентте
  • Ең ірі ет комбинаттары: Алматы, Петропавл, Семей, Қызылорда, Орал, Тараз қалаларында
  • Ірі ас тұзының қоры: Павлодар, Қызылордада
  • Ірі сүт, май өнеркәсібі Алматы, Қарағанды, Астана, Орал, Өскемен. Қостанай, Семей, Петропавл, Павлодар, Шымкент, Көкшетау қалаларында
  • Жүн жуу кәсіпорындары: Семей, Тараз, Ақтөбе қалаларында
  • Жүн иіретін комбинат: Астанада, Өскеменде жібек мата шығарады,
  • Киіз басу: Орал, Петропавл қалаларында
  • Трикотаж фабрикасы: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Жезқазғанда
  • Қант өнеркәсібі: Тараз, Шу, Боралдай, Қарабұлақ, Киров, Меркеде
                                     

11.9. Халық шаруашылығы салаларының географиясы Қазақстанның көлік кешені

Қазақстанда көліктің барлық түрі дамыған. Жүк айналымында темір жол - 57.5%, өзен көлігі - 0.02%, автомобиль - 15.5%, әуе – 2.9%, кұбыр көлігі -27%.

                                     

11.10. Халық шаруашылығы салаларының географиясы Темір жол

Қазақстанда темір жолдың ұзындығы 15000 км. Атырау-Астрахан темір жол торабы Солтүстік Кавказ елдері мен Батыс Қазақстанды байланыстырады. Ендік бағыттағы 3 транзиттік ірі теміржол магистралдары:

  • Орта Сібір
  • ТрансСібір
  • Оңтүстік Сібір Магнитогорск-Қарталы-Астана-Павлодар-Барнаул.

Республикалық маңызы бар бойлық бағыттағы 3 магистралді атауға болады:

  • Орынбор-Ташкент Батыс арқылы өтеді. Ескі теміржол
  • Петропавл-Ақмола-Қарағанды-Мойынты-Шу ТрансҚазақстан деп аталады.
  • Семей-Алматы-Құлан-Тараз-Шымкент-Арыс Құлан-Семей арасындағы бөлігін Түркістан-Сібір Түрксіб деп атайды)

Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігін қалалар мен ауылдар және басқада жерлерге жол жүретін жолаушылардың тең жарымы тиеді.

                                     

11.11. Халық шаруашылығы салаларының географиясы Автомибиль жолдары

Автомобиль жолдардың жалпы ұзындығы 94000 км. Басты ірі магистральдары:

  • Қостанай-Арқалық;
  • Орал-Атырау;
  • Алматы-Семей-Өскемен-Жаркент-Талдықорған-Текелі;
  • Алматы-Шелек-Нарынқол;
  • Қарағанды-Жезқазған.
  • Қарағанды–Қарқаралы;
  • Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент;
                                     

11.12. Халық шаруашылығы салаларының географиясы Әуе жолы

Әуе жолының жалпы ұзындығы - 100 мың км. Әуе көлігімен шамамен 21.4 млн. т. жүк, 7 млн. жолаушы тасымалданады. Қазақстанның әуе кеңістігінде 72 халықаралық әуе жолы түйіседі. Еліміздегі 51 әуежолдың 13-і халықаралық ұшақтарға қызмет атқарады, ал 21-і республикалық маңызға ие.

                                     

11.13. Халық шаруашылығы салаларының географиясы Құбыр жолы

Мұнайдың 60%-ы құбырмен тасымалданады. Ең алғаш салынған мұнай құбырының ұзындығы 60 км-лік Доссор-Ракуша. Келешекте Республика аумағы арқылы Батыс Қазақстаннан 5 бағытта мұнай құбырын тарту жоспарлануда.

  • Теңіз кен орнынан - Ресейдің Қара теңіз жағалауына, ұзындығы 1500км.
  • Батыс Қазақстан - Қытай - Тынық мұхиты жағалауы. Атасу Қарағанды облысы-Алашонькоу Қытай.
  • Батыс Қазақстан - Құмкөл мұнай құбыры.
  • Ирак мемлекеті арқылы Парсы шығанағы жағалауында Теңіз-Харг, ұзындығы 2505 км.
  • Теңіз - Баку - Супса Грузияның Қара теңіз жағалау - ДжейханТүркия Жерорта теңізі жағалауы.
                                     

12. Қазақстан Республикасы экономикалық аудандарының географиясы

Қазақстан аумағының үлкендігі, табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігі географиялық еңбек бөлінісінің ГЕБ негізі болып табылады. Қазақстан аумағында 14 облыс бар, олар 5 экономикалық ауданға топтастырылған.

  • Солтүстік Қазақстан: Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Ақмола облысы;
  • Оңтүстік Қазақстан: Қызылорда облысы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысы;
  • Орталық Қазақстан: Қарағанды облысы;
  • Батыс Қазақстан: Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысы, Маңғыстау облысы;
  • Шығыс Қазақстан: Шығыс Қазақстан облысы.
Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →