Топ-100
Back

ⓘ Орталық Қазақстан өңірі өзінің табиғи географиялық жағдайы мен орналасуына байланысты ежелгі қазақ тарихында ерекше орын алады. Археологиялық зерттеулердің нәти ..



                                               

Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы

Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы, төменгі палеолит ескерткіштерінен бастап ортағасырлық қалалар өркениеті ошақтарын зерттеді. Ол 1946 жылы ҚР ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында құрылған. Жетекшілері: 1946 – 75 жылдары – Ә.Марғұлан, 1976 – 81 жылдары – М.Қадырбаев, 1982 – 85 жылдары – Ж.Құрманқұлов, 1986 – 89 жылдары – С.Ақынжанов болды, 1990 жылдан – Ж.Құрманқұлов. Экспедиция Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы деп аталғанымен, Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс атқарды.

                                               

Орталық Америка

Орталық Америка – Солтүстік Американың Теуантепек және Дарьен мойнақтары аралығындағы қиыр оңтүстік бөлігі. Тынық мұхит пен Мексика шығанағы және Кариб теңізі аралығында тропиктік ендікте орналасқан. Ені Юкатан түбегі аумағында 960 км, Панама мойнағында 48 км, ең биік жері Тахумулько тауы. Орталық Америкада Мексиканың оңтүстік-шығыс бөлігі, Гватемала, Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Коста-Рика, Панама, Белиз мемлекеттері орналасқан. Басым бөлігін Кордильера жүйесіне кіретін орта биіктікті тау белдеуі алып жатыр. Ірі жазық өңірлер Юкатан түбегі мен Москития жағалауында. Кен байлықтарынан ал ...

                                               

Орталық Азия мұнай

Орталық Азия Мұнай ОАМ – мұнай барлау кәсіпорны. 1996 жылы құрылған. Құрылтайшылары: Амерада Хесс компаниясы әрі операторы – 52.5%," Геотекс” АҚ – 25% және First International Oil corporation 22.5%." ОАМ” көмір-сутекті шикізатты кен орындарын барлаумен, кен өндірумен, сатумен айналысады. Компания геологиялық-геофизикалық деректерді таныстыру жөніндегі әлемдік таңдаулы компьютерлік технологиямен жабдықталған. Еділ-Жайық арасы, Көлжан-Ұялы, Оңтүстік Торғай алабында барлау жұмыстарын жүргізуде.

                                               

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Орталық Ансамблі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Орталық Ансамблі - өнер ұжымы. 1991 жылы ұйымдастырылды. Алғашқы көркемдік жетекшілері - Ю.В. Бондаренко. Ансамбль құрамында "Сарбаздар" фольклорлық-этнографиялық тобы, эстрадалық-симфониялық оркестрі бар. Ұжымда Қазақстанның еңбек сіңірген артистері В.Ли, Р.Стамғазиев, Б.Тайлақбаев, белгілі әншілер Ж.Ысқақова, Қ.Мақанов, Қ.Жүнісовтер, т.б. халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері өнер көрсетеді. Ансамбльдің эстрадалық-симфониялық оркестрі "Алматы - менің бірінші махаббатым" фестиваліне, Қазақстанның халық артисі Р.Рымбаеваның жеке ...

                                               

Орталық нарық

Орталық нарық- Батыс Еуропа елдерінің біріккен аймақтық топтары. Мың елу сегізінші жылы бірінші қайңтардан Рим шарты негізінде жұмыс істейді. Бұл шартқа мың тоғыз жүз елу жетінші жылы алты ел - ГФР, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург қол қойған. Орталық нарықтың алдында бір мың тоғыз жүз елу бірінші жылы Еуропа көмір және болат бірлестігі құрылды. Атом энергиясы жөніндегі Еуропа қоғамдастығы орталық нарықпен бір уақытта құрылды. Кеіннен орталық нарықтың орнына көбінесе Еуропа экономикалық қоғамдастығы, ал бір мың тоғыз жүз алпыс жетінші жылдан Еуропа қоғамдастығы ұғымы қолданы ...

                                               

Сырдария ауданы

Қазақстан: Сырдария ауданы – Қызылорда облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Өзбекстан: Сырдария ауданы – Сырдария облысы Өзбекстан құрамындағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы - Сырдария қаласы.

Орталық Қазақстан
                                     

ⓘ Орталық Қазақстан

Орталық Қазақстан өңірі өзінің табиғи географиялық жағдайы мен орналасуына байланысты ежелгі қазақ тарихында ерекше орын алады. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде бұл аймақты ежелден алғашқы адамдардың мекендегені анықталған. Бұл уакыт тарихи дәуірлеу бойынша б.з.б. 5-3 ғ-лар аралығы. Олар негізінен терімшілікпен, аңшылықпен, сонымен қатар балықшылықпен де косымша айналысқан. 15-25 адамнан тұратын алғашқы адамдар қауымдық тобырларды құрады, Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар питекантроптың замандастары еді. Олар отты пайдалануды, мамонт сүйегінен, мал терісінен карапайым үй салуды үйренді.

Обалысай I, Жаман Айбат, Семізбұғы ежелгі елді мекендерінен тас құралдар: шапқышар, қырғыш, кескіш, тілгіштер, жебелердің ұштары, жұмыр тастар және т.б. табылған. Ағаштан және сүйектен жасалған еңбек құралдары сакталмаған. Алғашқы адамдар қоныстарының ішіндегі ең белгілісі Батпақ-8, 12, Мұзбел-1, Сарыарқа, Оғызтау-1, 2 тұрақтары.

                                     

1. Орта ғасыр

Б.з. 6 ғасырында Орталық Қазақстан Түрік қағанатының кұрамына енді. 603 жылы Түрік қағанаты екіге бөлініп, Батыс Түрік қағанаты Жетісу мен Орталық Қазақстан аумағын қамтиды. Тарихи деректер бойынша 7 ғ-дың екінші жартысында Батыс Түрік қағанатының ішіндегі ең күшті тайпалық одақ - қимақтар Ертіс өзенінен Сыр, Шу бойына дейінгі аралықты мекендейді. 9 ғ-да Қимақ қағанаты жеті тайпадан тұрды, оларға: қимақ, ланиказ, аджлад, эймур, баяндур, татар, қыпшақтар жатады. Ал 10 ғ-да осы тайпалардан қыпшақтар алдыңғы қатарға шығып, Қыпшақ хандығын кұрды. 10 ғ-дың аяғында қыпшақтар Сыр бойындағы оғыздарды ығыстырды, Қазақстаннын түгелге жуык жеріне билігін жүргізіп, Дешті-Қыпшақ деп аталды. 11-12 ғғ-да қыпшақтар екіге бөлінді, он қанаты Торғай даласын, Жем, Жайық, Еділ бойын жайласа, сол қанаты Орталық және Шығыс Қазақстанды мекендеді. Қыпшақ хандығының алғашқы орталығы Ертіс өзенінің орта ағысыңда болса, кейіннен Сыр бойындағы Сығанақ қаласына ауысты. Қыпшақ мемлекетін хан баскарды, олардан баска билеушілер катарына тархандар, бектер, басқақтар жатады. Орталық Қазақстан шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығына негізделді. Мал жаз айларында Сарыарқаның кең даласын жайласа, қыста тау шатқалдарына, ықтасын жерлерге оралып отырды. Орта ғасырда Сарыарқа аркылы Ұлы Жібек жолының бір тармағы өтті, ол Қарқаралы, Ұлытау, Жезқазғанды басып өтіп, батысқа беттейді. Осы өңірде мыс, темір рудасы балқытылып, олардан еңбек кұралдары, қару-жарақтар жасалған. Оған дәлел Қарқаралы маңындағы Кент, Суықбұлақ мекендері, Темірші, Кентөбе кен орыңдары, Жезқазғандағы Милықұдық қонысы мен осы өңірдегі мыс және темір өндірген ежелгі кен орындары. Қытай өзені Хуанхэден Дунайға дейін созылған Ұлы Еуразия даласы адамзат тарихы бойында тек Батыс пен Шығыс арасындағы жалғаушы ғана емес, көптеген халықтардың ұлы бесігі болды.

                                     

2. Табиғат жағдайы

Ауданның құрамы:

  • Ауданы 428 мың км²
  • Халқы 1339 мың адам
  • Қарағанды облысы
  • Орташа тығыздығы:3.1 адам/км²

Орталық Қазақстан - республикамыздағы су жетіспейтін аймақтардың бірі, теңіздерден қашық жатуымен бірге ірі өзендері де жоқтың қасы. Бірақ минералды ресурстарға бай аймақтың бірі.Сарыарқа жері пайдалы казбалардың көмбесі десе де болады. Мұнда- көмір, темір кені, мыс, марганец, алтын, күміс, мұнай жөне т.б. пайдалы қазбалар кездеседі. Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлылығы орталықта орналасуында, яғни барлық экономикалык аудандармен шектеседі. Пайдалы қазба кен орындарына жақын орналасқан, аумағы транзит жолының үстінде және көлік қатынасы жақсы дамыған. Аудан шекарасының басқа республикалармен шектеспеуі ауданның сыртқы байланысының дамуына, ал климатының қуаң болуы ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайсыз әсер етеді. Климаты шұғыл континенталды, қысы суық, боранды желдер жиі болып тұрады. Жылдық түсетін жауын-шашын мөлшері шамамен 250 мм Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 160 күн. Осындай агроклиматтық жағдай ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға кері әсерін тигізуде.

                                     

3. Табиғат ресурстары

Орталық Қазақстанды минералды ресурстардың қазынасы десек те болады. Бұл ауданда пайдалы казбалардың алуан түрі және үлкен қоры шоғырланған. Жер койнауындағы көмірдің мол қоры Қарағанды көмір алабында орналасқан. Сонымен бірге 100% кокстелетін көмір де осында. Мыс кен орындары Балқаш маңы мен Жезказғанда, марганецтің 100%-ы Атасу және Жезді кен орындарында шоғырланған. Сонымен бірге мұнда сирек металдар да кездеседі. Вольфрам мен молибденнің негізгі кен орындары Жоғары Қайрақты, Көктенкөл, Солтүстік Қатпар,Қараоба және Оңтүстік Жауырда орналасқан. Оңтүстік Торғай мұнай газ алабында мұнай мен газдың 3 кен орны анықталып, барлау жұмыстары жүргізілді. Соныменбірге кенсіз пайдалы қазбалардың қоры анықталып, әсіресе құрылыс материалдары көптеп шоғырланған. Аудан жеріндегі пайдалы қазбалардың ерекшелігі - олардың бір-біріне жақын орналасуында.

                                     

3.1. Табиғат ресурстары Су ресурсы

Орталық Қазақстанның оңтүстік шығысында Балқаш көлі орналасса, қалған аумағында Қарасор, Қыпшақ және т.б. ұсақ көлдер кездеседі. Олардың дені ащы көлдер.Судың жетіспеуі өнеркәсіп жөне ауыл шаруашылык салаларын дамытуға кедергі болуда. Сумен камтамасыз ету үшін Ертіс - Қарағанды - Жезқазған су қоймалары және канал салынды.

                                     

3.2. Табиғат ресурстары Орман ресурсы

Орталық аудан орман ресурсына тапшы аудандардың бірі, негізгі ормандары суды қорғауда және рекреациялық мақсатта маңызды рөл атқарады. Негізгі ағаш түрлері - қарағай,қайың жөне көктерек. Табиғаттың әсем жерлерін сақтау максатында Қарқаралы ұлттық паркі ашылған.

                                     

3.3. Табиғат ресурстары Қызықты жағдайлар

  • 4. Орталық Қазақстан марганец жез кенінің барланған қоры бойынша дүние жүзінде 3-орында, ал ТМД елдері арасында Украинадан кейін 2-орында. Кеннің негізгі коры Атасу кенді ауданында және Сарысу-Теңіз кенді ауданында "Түр", "Богач" шоғырланған.
  • 1. П.И. Шангин Алтай таулы округінің маркшейдері Сарыарқаның табиғатына сипаттама бере отырып, аймактың қорғасын мен мыс кендеріне бай екендігін және оларды өндірген ежелгі ошақтарын, 1816 жылғы зерттеу барысында жазып кеткен.
  • 2. XIX ғасырдың ортасында байлық іздеген кәсіпкерлер бірінен соң бірі келіп 85 кен орнын игерген. 1895 жылы бір ғана Қаркаралы уезінде 311 кеніш игерілген.
  • 3. 1940 жылға дейін Қарағанды кемір алабында 22 шахта жөне 1 көмір кесіндісі Федоров салынды. Бұл өндіріс орындары тек ауданның ғана емес, бүкіл Қазақстанның индустриалды дамуына септігін тигізді. Қарағанды Ресейдің Еділ маңы жөне Орал экономикалык аудандарын, Башқұртстан республикасы мен Орынбор облысын көмірмен қамтамасыз еткен. Ұлы Отан соғысы жылдары Қарағанды көмірі бүкіл елімізді отынмен камтамасыз етті.


                                     

4. Халқы

Орталық Қазақстанның халқы ұзақ уақытқа дейін аз қоныстанған аудан ретінде белгілі болатын. Ұлы Отан соғысына дейін және тың жерді игеру кезінде Кеңес өкіметінің батыс аймақтарынан славян ұлт өкілдері келіп коныстана бастады. Соның нөтижесінде славян халықтарынын, саны көбейді. Қазіргі танда Орталык Қазақстанда 115 ұлт өкілінен 1.3 млн адам тұрады.Ауданның 11 каласында 1 134 мың адам тұрады, оның 453 мыңы Қарағанды қаласында жалпы аудан халқының 34%. Екінші орында Теміртау қаласы 170 мың, республикамыздағы ең жоғары урбандалған экономикалық аудан 85%.Ауыл халкы біркелкі орналаспаған. Халықтың тығыз орналасқан аймақтарына - ауданның солтүстігі, өзен алаптары, ірі темір жол тораптары жөне су қоймаларының маңы жатады. Жұмыссыздық санының мөлшері қазір 6.9%-ды құрайды. Экономикалық, белсенді халықтың үлесі - 70%.Соңғы кездерде білім және денсаулық саласына бөлінетін қаржы көлемі 1.5 есеге көбейді.

                                     

5. Өнеркәсібі

Орталық Қазақстан - республикамыздағы ірі индустриалды аудандардың бірі. Жалпы ауданның аймақтық өнім шығарудағы үлесі 9%-дан астам. Кен орындарының барланған қоры - отын, электр куаты, металлургия өнеркәсібін дамытуға мүмкіншілік береді.Ауданда ірі тау-кен металлургия кешені калыптасқан. Оның құрамына тау-кен өндірісі салалары мен кара және түсті металлургия кәсіпорындары, көмір өнеркәсібі кіреді. Аудан экономикасында отын өнеркәсібі маңызды рөл атқарады. Мемлекетіміздің маңызды көмір базасына Қарағанды тас көмір алабы жатады. Онда республикада өндіретін тас көмірдің 32%-ы ендіріледі.Қара металлургия өнеркәсібінің дамуы Теміртау каласындағы толық циклді комбинатқа байланысты. Комбинатта шойынның 100%-ын, болаттың 97%-ын шығарады. Қуаттылығы жөнінен ТМД көлеміндегі металлургия кәсіпорындарының арасында 7-ші орында.Түсті металлургияда карқынды дамығаны мыс ендіру саласы,бірақ басқа да түсті металдардың коры аз емес. Ірі тау-кен металлургия комбинаты Жезқазғанда Қазакстандағы ірі комбинат және Балқашта салынған. Бұл жерде өндіру, байыту және шақпақталған мысты алу кешенді түрде дамыған. Мыстың мұндай түрі тек Орталық Қазақстанда шығады Орталық Қазақстан аумағында Қарағанды-Теміртау АӨК және Балқаш-Жезқазган өнеркәсіп тораптары орналасқан. Бір-бірімен жоғарғы электр желісі арқылы және темір жолмен байланысады.Қарағанды- Теміртау АӨК ең қуаттысы көмір өнеркәсібінің негізінде қалыптаскан. Орталығы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинаты. АӨК-нің құрамына өнеркөсібі дамыған Абай, Саран, Шахтинск калалары, қала типтес Долинка, Шахан, Топар жөне т.б. кенттер кіреді.Бұл кешенде металды көп кажет ететін машина жасау және негізгі химияның салалары дамыған.АӨК-ні сумен Ертіс - Қарағанды каналы жөне Нұра су қоймасы камтамасыз етеді.Балқаш және Жезқазган өнеркәсіп тораптары, толық циклді мыс өнеркәсібінің дамуына байланысты қалыптасқан тау-кен байыту комбинаты жұмыс істейді.Орталык Қазакстанның өндіріс салалары көбінесе қоршаған ортаға қолайсыз әсер етеді. Зиянды калдықтарды азайту үшін кәсіпорындар өнімдерінің калдығын химия өнеркәсібінде пайдаланады. Жезқазған және Балқаш қалаларында күкірт кышқылы өндірілсе, Теміртау қаласында азот тыңайткышы, тас көмір шайыры,бензол шығарылады.Қожды құрылыс материалы ретінде және цементке қосуға пайдаланады.Күкірт қышқылын өндіруден Орталык Қазақстан Шығыс Қазақстаннан кейін 2-ші орында.



                                     

5.1. Өнеркәсібі Электр қуаты саласы

Электр қуаты саласында жылу электр стансалары негізгі рөлді атқарады. Қарағанды МАЭС-і жәнө Теміртау, Балқаш ЖЭО-ы орталық ауданның көсіпорындарын, сонымен бірге оңтүстік экономикалық ауданының кейбір кәсіпорындарын электр куатымен қамтамасыз етеді

                                     

5.2. Өнеркәсібі Машина жасау саласы

Машина жасау өндірісі көмекші салалардың рөлін атқарады. Қарағанды тау-кен жабдығы машина зауыты - металлургия кәсіпорындарына арналған тау-кен шахта құрал-жабдықтарын шығарады. Сондықтан да ауыр өнеркәсіп Орталық Қазақстанда жетекші орынға ие.Ауыр өнеркәсіп салаларының кешенін толықтырушы кәсіпорындарға жеңіл жөне тамақ өнеркәсібі жатады. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары тігін, токыма, аяқ киім бұйымдарын шығарады. Көлік түрлеріне келетін болсақ, негізгі рөлді темір жол атқарады. 1930 жылдары салынған Астана - Қарағанды - Мойынты - Шу темір жолы тек орталықтың емес, солтүстік ауданның да отын өнеркәсібін және басқа салаларын дамытты. Осы темір жол магистралінен бөлініп кен орындарына тартылған жолдар түсті және қара металлургияның дамуына түрткі болды.Темір жолмен катар автомобиль жолдары да жақсы дамыған. Автомагистральдар аудан ішіндегі және көршілес аудандардың ірі өнеркәсіп орындарын Қарағанды - Теміртау,Қарағанды - Балқаш - Алматы байланыстырады.



                                     

6. Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға ауданның солтүстік бөлігі қолайлы. Негізінен астық тұқымдастардан жаздық бидай, арпа, тары, техникалық дақылдардан күнбағыс және бау-бақша мен картоп егіледі. Сонымен бірге ірі қара, жылқы, кой, шошқа өсіріледі.Ауданның оңтүстігіндегі жерлер тек кана мал жайылымына жарамды. Әсіресе қой бағылады. Орталық Қазақстан ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз ете алмағандықтан сырттан әкеледі.Ауыл шаруашылығына, әсіресе солтүстігіндегі тыңайған жерлерге жел эрозиясы үлкен зиян келтіріп отыр.

                                     

7. Экологиялық проблемалары

Республика аймағында бірнеше ірі экологиялық қолайсыз аймақ болса, соның бірі - Қарағанды облысы орталық аудан. Экологиялық тепе-теңсіздіктің негізгі көзі: ауаның, судың және топырақтың ластануы, өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен және аумағының Семей полигонына жақын орналасуынан. Көптеген пайдалы қазбалардың кен орындарында тиісті экологиялық талаптарды орындамай пайдаланғаннан кейін ашық күйінде тастап кеткен немесе істен шығарылған. Бұл да қазіргі кезде қоршаған ортаға өз зиянын тигізуде. "Байқоңыр ғарыш айлығынан ұшырылған "Протон" зымырантасығышы 1999 жылы екі рет құлап, Қарқаралы, Жаңаарқа аудандарының жері мен ауасын гептил отынымен улады.

                                     

8. Қалалары

Аудандағы қалалардың дені өткен ғасырдың 1930-1940 жылдары салынған. Қалалар пайдалы казбалардың игерілуіне байланысты пайда болды. Кейіннен зауыт-фабрикалар салынды.

  • Теміртау 170 мың адам - Қарағандының серіктес қаласы. Қаланың тарихы 1905 жылдан басталады. Нүра өзенінің сол жағалауында алғашқы көшіп келгендер орналаса бастады.
  • Балқаш 74 мың адам - Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы өнеркәсіпті кала. Қалада республикамыздағы ең ірі кәсіпорындардың бірі - Балқаш мыс комбинаты бар. Қала 1937 жылы мыс балқыту зауытының салынуына байланысты іргесі қаланған маңызды түсті металлургияның орталығы. Комбинат мыс және күкірт қышқылын шығарады.
  • Жезқазған - мемлекетіміздің негізгі мыс балкыту орталығы болып есептеледі. Мұндағы кен байыту фабрикасы мен мыс балқыту зауыты мыстан басқа республикамыз бен ТМД елдерінің зауыттарына қажет корғасын концентратын шығарады.Мыс балқыту өнеркәсібінен баска к рылыс кәсіпорындары,
  • Қарағанды 453 мың адам. Мемлекетіміздегі жас калалардың бірі, ол экономикалық өлуеті жағынан республикамыздағы жетекші қалалардың қатарында. Халық арасында Қарағанды "Кеншілер шахтерлер қаласы" деп аталады. Тарих тұрғысынан қарасақ алғашқы елді мекен 1.5 ғасыр бұрын көмір кенін игеруге байланысты пайда болған екен.

тоқыма, тігін фабрикасы жөне ет комбинаттары жұмыс істейді.

                                     

8.1. Қалалары Сен білесің бе?

  • 1. Ұлы Отан соғысы жылдарында ер адамдардың дені әскер қатарына шақырылғандықтан, шахталарда әйел-қыздардың саны 20 000-ға жетіп, 29 өйелдер бригадасы жұмыс істеді.
  • 2. Өткен ғасырдың 30-жылдарына дейін Орталық Қазақстанда балалармен темір жол катынасы болған жок. Аумактың негізгі бөлігінде мал шаруашылығы дамыды. Аудан даму қарқыныи бірінші бес-жылдықта Орал-Кузнецк комбинатын кокстелген кемірмен камтамасыз ету кезінде алды.
  • 3. 1930 жылдары Қ.И. Сәтбаев Қаражал ауданынан ірі темір кен орнын тапқан кезде Қарағанды маңынан қазақ металлургия зауытын салу идеясын айтқан болатын. Тек 1944 жылдың желтоқсанында алғащқы Қазақстан болаты алынды. Ал 1978 жылдын,қаңтарында жалпы өндірілген көмірдің келемі 1 млрд тоннаға жетті.
                                               

Кеңесшілік-диагностикалық орталық

Кеңесшілік-диагностикалық орталық, Батыс Қазақстан облыстық медициналық мекеме. 1994 ж. Орал қаласында ашылды. Орталықтың консультативтік, диагностикалық, ультрадыбыстық зерттеу, эндоскопиялық, лабораториялық, компьютерлік томография бөлімшілері, рентген кабинеті бар. Орталыққа Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Б.Ахметов жетекшілік етеді. Сондай-ақ мұнда Л.И.Ястребова, М.К.Исмагулов, Т.А.Ламзина, А.Н.Бахаев, Е.М.Еалиулина сияқты тәжірибелі, білікті маман-дәрігер жұмыс істейді.

                                               

Филиаларық есеп айырысу

Филиаларық есеп айырысу - Елдің заңнамасына және орталық банкінің нормативтік құжаттарына сәйкес құрылған несие ұйымының филиалдары – оқшауландырылған бөлімшелері арасындағы есеп айырысу. Филиалдардың несие ұйымының жиынтық теңгерімінің құрамдас бөлігі болып табылады. Өзара есептесі үшін филиалдарға басты несие ұйымының теңгерімдеріне арнаулы шоттар - Филиаларық есеп айырысу шоттары ашылады.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →