Топ-100
Back

ⓘ Жәнібек, Батыс Қазақстан облысы. Басқа мағыналар үшін Жәнібек деген бетті қараңыз. Жәнібек - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл, аудан және Жәнібек ..



                                               

Қамысты ауылдық округі (Батыс Қазақстан облысы)

Басқа мағыналар үшін Қамысты ауылдық округі деген бетті қараңыз. Қамысты ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы әкімшілік бірлік.

                                               

Ұзынкөл ауылдық округі (Жәнібек ауданы)

Басқа мағыналар үшін Ұзынкөл ауылдық округі деген бетті қараңыз. Ұзынкөл ауылдық округі – Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы әкімшілік бірлік.

                                               

Жәнібек кәсіптік мектеп

Жәнібек кәсіптік мектеп - Жәнібек атындағы кәсіптік білім беретін оқу орны. 1934 ж. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы МТС жанынан ашылған. 1935 ж. механизатор мамандар даярлайтын мектепке айналды. 1941 ж. мектеп Тасқала ауданының "Главный" селосына көшірілді, бірақ жергілікті МТС жанындағы механизаторлар курсы жұмысын жалғастыра берді. 1952 ж. Жәнібек орта кәсіптік-техниклық мектебі 32-Орал училещесінен бөлініп шығып, "9-Жәнібек орта кәсіптік-техникалық мектебі" деп аталады. Онда облыстың Казталов, Жаңақала, Бөкей ордасы аудандарынан, Молдавия, Чувашия және т.б. республикалардан оқушыл ...

Жәнібек (Батыс Қазақстан облысы)
                                     

ⓘ Жәнібек (Батыс Қазақстан облысы)

Басқа мағыналар үшін Жәнібек деген бетті қараңыз.

Жәнібек - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл, аудан және Жәнібек ауылдық округі орталығы, темір жолы стансасы.

                                     

1. Географиялық орны

Облыс орталығы - Орал қаласынан батысқа қарай 440 км жерде, ақ жусан аралас шөл бидайық, көкпек, бұйырғын өскен, сортаң, cop келген қоңыр, бозғылтқоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

                                     

2. Тарихы, кәсіпорындары

Іргесі 1904 жылы қаланған. Жәнібекте май, нан зауыттары, элеватор, жанармай, ауыл шаруашылы техника бірлестігі, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, құрылыс, көлік, т.б. кәсіпорындары, 11 шаруа қожалығы мен серіктестіктер, өндірістік кооперативтер ұйымдастырылған.

                                     

3. Инфрақұрылымы

Жароков атындағы орта мектеп, А. Оразбаева атындағы орталау мектеп, жалпы білім беретін мектеп-интернат, мәдениет үйі, ауданы аурухана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар. Жәнібекте Азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға обелиск-ескерткіш, Қазақстан партия және мемлекеттік қайраткері Алма Оразбаеваға мемориал-тақта, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметоваға, әскери-саяси басшы Х.Халиуллин және қазақ ақыны Тайыр Жароковқа ескерткіштер орнатылған. Ауыл арқылы Астрахан-Саратов темір жолы өтеді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль және темір жол арқылы қатынасады.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →