Топ-100
Back

ⓘ Қазақ мемлекеті - Ильхан мемлекеті, Ташкент хандығы, Қазақ хандығы, Юебань мемлекеті, Тахирилер мемлекеті, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы ..



                                               

Ильхан мемлекеті

Ильхан мемлекеті, кейде Хулагу мемлекеті, - Шыңғыс хан империясының ыдырауы нәтижесінде 1256 - 1353 жылдар аралығында Таяу және Орта Шығыста өмір сүрген мемлекет. Негізін Шыңғыс ханның Төледен туған немересі Хулагу хан қалады. Мемлекет билеушілері Хулагу әулетінен шығып, Ильхан, яғни Ел, Ұлыс ханы атанды. Ильхан мемлекеті құрамына қазіргі Иран, Ирак, Ауғанстан, Түрікменстан, Кіші Азияның шығыс бөлігі, Әзірбайжан мен Армения бағынды. Грузия, Трапезунд империясы, Кипр корольдігі тәуелділікте болды.

                                               

Ташкент хандығы

Ташкент хандығы - Орта Азиядағы ортағасырлық қазақ мемлекеті. Хандықтың тарихын бірнеше кезеңге бөлуге болады: Қазақ хандығының вассалы. Тұрсын Мұхаммед ханның тәуелсіз билігі. Бұхар хандығы құрамында.

                                               

Қазақ хандығы

Қазақ хандығы, قازاق حاندىعى, Qazaq Handyǵy - бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархияға негізделген. Мемлекет басшысы - хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын. Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы.

                                               

Юебань мемлекеті

Юебань мемлекеті, Иобан мемлекеті – Балқаш көлінен солтүстікке қарайғы жерде ғұндардың құрған мемлекеті. Юебань мемлекеті жайындағы алғашқы дерек" Уи патшалығының тарихы” мен" Солтүстік патшалықтар тарихы батыс өңір шежіресінде” кездеседі. Осы кітаптың" Иобан мемлекеті тарауында” былай дейді:" Иобан елі. тегінде ғұндардың солтүстік тәңірқұтының қол астындағы тайпалар еді. Хань патшалығының арбалы армия генералы Душан өкшелей қуған солтүстік ғұн тәңірқұты Алтын таудан өтіп, қаңлы еліне барған. Олардың болдырып, көшке ілесе алмағандары Күшардың солтүстік жағындағы ұлан-байтақ өңірде қалып қо ...

                                               

Тахирилер мемлекеті

Тахирилер мемлекеті 821 – 873 ж. Хорасанда құрылды. Араб халифатындағы ағайынды Әмин мен Мәмүннің тақ үшін күресінде соңғысының жеңуіне көмектескен ирандық қолбасшысы Тахир ибн Хусейн негізін қалаған. Берген көмегі үшін Мәмүн Хорасанды оның жеке меншігіне берді. Көп ұзамай Тахир ибн Хусейн Хорасанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Оның балалары Тәлїе, кейіннен Абдолла мемлекеттің іс жүзінде дербестігін нығайта түсті. Абдолланың кезінде мемлекет астанасы Нишапур қаласы болды. Сөз жүзінде тахирилер мемлекеті аббасилік халифтің вассалы болып есептелгенімен, іс жүзінде ішкі-сыртқы саясатта де ...

                                               

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы - бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы - жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. ...

                                               

Темір мемлекеті

Темір мемлекеті–Темір әулетінің мемлекеті.14ғасырдың 70 жылдарынан 15ғасырдың басына дейін Орта Азия мен Иран жерінде болған феодалдық мемлекет.Моңғолдар жаулап алған жерлерде билеуші топтардың ішкі қайшылықтары,моңғол мемлекеттірінің саяси–экономик,іргесі берік болмауы,бәрінен бұрын жергілікті халықтардың ұлт–азаттық көтереілістеріне төтеп бере алмай қираған ортағасырлық мемлекеттердің бірі.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →