Топ-100
Back

ⓘ Биология - Биология, Молекулалық биология, және биотехнология факультеті, ҚазҰУ, Молекулалык биология, Форма, биология, Ғарыштық биология, Класс ..



                                               

Биология

Басқа мағыналар үшін Биология деген бетті қараңыз. Биология көне грекше: βιολογία ; βίος – өмір + λόγος – ғылым - жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым. Биология жанды нәрселерде тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі организмдердің құрылысын, функциясын, өсіп-жетілуін, шығу-тегін, эволюциясы мен Жер бетінде таралуын қарастырады. Бұл ғылым организмдердің классификациясын жасап оларды суреттейді, олардың функцияларына үңіледі, түрлердің қалай пайда болатынын сипаттаумен қатар организм ...

                                               

Молекулалық биология

Молекулалық биология – тіршілік құбылыстарының молекулалық негіздері туралы ғылым; генетика, биохимия және биофизика ғылымдарымен тығыз байланысты. Медицина, а. ш. және биотехнология салаларының теориялық негізі. Негізгі мақсаты – биологиялық ірі молекулалар құрылымын барлық деңгейде зерттеу. 1953 жылы ағылшын ғалымы Ф.Крик және АҚШ биологы Дж. Уотсон ДНҚ-ныңмакромолекуласының құрылымының кеңістіктік моделін жасауы – молекулалық биология ғылымының өз алдына жеке ғылым болып қалыптасуына негіз болды. Қазақстанда молекулалық биология саласындағы ғылыми зерттеулер XX ғасырдың 50-жылдарының ая ...

                                               

Биология және биотехнология факультеті (ҚазҰУ)

Алғашқы жылдары факультетте ботаника және зоология деп аталатын 2 кафедра жұмыс істеп, онда барлығы 22 студент қана білім алды. Келесі жылдары олардың саны артып, өсімдіктер физиологиясы, жануарлар және адам физиологиясы, дарвинизм және генетика, топырақтану, гидробиология және ихтиология, гистология және цитология, микробиология, биофизика, биохимия, табиғатты қорғау кафедралары ашылып, соған сәйкес білім алушылардың саны да артты. Қалыптасқан алғашқы жылдардан-ақ биология факультеті профессор-оқытушылар құрамы деңгейінің өте жоғарылығымен ерекшеленіп келеді. Факультетте А. Н. Бартнев, П. ...

                                               

Молекулалык биология

Молекулалық биология - биология саласы. Ол тіршіліктің молекула сатысындағы қасиеттерін зерттейді. М. б. зерттеулер бірнеше бағыттарда жүргізіледі: генетикалық жүйенің құрылысы мен қызметін және гендік ақпараттардыц іске асуын ; вирус пен торшалардыц молекулалық қарым-қатынастарын ; иммунды реакциялардың зандылықтарын ; белоктар мен нуклеин қышқылдарының кұрылымы мен касиеттерін; торшадағы биополимерлердің түзілуін, алмасуын және қызметтерін зерттеу. М. б. биохимия мен генетиканың түйіскен жерінде ез алдына жеке ғылым болып 50 жылдары бөлініп шықты. М. б. дамуына классикалық генетиканың, м ...

                                               

Форма (биология)

Форма - өсімдік және жануарлар систематикасындағы түр тармағынан төменгі категориялардың бірі. Ботаниктер Форманы әдетте әр түрлік деген үғымнан төменгі категорияны көрсету үшін қолданады. Форма термині кейде таксон деген, яғни систематикалық қай сатыны болса да белгілеу мағынасында да қолданылады. Форма термині биология әдебиеттерінде тек таксономиялық мағнада емес, сондай-ақ даму циклінде, тіршілігіне, түр құрылу және оның динамикасына байланысты әр түрлі ерекшеліктерді айта кету үшін де қолданылады.

                                               

Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі - "Бірінші Президенттің 20 зияткерлік мектептері" деген мемлекеттік бағдарлама бойынша ҚР Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ашылған мектеп. Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 25 ақпанынан бастап өз жұмысын бастады. 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жалпы оқушылар саны – 525 оқушы. Зияткерлік мектептің негізгі мақсаты - сапалы біліммен қамтамасыз ету, оқу үдерісіне инновацияны енгізу, педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру.

                                               

Ғарыштық биология

Ғарыштық Биология – биологияның ғарыш кеңістігіндегі әр түрлі факторлардың тірі организмге әсерін зерттейтін саласы. Ғ. б-ның Қазақстанда дамуы 1945 жылдан басталады. Қазір Қазақстанда Ғ. б. бойынша зерттеулер Табиғи мониторинг, Мақсат бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

Аккомодация (биология)
                                               

Аккомодация (биология)

Аккомодация немесе көзикем - ағзалардың, ұлпалардың және оның жеке бөліктерінің өзгерген жағдайларға бейімделуі. Мысалы: көздің әртүрлі қашықтықта орналастырылған заттарды көруге бейімделуі көз бұршағының дөңестенушінің ұлғайып кішіреюі арқылы реттеледі – ал қараңғыда көруге бейімделуі көз қарашығының диаметірінің үлкеюі арқылы орындалады.

                                               

Класс (биология)

Класс - биологиялық жүйелеудің жоғарғы таксономиялық санаттарының бірі. Ол жақын отряд жануарларын біріктіреді. Мысалға, кемірушілер отряды, насекомжегіштер, жыртқыштар, сүтқоректілер класына біріктірілген. Арғы тегі бір құрылысы жалпы жобаға сәйкес класс жануарлары бір типке біріктірілген. Мысалға, мекенділер, құстар, сүтқоректілер т.б. омыртқалы жануарлар типіне енгізілген.

Идиобластар (биология)
                                               

Идиобластар (биология)

Идиобластар - жалғыз жасушалар. Олар қандай да бір ұлпалар құрамына кіреді. Ұлпалардың жасушалардан айырмашылығы пішінінде, көлемінде, қызметін немесе ішкі құрылысында, жасушаларында оксалат кальцид кристаллы немесе кейбір өсімдіктердің жапырақ қабатты мезофильдерінде кездесетін тасты жасушалары бар.

                                               

Ашытқы (биология)

Ашытқы - азотсыз микроағзалар әсерінен анаэробты жағдайда биохимиялық жағдайға ұшырауы мүмкін саңырауқұлақтар. Бүған спирт, сүт қышқылы, ацетонэтил, ацетонбутил, май қышқылы ашу процестері жатады. Сонымен қатар ашу арқылы көкеністерді, жемістерді және мал азықтарын сүрлеп сақтайды. Бұларға сыра, нан, шарап ашытқылары жатады.

Трансляция (биология)
                                               

Трансляция (биология)

Трансляция - полипептид тізбегінің гендегі аРНҚ негізінде ақпаратқа сай түзілуі. Трансляция болашақ белокқа тән аРНҚ-на жазылған нуклеотидтер кезегін түзілетін белоктардың амин қьішқылдарының кезегіне айналдырады. Бұл жұмысқа аРНҚ-нан басқа рибосомалар, тРНҚ, аминоацил синтетазалар, белоктан тұратын инициация, элонгация және терминация факторлары қосылған күрделі құрамдар қатынасады.

                                               

Nature Cell Biology

"Nature Cell Biology" – жасушалы биология саласына арналған ай сайын жарық көретін ғылыми журнал. 1999 жылдан бері "Nature Publishing Group" баспа үйінде шығарылады. Басылымда жасуша биологиясындағы соңғы жетістіктер жайындағы мақалалар жарияланады. Бас редакторы: Саумья Суоминатан. ISSN: 1097-6256.

                                               

Nature Neuroscience

"Nature Neuroscience" – 1998 жылдан бері "Nature Publishing Group" баспа үйінде ай сайын жарық көретін нейробиологиялық ғылыми журнал. Басылым беттерінде нейробиология саласындағы соңғы жетістіктер жайлы мақалалар жарияланады. Журналдағы зерттеулердің негізгі бағыттары: молекулалық, клеткалық, жүйелік және когнитивті нейробиология психофизика және нерв жүйелерінің аурулары. Бас редакторы: Кальяни Нарасимхан. Қысқартылған атауы: Nat. Neurosci. ISSN: 1097-6256.

Ішкі танау тесік
                                               

Ішкі танау тесік

Ішкі танау тесік - жұтқыншақпен жалғасатын мұрын қуысының шығаберіс тесігі. Хоана тесігі таңдай сүйегінің тік және горизонтальды тақташаларынан түзілген.

                                               

Аббревиация

Аббревиация –– түрдің немесе жеке дара ағзаның онтогенезінде арғы тегіне тән кейбір ерекшіліктерін немесе даму фазаларын жоғалтуы. Бұндай өзгерістер онтогенездің соңғы фазаларында неотения немесе фетализацияда орын алады.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →