Топ-100
Back

ⓘ Қазақстан географиясы - Қазақстан географиясы, Өнеркәсіп географиясы, Транспорт географиясы, Қазақстандағы уақыт, Ұлжалғас Әмзеқызы Есназарова, Қазақстан ..



                                               

Қазақстан географиясы

Қазақстан республикасы Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан. Республиканың жерінің ауданы - 2 727 300 км². Жер шарының халық мекендеген кұрлық бөлігінің 2%-ы және Еуразия ауданының 5%-ы елдің үлесіне тиеді. Аумағының өлшемі жөнінен ол әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді және ішкі құрлықтық мемлекеттердің ең ірісі болып саналады. Жерінің көлемі жөнінен дүние жүзінде 9-шы орын алады. Жалпы аумағы бүкіл жер шары көлемінің 2%-ын, Азияның 6.1 %-ын құрайды. Еуразия құрлығында Ресей, Үндістан, Қытайдан кейін төртінші орында, ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында тұр.

                                               

Өнеркәсіп географиясы

Өнеркәсіп географиясы - 2011 жылы Алматы қаласы "Дәуір" баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы - Т. О. Уәлиев, Д. І. Жангельдина, Қ. Сарқытқан, Н. М. Тұрғымбекова. Беттер саны - 376. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасынан тіркелу кезінде берілген ISBN нөмірі - 978-601-217-237-9.

                                               

Транспорт географиясы

Транспорт географиясы – географиялық еңбек бөлінісінің негізгі саласы. Көліктік тасымалдың аумағы мен құрылымы, көлік желісі мен жүк тасқындарының географиясы өндіргіш күштердің орналасуын көрсетеді, көлік үдерісті сипаттайтын экономикалық географияның тарауы. Көліктің өзі де кәсіпорындарының, салалардың, аудандардың және елдердің мамандануы мен кооперациялануына жағдай туғыза отырып, осы орналасуға пәрменді ықпал жасайды. Соның арқасында көлік қандай болсын өндіріс үрдісінің табиғи жалғасы қызметін атқарады. Бүкіл қатынас жолдары, көлік кәсіпорындары және көлік құралдары қосылып, дүниежүз ...

                                               

Қазақстандағы уақыт

Қазақстан бесінші, алтыншы уақыт белдеуінде жатыр. №775 "Қазақстан Республикасы аумағында уақытты есептеп шығару туралы" қаулысына өзгерістер енгізілген. Бұл өзгерістер бойынша Қазақстан Республикасы аумағы IV және V уақыт белдеулерінде орналасқан. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстары IV белдеуде, ал қалған облыстар V белдеуге жатқызылған. Бұлардың барлығы "облыстарда жұмыстарды жеңілдету, еліміздің бірыңғай энергожүйесінің жұмысының тиянақтылығын қамтамасыз ету, телеқатынас жүйелерінің ішкі және сыртқы көлік жүк тасымалының үйлесімділігі үшін" жасалған. Қаулы об ...

                                               

Ұлжалғас Әмзеқызы Есназарова

Есназарова Ұлжалғас Әмзеқызы 3 қаңтар 1954 жылы, ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келді. ғылымдарының докторы.№138 гимназияның география пәні мұғалімі және "Өрлеу" АҚ РИПКСО профессоры, ҚР Білім Министрлігінің 10.09.1991 ж. №386 арнайы бұйрығымен құрылған Республикалық атаулы география мектебінің ғылыми жетекшісі

                                               

Қазақстан

Басқа мағыналар үшін Қазақстан деген бетті қараңыз. Қазақстан Қазақстан, толық атауы Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы - Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3 000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені. Қ ...

Айырқызыл
                                               

Айырқызыл

Айырқызыл – Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы. Торғай қолатының оңтүстік-батысындағы, теңіз деңгейінен 130 м биік, құмды алқап. Ұзындығы 32 км, ені 14 км. Жалпы аумағы 284 км 2. Жүзген, құмыршық, ақ селеу, еркек шөп, ақжусан, жиде т.б. шөп өседі. Айырқызыл жыл бойғы мал жайылымы.

Аралқұм (құм, Ақсу ауданы)
                                               

Аралқұм (құм, Ақсу ауданы)

Басқа мағыналар үшін Аралқұм деген бетті қараңыз. Аралқұм – Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Лепсі мен Басқан өзендері аралығында орналасқан қырқалы төбешікті құм. Өзен аңғарымен ұласқан жерлерінде жыңғыл, баялыш, бұйырғын, құрақ, жүзгін, қоянсүйек, жусан, селеу, т.б. өседі.

                                               

Ақсай (сай)

Ақсай – Солт. Үстірттің шығысында 15 км жерде орналасқан өзек. Сай бойында бірнеше бұлақтар мен құдықтар бар. Бұлақтар сай түбінде, құдықтар беткейінде орналасқан. Құдықтар суы кермек татиды; Солт. Үстірттегі Айрақты тауының солт шығысындағы сай. Басы 5 тарам болып басталады. Етегі борпылдақ сортаң топырақты жазық.

Лөкқұм
                                               

Лөкқұм

Лөкқұм – Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құм. Қау, жусан, теріскен, жүзгін, ақ сексеуіл, өзен жағалауында құрақ, қамыс өседі.

                                               

Матайқұм

Матайқұм - Үстірттің солт. бөлігіндегі құм. Теңіз деңгейінен биікт. 70 - 80 м. Асмантай-Матай сорының оңт-нде батыстан шығысқа қарай 40 км-ге созылып жатыр, енді жері 12 км-ге жетеді. Ауд. 300 км². Төбешікті құм асты төм. сарматтың әктас сазынан түзілген. Көпшілік жерінде тұщы грунт сулары 1 - 12 м тереңдікте кездеседі. М-да еркекшөп көп өседі. Оңт-нде Матай а. орналасқан.

                                               

Орал алды үстірті

Үстірттің орташа биіктігі 100 м-ден 300 м-ге жуық. Ол солтүстік-шығысында біраз биіктейді де, солтүстікке, батысқа және оңтүстікке қарай араласып, төбелі-жонды жазыққа ұласып кетеді. Орал алды үстіртін Жем өзені салалары мен бірнеше ұсақ өзендер кесіп өтеді.

                                               

Құмкөл (кеңшар)

Құмкөл – Қорғалжын ауданының солтүстік-батысында орналасқан кеңшар. 1984 жылы Арықты кеңшары мен Қорғалжын ауданындағы мамандандырылған шаруашылық бірлестігі негізінде ұйымдастырылды. Кеңшар негізінен қой шаруашылығы және астық өндіруге маманданған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын жер көл. 53327 га. Оның ішінде егістік 14464, жайылымдық 37701, шабындық 162; қой саны 9502 бас. Балабақша, орта мектеп, кітапхана, клуб, 2 дүкен, т.б. нысандар бар.

                                               

Құмсуат (жарқабақ)

Басқа мағыналар үшін Құмсуат деген бетті қараңыз. Құмсуат – Арал теңізінің батыс жағалауындағы жарқабақты жер. Абсолют биіктігі 108 м. Ақтөбе облысы жеріндегі Құмсуатта құдық, ал Қызылорда облысына қарасты шығыс жағында қорым мола бар. Табиғаты өте қатаң, жазы ыстық, қысы суық, сусыз шөл дала. Өсімдік жамылғысын жусан, еркекшөп, әртүрлі бұталар мен эфемерлер құрады. Жер қыртысы олигоцендік саз, құмдық мергельден тұрады. Құмсуаттың жерін жаз айларында жайлауға ғана пайдаланған.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →