Топ-100
Back

ⓘ Қазақстан тарихы - Қазақстан тарихы, порталы, Қазақстан мектептерінің тарихы, Егемен Қазақстан, этникалық зерттеулерде: Керейт, этникалық зерттеулерде: Кердері ..



                                               

Қазақстан тарихы

Б. з. б. 2 млн 500 жылдан Б. з. б. 3 мың жылдыққа дейін - Тас дәуірі Б. з. б. 2 млн 500 жылдан 45-35 мың жылға дейін - палеолит. Б. з. б. 2.6 млн жылдан - 100.000 жылға дейін - Төменгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 300 - 30 мың жыл бұрын - Орта палеолит дәуірі. Б. з. б. 50 - 10 мың жыл бұрын Кейіңгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 10-15 мың жыл бұрын - Мезолит дәуірі. Б. з. б. 15-3 мың жыл бұрын - Неолит дәуірі. Б. з. б. 3-2 мыңжылдықтар - Мыстас дәуірі. Б. з. б. 35 / 33 - 13/11ғасырлар - Қола дәуірі. Б. з. б. XV-XIII ғасырлар - Андронов мәдениетінің кезі. Б. з. б. VIII ғ. - Темір дәуірінің басы.

                                               

Қазақстан тарихы порталы

Қазіргі уақытта Порталда мыңнан аса кітап архивтік құжаты мен зерттеуші ғалымдардың мақалалары топтастырылған. "Е-ресурс" бөліміндегі кітапхан мен архив айдарларында республикаға танымал тарихшылар, этнографтар, археологтар, архивистер еңбектері орналасқан. Порталдағы кітаптар онлайн түрде Pdf жүйесі форматында жариялануда. Порталда "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл", "Әлихан Бөкейхан 150 жыл", "Болашақ Қазақстан", "Ұлы Дала", "Фольклор", "Тарихшының бір күні", "Театр тарих әлемінде", "Ядролық қарусыз әлем – басты мақсатымыз", "Қиырдағы қазақтар", "#Абай175", "Қазақстан тарихы кезеңдері" сы ...

                                               

Қазақстан мектептерінің тарихы

Қазақстан аумағында, әсіресе отырықшы аудандарда 7-8 ғасырлардың өзінде-ақ мектептер мен медреселер, сонымен қатар діни білім беретін орта оқу орындары жұмыс істеген. Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан және басқа да қалаларда 84 медресе болған. Онда 5 мыңдай оқушы оқыған. Ауылдық мектептер әртүрлі елдімекендерде орналасқан, онда молдалар сабақ берген. Балалар тек қысқы және күзгі мезгілдерде ғана оқыған. Мектепке 7 жастан қабылдап, 4 жыл оқыған. Оқу негізінен араб тілінде Құран аяттарын жаттаумен шектелдi. Қалалық медреселерде бастауыш мұсылман мектептерінің молдадарын, сонымен қатар қазыл ...

                                               

Егемен Қазақстан

"Егемен Қазақстан" - Қазақстан Республикасында шығатын республикалық газет. Тарихы, беделі, қоғамдық пікірге ықпалы және таралымы жөнінен "Егемен Қазақстан" газеті қашанда Қазақстандағы нөмірі бірінші қазақтілді басылым болып келді. Бейресми түрде ол елдің бас газеті деп аталады.

                                               

Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде: Керейт

Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде: Керейт - 2011 жылы Алматы қаласы "Алаш" баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы - Х. М. Ғабжалилов. Беттер саны - 367. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасынан тіркелу кезінде берілген ISBN нөмірі - 9965-765-41-3.

                                               

Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде: Кердері

Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде: Кердері - 2011 жылы Алматы қаласы "Алаш" баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы - Х. М. Ғабжалилов. Беттер саны - 412. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасынан тіркелу кезінде берілген ISBN нөмірі - 9965-765-42-1.

                                               

"Сауран айналған"

"Сауран айналған" - қазақ халқы тарихындағы қасіреттің аталуы. Ата-баба қонысынан, туған-туысынан, барлық байлық, мал-жанынан айырған 1723 жылғы қасіретті босу, казак халқында "Ақтабан шұбырынды" аталады. Бүл оқиға Ұлы жүз бен Орта жүзде "Алқакөл сұлама" деп аталса, Кіші жүзде оны "Сауран айналған" ауылы деп те атайды. Яғни бұл Кіші жүз руларының басқыншылыкқа ұшырап, соңынан түскен жауды адастыру мақсатында Сауран қаласын айналып өтіп, ауып кетуін білдіреді.

                                               

Алаш Баһадүр

Алаш Баһадүр - Дешті Қыпшақтың атақты батырларының бірі, аймақ билеуші." Тарихи Абулхайрханида” тұтқыннан босап шығып, 1428 жылдың желтоқсан - наурыз айларында Алаш Баһадүр жұртында болады. Дерек авторы Масуд ибн Осман Кухистани Алаш Баһадүрдың ең қуатты тайпалардың бірін билегенін айтады. 1429 ж. 17 жасында хан болып сайланған Әбілқайыр көрсеткен еңбегі үшін Алаш Баһадүр-ға және оның аймағына сыйлық береді. Өзінің жарлығымен Алаш Баһадүрды аймақ билеушісі етіп қалдырады.

                                               

Алтынемел, Көшентоған

Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс сілемінде, Алтынемел және Матай тауларынан басталатын Байғазы және Дос өзендерінің бастауында орналасқан. Оңтүстік-батысында Жүзасу 1474 м, оңтүстік-шығысында Алтынемел асуымен шектеледі. Алтынемел мекені Ш.Ш.Уәлихановтың өмірімен тығыз байланысты. Ол өмірінің соңғы жылдарын 1855–1865 Алтынемелде өткізді, сонда жерленді. Ғалымның Алтынемелдегі зираты басына 1985 жылы ескерткіш-белгі орнатылып, тарихи-мемориалдық мұражай ашылды.

Атқосшы
                                               

Атқосшы

Атқосшы - дәулетті адамның жанына алған ат күтушісі, жәрдемшісі. Ол құрметті адам жолға шыққанда қасына еріп қызметінде болады. Аялдаған жерінде атты күтеді. Ерттеп даярлап тұрады, мәртебелі кісінің өзге де тапсырмаларын орындайды.

                                               

Бименде Ерденұлы

Бименде Ерденұлы, ел билеген, болыс болған, ислам жолын ұстаған адам. Ерден Сандыбайұлының бел баласы. Ерден дүние салғаннан кейін 30 жылға тарта болыс болған. Омбыда патша мұрагерлерінің тойына қатысқан. Бименде 50 жасқа келген шағында болыстықты тастап,таза дін жолына түскен. Меккеге қажылыққа барып, ақыры көп пайғамбарлар жатқан Байтулладан топырақ бұйырады. Бименде өте нұрлы адам болған деген аңыз бар.

                                               

Ер Қосай (ру)

Ер Қосай - қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүз құрамындағы уақ тайпасынан таратылады. Ер Қосай-тарихта болған адам есімі. Ол Ер Көкше батырдың баласы. Ер Қосай Қаракөз, Көкшекоз, Қарабас, Қаракерей, Шоқа, Әжібек, Абрай, Бидалы, Жансары, Баржақсы, Шайкөз, Есен, Қазы, Жауқашар аталарына болінеді. Ұраны - Жаубасар. Таңбасы- бақан, ашамай

                                               

Жікіл (тайпа)

Жікіл, шігіл – ежелгі түркі тайпасы. 7 – 12 ғасырлар аралығында Оңтүстік Тарбағатайдан Жетісуға қоныс аударған. Орталық қаласы Жікіл болған. Махмұт Қашқари Жікіл қаласын сипаттай келіп, бұл кент Жікіл тайпасының орталығы болғанын айтады. Қала ірге көтергеннен кейін оған келіп қоныстанған басқа тайпалардың өкілдері де өздерін" жікілміз” деп атайтын болған.

                                               

Жайық-Каспий өлкесі

"Жайық-Каспий өлкесі" - К.В.Данилевский мен Е.В.Руднецкийдің анықтамалығы. Мұнда өңірдің тарихы, географиясы, экономикасы, табиғаты жөнінде материалдар берілген. Кітапты мектептің жоғарғы класс оқушыларына арнап, 3 мың дана тиражбен Орал губерниясының халыққа білім беру бөлімі шығарған.

                                               

Жайықселоқұрылысы

"Жайықселоқұрылысы" - құрылыс кәсіпорыны. 1955 ж. құрылды. Кәсіпорынның облыс аудандарында 32 құрылымдық бөлімшелері бар. 1958 жылдан "Оралқұрылыс" тресі, 1991 жылдан "Оралселоқұрылыс" өнеркәсіптік құрылыс концерні болды. Қазір "Жайықселоқұрылысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" деп аталады. Негізінен өндірістік, мәдени-тұрмыстық объектілер және тұрғын үй құрылысын салумен айналысады.

                                               

Жилин елшілігі

Жилин Елшілігі - 1717 ж. көктемде Қазан губернаторы Салтыковтың қазақ ханы Қайыпқа жіберген Федор Жилин бастаған елшілігі. Елшіліктің мақсаты екі мемлекет арасындағы сауда қатынасын дамыту болды. Бұл елшілік Т. Култубаев бастаған елшілік топпен қатар жіберілген. Сапар нәтижелі аяқталып, 1718 ж. Ф.Жилин еліне қайтып оралды.

Free and no ads
no need to download or install

Pino - logical board game which is based on tactics and strategy. In general this is a remix of chess, checkers and corners. The game develops imagination, concentration, teaches how to solve tasks, plan their own actions and of course to think logically. It does not matter how much pieces you have, the main thing is how they are placement!

online intellectual game →